Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі





Билет№1

Атмосфераның пайда болуы мен қалыптасуының негізгі заңдылықтары. Атмосфераның химиялық құрамы және құрылысы.

Биосфера концепциясының қалыптасуы. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің пайда болу тарихы

Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі.

Жауабы:

Құрғақ ауа құрылымы
Газ Көлемі бойынша, % Салмағы бойынша, %
Азот 78,084 75,50
Оттек 20,946 23,10
Аргон 0,932 1,286
Су 0,5-4
Көмірқышқыл газ 0,0387 0,059
Неон 1,818×10−3 1,3×10−3
Гелий 4,6×10−4 7,2×10−5
Метан 1,7×10−4
Криптон 1,14×10−4 2,9×10−4
Сутек 5×10−5 7,6×10−5
Ксенон 8,7×10−6
Азоттың шала тотығы 5×10−5 7,7×10−5
Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін бөлігі:
Су буы (H2O) ~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%

1. Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.Химиялық құрылымы

Жоғары көрсетілген газдардан басқа атмосферада SO2, NH3, СО, озон, HCl, HF, Hg, I2, және NO газдары құрамында бар

2.Биосфера – ғаламшардағы тірі ағзалар мекендейтін Жердің күрделі сыртқы қабаты. Бұл терминді австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. енгізген.

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің маңызды бөлігі болып саналатыны оның пайда болуы мен дамуы туралы көзқарас. Тіршіліктің алғашқы түрлері анаэробтық бактериялар болған. Ал тірі заттың құрушы және дамытушы орны тек автотрофтар – цианобактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері (эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады. Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты. Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Бұлармен қатар гететрофтар да дами бастады. Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып, құрылықтарда қоныстануынан және адамның пайда болуынан басталады.

Вернадский ілімінің биік шыңы – ноосфера – сана сезім сферасы туралы ілімі. Бұл ілімінде ол ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты. Осы жандылардың ішінен Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады. Сонымен, ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын орта.


В.И. Вернадский биосфераны үш құрауышқа бөледі:

1) тірі зат – тірі ағзалар биомассасынан құралған;

2) биогендік зат – детриттердің барлық түрлері, сондай-ақ шымтезек, көмір, мұнай және биогендік текті газ;

3) биокостық зат – биогендік заттардың биогендік емес минералдық жыныстармен қоспасы (топырақ су түбіндегі балшық, табиғи сулар, шөккен карбонаттар және т.б.); костық зат – ағзалардың тікелей биогеохимиялық әрекеті әсер етпеген тау жыныстары, минералдар, шөгінділер

Сонымен, биосфера – ғаламшардағы зат айналымына ықпал етіп тұрған ең ірі кеңауқымды экожүйе.

Развернуть







Date: 2016-06-09; view: 1546; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию