Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







ІІІ. МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ





Еңбекті қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі туралы жалпы мағлұмат. Еңбекті қорғау әлеуметтік еңбек ұйымының негізгі шарттарының бірі. Жұмыс істеу кезіндегі адамның жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығын сақтауын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заң актілері және оған сәйкес келетін әлеуметті- экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырылған шаралар жиынтығы. Еңбекті қорғаудың заң актілерінен басқа қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария атты құрама бөліктері бар. Қауіпсіздік техникасы өндірісте жағымсыз жағдайларға алып келетін қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға тигізетін әсерін болдырмайтын ұйымдастырылған, техникалық шаралар мен құралдар жүйесін құрайды. Өндірістік санитария өндірісте кәсіби ауруларға алып келетін қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға тигізетін әсерін болдырмайтын ұйымдастырылған, гигиеналық, санитарлы-техникалық шаралар мен құралдар жүйесін құрайды. Еңбек туралы халықаралық ұйымның мәліметтері бойынша жер жүзінің барлық мемлекеттерде жыл сайын 270 миллион шамасында өндірістік жазым және 160 миллионға жуық кәсіби ауру тіркеледі, соның ішінде екі миллионнан астам адам өндірісте қаза болады. Қазақстандағы өндірістік жазымдар мен аурулар көлемі жалпы осы жер жүзіндегі болып жатқан жазымдар мен аурулар заңдылықтарына сәйкес келеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер еңбек қауіпсіздігінің келеңсіз проблемаларын айқындайды, бұлар еңбек жағдайларының нашарлауы, жарақаттану және кәсіби аурулардың көбеюі және т.б. Уақытша еңбек жарамсыздығына ұрындырған жазымдардың талдауы өндірісте үш мыңнан астам жазым болатынын көрсетеді. Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай- ақ бұл – еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет. Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А.С.Макевкина да айтқан – еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік- құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған [3]. Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі. ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет. Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.










Date: 2015-12-12; view: 1766; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию