Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпорынның экологиялық паспорты
1.Экотаксикология ұғымы 1972 жылғы Стокгольм конференциясынан бұрын пайда болған.Осы ұғым өмірге келген уақыттан бергі кезең ішінде экотаксикологияның химиялық және радиациялық мутагенез,адам мен жануардың эндимикалық аурулары,радиобиология секілді бағыттары жедел зерттелуде.Осыдан келіп ғалымдар алдында бір –бірімен мүлде алшақ жатқан екі ғылымды ұштастыра зерттеу қажеттілігі пайда болды.Ғалымдардың бір тобы экотаксикологияны тірі организмдерге химиялық агенттердің улы әсерін болжайтын ғылым ретінде қарастыруді ұсынды.Бұл жаңа ғылымның қалыптасуы барысында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Халықаралық ғылым коммитетті ұсынған экологиялық токсикологияның ресми анықтамасы 1978 жылы осы комиттетт34 конференциясында мынадай редакцияда қабылданды:экотоксикология дегеніміз-бұл химиялық заттардың тірі организмдерге негізінен экожүйелердің құрамына кіретін организмдер мен биоценозды популяцияларына улы әсерін,зиянды заттардың қоршаған ортаға түсу көздерін олардың айналаға таралуын,тірі организмдерге әсерін зерттейтін пәнаралық ғылым. 2. Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді. Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Депопуляция - белгілі бір аумақта халықтың азаюы немесе мүлде жойылуы. Туудың азайып, өлім-жітімнің көбеюі. Депопуляция адам санын өзгертеді, сондықтан, бұл саяси және экономикалық мәселелер тудырады.[1] Депопуляция — адам санының немесе жануарлар дүниесінің азаюы. Өсімдіктер депопоуляциясы олардың сиреуімен түсіндіріледі. Адамдардың азаю белгілері қазірдің өзінде көптеген дамыған капиталистік елдерде байқалады. Мысалы, әлемдегі 6,2 млрд халық 2005 жылға қарай 8,2 млрд-қа өскен, ал Бельгия халқы 10 млн-нан, шамамен, 8 млн-ға кемімек. Мұндай үрдіс көршілес Ресейде де байқалады. 3. Экологиялық төлқұжат — объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті техникалық құжатының жаңа түрі. Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер: 1) кәсіпорында қолданылатын технологиялар; 2) пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары; 3) шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы; 4) қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділердің, қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалар; 5) кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері. Экологиялық төлқұжат берілетін мәліметтер табиғатты қорғауға бағытталған мынадай мәселелерді шешуге арналған: 1. шығарылатын зиянды заттектердің және өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін бағалауғажәне табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің мөлшерін анықтауға; 2. қоршаған ортаға тасталатын зиянды затгектерге негізделіп кәсіпорын үшін шекті рауалы шығарынды (ШРШ) немесе төгінді (ШРТ) нормасын белгілеуге; 3. кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалауға және олардың тиімділігін бағалауға; 4. кәсіпорынды реконструкциялауға арналған жобаларды сараптауға; 5. кәсіпорынның қоршаған табиғи ортаны қорғауға, ұтымды пайдалануға бағытталған зандарды сақтауын бақылауға; 6. табиғи жән материалдық ресурстарды, энергияны және қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға. Жобаланған немесе жаңаша қайта құрылатын кәсіпорын үшін қажетті жобаны дайындаған кезде жобалаушылар ұйымы экологиялық төлқұжат жасайды. Онда өзара келісілген негізгі өндіріс көрсеткіштері, ШРШ жобалары, табиғатты пайдалануға рүқсат етілген құжаттар, ШРТ нормалары, газды, суды тазалайтын қондырғылар мен ғимараттар, қалдықтарды утилдеу мен қолдануға арналған аспаптар, мемлекеттік статистика мәліметтері, ластаушы көздің тізімі және нормативтік-техникалық қүжаттар туралы мәліметтерге негізделіп қүрылады. Экологиялық төлқұжат жергілікті әкімшіліктің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалар мен келісіледі, сосын кәсіпорын басшысы бекітеді. Ол екі данада толтырылады: біреуі кәсіпорында, ал екіншісі — жергілікті әкімшілік басқармасындағы табиғат қорғау бөлімінде сақталады. Төлқүжат күшінің сақталу мерзімі 5 жыл. Төлқұжат мынадай бөлімдерден түрады: мұқабалық парағы; өнеркәсіп немесе объект туралы жалпы мәліметтер мен оның реквизиттері; өнеркәсіптің немесе объектінің орналасқан жерінің табиғи-климаттық сипаттамасы; өндірістегі немесе объектідегі технологияның қысқаша сипаттамасы және шығарылатын өнімдер, материалдық заттектердің теңдестік жүйесі; пайдаланатын жер туралы мәлімет; қолданьшатын материалдық және энергетикалық ресурстардың, шикізаттардьщ сипаттамасы; ауаға шығарылатын заттектер туралы мәлімет; пайдаланатын және ластанған су, басқа қалдықтар туралы анықтама; бұзылған жерді өңдеу, көлік туралы мәліметтер; объектінің экологиялық, экономикалық жағдайы туралы мәлімет. Билет№7 Date: 2016-06-09; view: 2933; Нарушение авторских прав |