Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Быр тартылымдарын таңдау және монтаждау





 

Құбырлар жылыту жүйелерінің негізгі элементінің бірі – ол арқылы жылыту аспаптары жылуөндіргіш қондырғылармен жалғастырылады. Орталықтандырылған жылыту жүйелерінде құбырлар жылуды есепті мөлшерімен жылыту аспаптарына жеткізуге және суыған жылутасымалдағышты одан қайтаруға арналады.

Жылыту жүйелерінде қолданылатын жұмсақ көміртекті болаттан жасалған жапсарлы және жапсарсыз құбырлар dу=15ч150мм кеңінен қолданылады. Құбырлардың диаметрі 10ч70 мм болса болат сугазөткізгіш ГОСТ 3262-85*, егер диаметрі >70 мм - электрбалқыған ГОСТ 10704-91* бойынша қабылданады.

Болат құбырлары үлкен гидростатикалық қысым ұстайды (>1 мПа), шойын жылыту аспаптары және арматураларына қарағанда (<0,6мПа), сондықтан жалпы жылыту жүйелерінде шектелген гидростатикалық қысым жылыту аспаптарының беріктігімен қабылданады.

Орталықтандырылған жылыту жүйелерінде монтаждау және пайдалану жағдайларына байланысты болат құбырлары өз өзімен, жылыту аспаптарымен және арматуралармен бөлінетін немесе бөлінбейтін болып жалғастырылады. Жалғастыру тәсілдері балқыған, бұранда және болттық болады.

Қазіргі заманда әр түрлі диаметрлі темірполимерды немесе полимерды құбырлар кең қолданады. Темірполимерды құбырлардың үйкеліс коэффициенті төмен, сондықтан оларды жылыту жүйелерінде қолданғанда гидравликалық кедергілері азаяды және қақтық пен коррозия пайда болмайды. Темірполимерды құбырлардың жұмсақтығы монтаждау жұмысында өте пайдалы және олардың жылу өткіштігі төмен, сондықтан қабырға арқылы жылу жоғалуы азаяды. Полимерді құбырлар жабық әдіспен орнатылады. Орталықтандырылған жылыту жүйелерінде пластмасса құбырларларын қолданғанда автоматты реттеу аспаптарын пайдалану дұрыс, себебі олар тасымалдағыштың температурасы жоғарлауынан құбырларды қорғайды.



Жылыту аспаптарын желіге жалғастыратын қосылғыш құбырдың ұзындығы жылыту жүйесінің тік желілерінің орнына байланысты. Су өткізетін құбырлардың еңістігі 0,002-ден кем болмау керек. Егер судың жылдамдығы 0,25 м/с тең немесе жоғары болса су өткізетін құбырларды еңістіксіз өткізуге болады. Сумен жылыту жүйелеріннің құбырларындағы тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығы 1,5 м/с төмен болғаны жөн, себебі бөлмеде шудың әсері болмау керек.

Сумен жылыту жүйелерде жиналған ауа тасымалдағыштың айналымын бұзады, болаттық құбырларда коррозия пайда болады. Жылыту жүйесін толығымен немесе жеке бөліктерін, жылыту аспаптарын жылудан ажыратуға және сонымен бірге реттеуге жауып-реттегіш арматуралар қолданылады, олар муфталық (dу≤50 мм) және фланецті (dу≥ 50 мм) болады.

Жылыту жүйелеріндегі пайдасыз жоғалатын жылудың мөлшерін барынша азайту үшін жүйенің құбырлары мен басқа да элементтерін оқшаулау қажет. Құбырлар жылытылмайтын бөлмелерде, жасырын өзектерде, сыртқы кабырғада орнатылған жағдайда оқшаулау керек.

 








Date: 2015-12-12; view: 1423; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.017 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию