Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рлық беті суларының мониторингі





1. Биосфера грек тің биос-тіршілік және сфера шар деген сөзінен шыққан.Биосфера терминін ғылымға енгізген француз ғалымы Ж.Б.Ламарк оны 1803 жылы Жер шарында тіршілік ететінорганизмдер жиынтығын белгілеу үшін қолданған.Ал 1914 жылы орыс ғалымы В:И.Вернадский биосфера терминін жер қыртысындағы элемент туралы мақаласында қолданады.Сөйтіп,1926 жылы академик В:И.Вернадский өзінің Биосфера атты классикалық еңбегін жариялап онда биосфера туралы ілімін баяндайды. Академик В:И.Вернадский биосферадағы заттар әртүрлі болғанымен,геологиялық тұрғыдан өзара байланысты заттардың мынадай 7 типін бөліп көрсетті:

1.Тірі зат-бұл тірі организмдер жиынтығы.

2.Биогендік зат –бұл тірі организмдердің тіршілік әрекет нәтижесінде пайда болған геологиялық жыныстар мысалы таскөмір,әктас.

3.Табиғи зат-бұл тірі заттың қатысуынсыз түзілетін затмысалы,жанартау атқылауынан пайда болатын тау жыныстар

4.Биотабиғи зат-бір мезгілде тірі организмдер мен табиғи процестердің қатысуымен түзіледі мысалы,топырақ.

5.Радиоактивті зат.

6.Шашыраңқы атомдар.

7.Ғарыштық заттарВернадский биосферадан басты үш сфераны бөліп көрсетті:1.газ қабықшасы; 2.су қабықшасы

Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі Энергетикалық қызметі.Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.

Газдық қызметі.Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.

Жинақтау қызметі.Тірі ағзалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі ағзалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.

Тотығу-тотықсыздану қызметі.Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады.

Биохимиялық қызметі.Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет. 3.Құрлық суларынаөзендер мен көлдер, мұздыөтар ен батпақтар, жер асты, жасанды су көздері (бөгендер каналдар, тоғандар) жатады. Жер асты сулары— Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор. Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды. Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат - сутірегіш деп аталады. Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді. Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

Билет№3








Date: 2016-06-09; view: 1043; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию