Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экотоксиндерді жүйелеудің ұстанымдары. Қоршаған ортаға экотоксиканттардың түсуінің табиғи көздері





Биосферадағы су айналымы және судың биогеоценоздарға әсері.

Аймақтың геоморфологиялық жай-күйінің тұрғындар денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін бағалаудың көрсеткіштері.

1. Ғалым Реймерстіңм есептеуі бойыша тығыздығы 8г /см –ден асатын металдарды ауыл металдар қатарына жатқызу керек.

Ауыр металдар әдетте аса уытты,мутагендік және концерогенді әсері бар,биоаккумуляциялауға қабілеттім болып келеді.Олардың негізгі сипаттамаларына мыналарды жатқызуға болады:

-организмге немесе қоршаған ортаға өтетін мөлшері;

-әр түрлі формаларының қозғалғыштығы;

-тірі организмдерде жинақталып,ұзақ сақталуға бейімділігі;

-әр түрлі организмдер үшін түрлі уыттылығы.Ауыр металдар организмге тікелей және жанама уытты әсер етеді.

Қоршаған ортаға өтетін ауыр металдардың аса маңызды көздері.Бұлар табиғи және техногендік көздерге бөлінеді.Табиғи көздерге,тау жыныстары,үгілу өнімдері жатады.Бұларға сондай-ақ термалдық су мен тұздықтар,ғарыштық және метеорит шаң тозаңы,орман өрттері жатады. Қоршаған ортаға өтетін ауыр металдардың аса маңызды көздері. Бұлар табиғи және техногендік көздерге бөлінеді. Табиғи көздерге тау жыныстары (шөгінді, магмалық, метаморфтық), үгілу өнімдері (эрозия, жанартау қызметі) жатады. Бұларға сондай-ақ термалдық су мен тұздықтар, ғарыштық және метеорит шаң-тозаңы, жанартау газдары, орман өрттері жатады.Этна жанартауы ғана жылына атмосфераға 365т 130т-қорғасын, 1100т-мырыш, 10т- кадмий шығарады екен. Орман өрттерінен атмосфераға шығарылатын ауыр металдар ғаламшардағы мәні жқнінен жанартау атқылауына теңессе, геохимиялық салдар жөнінен едәуір артық болады деп есептеледі. Алынған мәліметтер орман өрттерінің салдарынан атмосфераға жыл сайын 350000т темір, 250000т мырыш, 350000т- мыс, 6700т- қорғасын шығарылады екен. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер ауыр металдардың қоршаған ортаға өтуінде биологиялық процесттердің рөлін басымдық беруде.

2.Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Табиғаттағы су (ылғал) айналымы— күн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланган ылғал (су) түйіршіктері конденсацияга ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан түсіп отырады

3. Геоморфология (гео... және morphe — пішін және logos — ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. Геоморфология болып бөлінеді. Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен геоморфол. түсірімдер жасалынады. Қазіргі кезде геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы гляциология, тектоника, төрттік геология, вулканология, спелеология, т.б. геогр. және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Жалпы Геоморфология (бедер қалыптасу мәселелерінің барлық кешенін қарастыратын), жеке-даралық Геоморфология (қандай да бір мәселені шешуде маңызы бар бедерді бір немесе бірнеше көрсеткіші бойынша зерттеу), аймақтық Геоморфология (кандай да бір аймақтың немесе бүкіл Жердің бедерін зерттейтін) деп бөлінеді. Геоморфологияның құрамынан құрылымдық Геоморфология, климаттық Геоморфология, теңіз Геоморфологиясы, серпіндік (динамикалық) Геоморфология, қолданбалы Геоморфология (іздесгіру, инженерлік), сондай-ақ палеогеоморфология жеке бөлініп шықты. Геоморфология гляциологиямен, тектоникамен (оның ішінде неотектоникамен), төрттік геологиямен, вулканологиямен, спелеологиямен, карсттанумен және баска географиялық, геологиялық пәндермен тыгыз байланысты. Геоморфологияның деректері пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде, жолдар мен құрылыстарды жобалауда, эрозиямен, дефляциямен, жылжымалармен, селдермен, көшкіндермен және табиғаттың баска да қолайсыз процестерімен күрес шараларын қарастыруда пайдаланылады.


Билет№8







Date: 2016-06-09; view: 1503; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию