Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атқару механизмдерін монтаждау





Қазіргі таңда сулы жылыту жүйесі барлық жылыту жүйесі ішіндегі ең кең таралған жүйе. Бұл жүйеде жылутасығыш ретінде су немесе қатпайтын сұйықтық қолданылады. Жылутасығыш кезеңдік буын, себебі радиатордың беттік жылуы арқылы алмасуы, ал одан ауаға берілуіне байланысты. Сулы жылытудың булы жылытудан айырмашылығы су сұйық күйде, яғни біршама төмен температурада болады. Бірақ сулы жылыту кезіндегі радиаторлардың габариті бумен жылытуға қарағанда үлкен. Сондай- ақ су арқылы жылу алмасу кезінде үлкен арақашықтықта судың температурасы біршама төмендейді. Сондықтан қазіргі кезде біріктірілген жылыту жүйесі қолданылады: қазандықтан ғимаратқа дейін жылу бу арқылы келеді және жылуалмастырғыш арқылы жылуы радиаторларға келетін суға беріледі. Сулы жылыту жүйесінде су айналымы табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи айналым кезінде су қарапайым және осыған байланысты сенімді, бірақ жүйені дұрыс жобалауға тәуелділігіне байланысты жоғары емес эффекттивтілікті көрсетеді.

Су жылыту қазандығында қыздырылып, негізгі тіреуіш арқылы кеңейтілген бакқа қарай көтеріледі. Кеңейтілген бак жүйенің ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Осыдан кейін су бөлінетін құбыр арқылы қызған тіреуіштерге келеді. Қызған тіреуіш жоғарғы қабаттардан бастап төменгі қабаттарға дейін радиаторлар арқылы өтеді. Суып қалған су барлық қабаттардан құбырларға кері тіреуіштер арқылы өтеді. Кері құбыр арқылы кеткен жылутасығыш қайта қыздырылуы үшін қазандыққа қайтады. Ыстық судың шығынын реттеу үшін радиаторға кіретін кезде тиектік клапан орналасқан. Сулы жылытудың кемшіліктері жылытуды жөндеу кезінде судың түсуінен пайда болатын ауалық кедергілер. Ол үшін арнайы түсірме клапандары қолданылады. Жылыту кезеңінің басталуы кезінде осы клапандар арқылы судың артық қысымдары шығарылады. Көп қабатты ғимараттарды жылыту жүйесімен қамдауда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жылу тораптарына жылу пунктері арқылы қосылады. Жылыту жүйесінің негізгі бөлігі жылугенератор, жылулықсымдар және жылыту қондырғылары болып табылады. Кез келген жылыту жүйесінің негізгі мақсаты радиатор, теплогенератор арқылы алынған жылуды жылытылатын бөлмеге беру. Жылыту жүйесінің негізгі бөлігі жылугенератор, жылулықсымдар және жылыту қондырғылары болып табылады. Сулы жылыту жүйесінің айналмалы сорғысы Жылытылатын үй-жайлардағы ауа темпрературасын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкесті ету үшін жылу беруді реттейді. Тұтынушыларға жылу беруді реттеудің тәсілдері:

а) Сандық реттеу, яғни температурасы тұрақты болғанда жылулық тораптағы су шығынын өзгерту;

б) Сапалық реттеу – жылулық тораптағы су шығысы тұрақты болғанда оның температурасын өзгерту;

в) Сандық-сапалық реттеу – екі тәсілді реттеу.

Кез келген орталықтанған жылумен қамдау жүйесінде жылу беруді реттеу сатылы болады:

а) Жылукөзінде (жылукөзінде алу торабында);

б) Жылу торабында (жылу торабынан жылыту, желдету, ыстық сумен қамдау және басқа жүйелерінде).

Жылукөзінде реттеу орталық, ал жылу торабында реттеу жергілікті деп аталады. Қазақстан қалаларында істеп тұрған орталықтанған жылумен қамдау жүйелерінде орталық реттеу сапалық түріне жатады, жылутасығыштың тұрақты шығысында тораптық судың температурасы өзгертіледі. Бұл сұйықағулық (гидравликалық) орнықтылығы төмен тармақталған және ұзын жылу торап жүйелерінде орнақты сұйықағулық тәртіпті ұстау қажет. Сыртқы ауа температурасына байланысты жылутасығыш температурасы өзгереді. Тұтынушы кез келген мезгілде алған жылу жылытылатын үй-жайда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес температураны қамтамасыз ету жеткілікті болу керек.

 

Date: 2015-12-12; view: 1579; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию