![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать неотразимый комплимент
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Ж Математика 6-сынып. Оқушыларға масштаб дегеніміз не ?Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға масштаб дегеніміз не ? және оларды қолдану жөнінде білім алу. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлестірме материалдар. Картотека №5. Сабақтың типі: Жаңа материалды оқыту. Сабақтың түрі: Теориялық білім беру. Қолданылған әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев. «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
. II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау. III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі: 1.Географиялық картада, үйдің жоспары және әр түрлі машиналарды (чертежы) сызбасы т.б. өлшемдері кішірейтіліп беріледі. Мысал: кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1дм 4см .Кітап бетін дәптерге кескіндеу керек.Ол үшін: · өлшемдерін бір өлшем бірлігімен жазу керек. 2дм 1см = 21 см 1дм 4см = 14 см · өлшем мәндерін 7 есе кішірейтейік: Сонда 21 см : 7=3 см. 14 см : 7=2 см · сызбасын салу: Мұны масштабы 1 : 7 немесе 1/7 болатын кітап бетінің кескі. Анықтама:Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп атайды. Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 1000000 болса, онда картадағы 1 см кесіндіге жер бетіндегі 1000000 см = 1000 м =1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше 1 км қашықтық картада 1 см кесіндімен кескінделеді. Есеп-1. Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақашықтық 175 км. Картаның масштабын табыңдар. Шешуі: 175 км =175000 м =17500000 см. 3,5 : 17500000 = 35 : 175000000 = 1 : 5000000. Жауабы: 1 : 5000000 картаның масштабы. Есеп -2.1 : 2500000 масштабпен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар. Шешуі:х- екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы. 6 : х = 1: 2500000; x= 6 · 2500000 = 15000000(см) =150000(м)=150(км). Жауабы: 150 км. Есеп -3. Екі елді мекеннің арақашықтығы 300 км. Масштабы 1 : 7500000 болса, онда ол картада неше сантиметр болады ? Шешуі: х - екі елді мекеннің картадағы кескіні. 300 км = 30000000 см х : 30000000 = 1: 7500000; x =300 : 75= 4 (см) Жауабы: 4 (см). Кішкене жәндіктер, ұсақ бөлшектердің сызбалары үлкейтіледі. Бұл кезде алдыңғы мүше соңғы мүшеден үлкен болады. Мысалы: 5:1; 10 : 1; 25 : 1; 100:1. IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау: 1. Масштаб дегеніміз не? 2. Масштаб қайда және не үшін пайдаланылады? 3. Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең ? V Жаңа материалды№ 178, №179, №180, №182, №184, №186, № 188есептерін шығару арқылы бекіту. № 176, №177 (ауызша) VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге № 181, № 183, № 185,№187 №189. 2) Сабақты қортындылау.
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың масштаб тақырыбынан білімдерін жетілдіру, тиянақтау . Оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека № 5 Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру, тереңдету. Сабақтың түрі: Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген: № 151, № 153, № 155,№157 №159 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: 1. Масштаб дегеніміз не? 2. Масштаб қайда және не үшін пайдаланылады? 3. Егер дененің нақты өлшемі сызбада 10 есе артырса, сызбаның масштабы неге тең ?
IV Сынып жұмысында:№ 161, № 163, №165,№167,№169,№171 есептерді шығару. V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге № 162, № 164, №168,№170, $5 оқу. 2) Сабақты қортындылау.
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кері пропорционал шамалар. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кері пропорционалдық және оның қасиеттері жөнінде білім алу. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №6. Сабақтың типі: Жаңа материалды оқыту. Сабақтың түрі: Теориялық білім беру. Қолданылған әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев. «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
. II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау. III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі: Есеп: Тапсырманы 4 жұмысшы 120 сағатта орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды? Шешуі: 1. Егер тапсырманы 1 жұмысшы 4·120=480(сағ) орындайды. 2. Тапсырманы 8 жұмысшы 480:8=60(сағ) орындайды. 3. Тапсырманы 12 жұмысшы 480:12=40(сағ) орындайды. 4. Тапсырманы 16 жұмысшы 480:16=30(сағ) орындайды. Кестеге толтырсақ:
Кестедегікез-келген мәнің қатнасын және екіншішаманың оған сәйкес екі мәнінің екі мәнінің қатнасын табайық. 16/8=2; 30/60=1/2; немесе 16:8=2; 30:60=1:2. 2 мен ½ кері сандар. Бұл қатнастарды пропорциямен жазатын болсақ: 16/8=60/30; Анықтама: Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе кемитін артатын (артатын) болса, онда шамаларды кері пропорционал шамалардеп аталады. Әріппен жассақ Яғни : Мысал:Тіктөртбұрыштың ауданы 24 см ұзындығы 6 см болса, оның ені 24:6=4 (см), ал ұзындығы 12 см болса, оның ені 24:12=2 (см). 12·2 = 6·4; 24=24; Қасиеті: Анықтама:Егер екі шама бір-біріне керіпропорционал болса, онда бірінші шаманың кез-келген екі мәнінің қатнасына,екінші шаманың сәйкес екі мәнінің қатнасы кері қатнас болады. Кері пропорционал шамалар: · Тіктөртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені; · Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы; · Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдығы мен уақыт; Есеп: Екі қаланың арасын жылдамдығы 40 км/сағ мотоциклмен 3 сағ жүреді. Осы қашықтықты 80 км/сағ жеңіл машина неше сағатта жүреді ? Шешуі: х-жеңіл машинаның жүрген уақыты. Жауабы:1,5 сағ. IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау: 1. Кері пропорционал шамалар дегеніміз не? 2. Кері пропорционалдың қасиеті. V Жаңа материалды№ 173, №175, №177 есептерін шығару арқылы бекіту. VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге № 172, № 174, № 176. 2) Сабақты қортындылау.
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кері пропорционал шамалар. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кері пропорционал шамалар жөніндегі білімдерін жетілдіру тиянақтау. Оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека № 6 Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру, тереңдету. Сабақтың түрі: Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген: № 172, № 174, № 176. есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: 1.Кері пропорционал шамалар дегеніміз не? 2. Кері пропорционалдың қасиеттері. 3. Қандай шамалар кері пропорционал шамалар бола алады ? IV Сынып жұмысында:№ 181, № 183, № 186,№187,№188,№189 есептерді шығару. V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге № 180, № 182, № 184,№185. 2) Сабақты қортындылау.
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кері пропорционал шамалар. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кері пропорционал шамалар жөніндегі білімдерін жетілдіру, тереңдету . Оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека № 6 Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру, тереңдету. Сабақтың түрі: Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. II. Үйге берілген: № 180, № 182, № 184,№185 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: 1.Кері пропорционал шамалар дегеніміз не? 2.Кеірі пропорционалдың қасиеттері. 3. Қандай жағдайда шамалар бір-біріне кері пропорционал шамалар деп аталады ? 4. Кері пропорционалдық қалай жазылады ? IV Сынып жұмысында:№ 190, № 210, № 211,№212,№213 есептерді шығару. V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №206,№208,№222,№203. 2) Сабақты қортындылау.
|