Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ





 

ҒИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛУМЕН ҚАМДАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылутасығыштар (ыстық су немесе бу) арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіпті ғимараттар мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылутасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау. Бұл жүйенің жылулық көзі ретінде пайдалы әсер коэффициенті жоғары болатын, жылутасығышты жылулық тораптар арқылы 10-15 км қашықтыққа дейін тасымалдайтын, құбыр диаметрі 1000-1400 мм болатын жылуэнергоорталығы немесе ірі қазандық орындары қызмет жасайды. ЖЭО-ның қуаты 1000-3000 МВт, қазандықтардың қуаты 100-500 МВт. Ірі орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелері бірнеше жылу көздерінен тұрады. Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелеріне біріңғай гидравликалық, жылулық режим және ортақ басқару жүйесі өзара байланысқан ғимараттарды жылумен қамдау жүйелері де кіреді. Жылумен жабдықтау жылу көзінен жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен жабдықтау бір орталықтан жылумен жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып ажыратылады. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жылуды өндіру орнынан тысқары орналасқан көптеген тұтынушыларға жылу жеткізуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда қала мен өндіріске қажетті жылу көзі ретінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) және жылыту қазандықтары кеңінен таралған. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қарағанда отынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның құрамына жылу көзі (қазандық немесе ЖЭО) және жылуды тұтыну орындарына жеткізіп беретін құбырлар кіреді. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дербес (цех, бөлме немесе пәтер дербес жылу көзінен, соның ішінде пеш арқылы жылумен қамтамасыз етіледі) және жеке (әрбір ғимарат өзінің жылу көзімен жабдықталады, оны ғимаратты орталықтан жылыту деп атайды) жылумен жабдықтау түрлеріне ажыратады. Қалаларда көп қабатты үйлерді салуға көшкенде КСРО-ның экономи-калық жағдайында технико-экономикалық зерттеулер нәтижесінде пешпен жылыту және дербес жылу көздері – жеке үйлердегі жергілікті қазандықтар қажет емес деп табылды. Әрбір ғимарат жылу тұтынудың бірлігі сияқты, орталық жылу көзінен жылу алатын болды. Жылутасығыш (су немесе бу) тұтынушылардың жылыту жүйесіне құбырлар мен арнайы қондырғылардан (сорғы стансалары, жылу тарату орындары, реттеу түйіндері және басқалар) тұратын жылу тораптарының жүйесі бойынша тасымалданады. Қазіргі жағдайда бу жылутасығыш ретінде негізінде кәсіпорындардың өз мұқтаждығына пайдаланады, тек кейбір жағдайларда (жол–жөнекей) өндірістік ғимараттарды жылытуға қолданылады. Іс жүзінде жылыту, желдету (ауаны баптау – кондиционирование) және тәсілдемелік мақсат үшін жуынатын және ас бөлмелерді ыстық сумен қамдау үшін қыздырылған суды пайдалану қалыптасты. Жылумен қамдау жүйелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Кішкене елді мекендерінде және көбінесе жеке меншік үйлер салынған қаланың кейбір аудандарында орталықтандырылған емес жылумен қамдау жүйелері (ОЕЖҚЖ) қолданылады, оларда жылу көздері және тұтынушылардың жылу қабылдағыштары бір үй-жайда болады немесе жылытылатын ғимаратқа жалғай салынады, сирек жылытылатын ғимаратқа жақын орналастырылады. Орталықтандырылған емес жылумен қамдау жүйелері екі түрге бөлінеді:

а) Дербес цех аумағы, бөлме немесе пәтер жеке жылукөзінен (оның ішінде пештерден) жылумен қамдалады;

б) Жергілікті – әрбір ғимараттың өз жылу көзі (ғимаратты орталық жылыту деп аталатын) болады.

Қазақстанда қалалар мен қала типті ауылдарда орталықтанған жылумен қамдау жүйелері (ОЖҚЖ) дамыды. Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінің орталықтану дәрежесі әр түрлі:

а) Топтық – ғимараттар тобын жылумен қамдау;

б) Аудандық – қала ауданын жылумен қамдау;

в) Қалалық – бірнеше ауданды жылумен қамдау;

г) Қала-аралық – бірнеше қалаларды және қала типті ауылдарды жылумен қамдау.

Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінде жылу бөлек тұрған жылукөздерінде өндіріледі, одан жылутасығыш құбыр жүйелері (жылу торабы) бойынша қызмет етілетін ғимараттардағы жылуқабылдағыштарға немесе жылу тарату орындарына тасымалданады. Жылумен қамдау жүйелері жылуды өндіріп өнеркәсіптік кәсіпорындарға, әлеуметтік ғимараттарға және тұрғын үйлерге тасымалдайды. Жылулық жүктемелерді былай бөлуге болады:

а) Маусымдық;

б) Жылбойлық.

Маусымдық жүктеменің өзгеруі ең алдымен ауа райының жағдайына байланысты, оның ішінде сыртқы ауа температурасы негізгі рөл атқара-ды. Маусымдық жүктемеге жылыту, желдету және ауаны баптау жатады. Жылыту мен желдету – қысқы жылулық жүктемелер. Ауаны баптау жазда қолданылады, ол үшін суық қажет, оны абсорбциялық тоңазытқыш машиналарда алады. Бұл машиналарға суық алу үшін жылулық керек. Жылыту кезеңнің ұзақтығы орташа тәуліктік температураның орнықты +8 0C және төмен болған күндер саны бойынша анықталады. Бұл температура жылыту кезеңнің басын және соңын анықтайды. Бірақ қазіргі ғимараттар құрылмалары сыртқы температура +12 0C-тан төмен болғанда оларды ұзақ уақыт жылытусыз қалдыруға мүмкіндік бермейді, себебі бұл ішкі температураны төмендетіп халыққа ыңғайсыздық тудырады. Жылыту жүйелері – бұл қондырғы мен элементтердің, яғни бөлме ішіндегі ауаны қыздырып, берілген температурада ұстап тұру құрылымымен үйлесуі. Жылутасығыш түріне байланысты жылумен қамдау жүйелері сулық және булық болып бөлінеді. Булық жүйелер. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды бумен қамдауда бу құбырлармен шық құбырларынан тұратын жүйелер қолданылады. Бу құбырлары арқылы бу тәсілдемелік жылуқабылдағыштарға жеткізіледі. Шық құбырлары арқылы тәсілдемелік құбылысында будың салқындауы нәтижесінде алынған шық толығымен немесе ішінара жылукөзіне қайтарылады. Кейбір тәсілдемелік құбылыстар шықты жылукөзіне қайтармай жұмыс істейді. Сулық жүйелер. Жылутасығышты жылукөзінен тұтынушыға дейін, әдетте екі құбырлы жылу торабы бойынша тасымалданады. Кейде үш құбырлы жылу тораптары қолданылуы мүмкін, мысалы, тәсілдемелік жүктемені бөлу үшін. Екі құбырлы жылу торабында бір құбыр бойынша (жеткізетін) қыздырылған су тұтынушылардың абоненттік түйіндеріне келеді, басқа құбыр бойынша жылыту аспаптарында салқындаған су жылукөзіне қайтады. Қазақстан қалаларында жылу торабының жеткізу құбырлары, әдетте, керілермен қатарлас жер астында құрама темірбетон арналарында немесе жер үстінде арнайы темірбетон тіректерде болады. Құбырлар тотықтырмайтын және жылу оқшаулағыш жабындымен қорғалады. Жер асты суы болса оған қарсы шаралар қолданылуы мүмкін. Сулық жүйелер тұтынушылардың ыстық сумен қамдау жүйесіне қосу сүлбесіне қосуға байланысты жабық және ашық деп бөлінеді. Жабық жүйелерде жылутасығыш (су) жылу торабының тұйықталған контурында айналады, тікелей жүйеден су алу рұқсат етілмейді. Жуынатын, ас бөлме, тәсілдемелік құбылыстарды ыстық сумен қамдау екінші контурдан қамтамасыз етіледі, онда су-сулық қыздырғышта жылулық торап суымен (тораптық сумен) қыздырылған қалалық су құбырының суы айналады. Су-сулық қыздырғышта және қызатын жылутасығыш су жеке тұтынушыларға немесе тобына (тұрғын квартал, ауданша, ірі ғимарат, зауыт корпусы) қызмет ететін жылулық орында қондырылады

 

Date: 2015-12-12; view: 1396; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию