Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Қазіргі таңда ғылыми-техниканың қарқынды дамуына тиісті заманауи ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету





Қазіргі таңда ғылыми-техниканың қарқынды дамуына тиісті заманауи ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету үшін сапалы технологиялық қондырғыларды қолдану қажет.

Жалпы салқын мерзім кезінде адам өмірінің тіршілік етуі және еңбек атқаруы үшін, ғимараттарда қажетті температуралық жағдай қамтамасыз етілуі қажет. Бұл жағдай жылыту жүйесі арқылы қарастырылады.

Жылыту жүйесі деп салқын мерзім кезінде ғимараттардың сыртқы қоршауларымен жоғалатын жылу мөлшерін жасанды түрде қалпына келтіруді айтады. Жылыту жүйесі ғимараттың бөлмелерінде жылыту аспаптары арқылы сыртқа жоғалатын жылудың орнын толтыру және комфорттық жағдайларды ұстау үшін қажет.

Қазандықтарды қолдану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан еліміздегі энергетикалық бағдарлама бойынша кішігірім станциялардың орнына үлкен станциялар салынуда, мұның өзі отынды тиімді пайдалануға және отынды аз мөлшерде өндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жылыту жүйесі 15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін жұмысқа қосылады. Жылыту жүйесін жобалауда сыртқы ауаның есепті температурасы ретінде «ҚНжЕ 2.04-01-2001 құрылыстық климатология» бойынша ең салқын 5 күндік көрсеткіш қабылданады.

Жылумен қамтамасыздандыру дегеніміз жылумен қамту жүйесін жүзеге асыратын жылумен тұтынушыларды қамтамасыз ету. Жылу жылу тасымалдағыштардың көмегімен беріледі, жылу тасымалдағыш ретінде ыстық суды немесе су буын пайдаланамыз. Көбінесе ыстық су жылу тасымалдағыш ретінде қолданылады. Бу жылу тасымалдағыш ретінде кейбір өндіріс орындарында пайдаланылады, егер технологиялық қажеттілік үшін бу қолданылса. Ыстық суды тасымалдаушы мен таратушы жүйесі ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйесі деп аталады. Егер жылу су буының көмегімен берілсе, онда бумен қамтамасыздандыру жүйесі деп аталды. Орталықтан жылумен қамту жүйесінде негізгі жылу тасымалдағыш ретінде 150°С температураға және 25 Па қысымға дейінгі ыстық су жүйесі қолданылады және оны жобалау кезінде қазіргі заманға сай аспаптары мен жабдықтары қолданылады

Қажетті параметрлі (қысым және температура) жылу тасымалдағышты жылумен қамтасыздандыру жүйесіндегі жылу қорек көздерінен алады, мұнда органикалық отындардың жану жылуы жылутасымалдағыштарға беріледі.

Жылу торабы – орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жылу тасымалдағышпен жылу көзінен тұтынушыларға жылу жеткізіп беретін, жылулық оқшауламамен қапталған құбырлар жүйесі. Ыстық сумен қамтамасыз етілетін тұтынушыларды жылу торабына қосу сұлбасына қарай сулы жылу торабы жабық және ашық түрлерге бөлінеді. Жабық жүйеде жылу тасымалдағыш (су) жылу торабында тұйық айналымда болады (су жылу көзіне қайтарылады), мұндай жүйеден суды бөліп алуға болмайды. Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету екінші реттік контурдан іске асырылады. Оған су қаланың (елді мекеннің, кәсіпорынның) суық су құбырынан беріліп, су жылытқыштарда жылу торабының ыстық суымен қыздырылады. Ашық жүйеде жылу торабынан судың бір бөлігін тұтынушылар пайдаланады. Қатар тартылған жылу құбырларының саны 1-ден 4-ке дейін болады. Екі құбырлы жылу торабы жиі қолданылады. Бұл құбырлардың бірі арқылы ысытылған су тұтынушылардың абоненттік түйіндеріне келіп түседі. Екінші құбыр арқылы жылыту аспаптарында салқындаған су жылу көзіне қайтарылады. Бір құбырлы жүйелерде тораптық су жылыту жүйесінде салқындағаннан кейін ыстық су түрінде толық пайдаланылады да, жылу көзіне қайтарылмайды. Потенциалы жоғары технологиялық ыстық суды бөлек беруге үш құбырлы жылу торабы, ал жылытуда және ыстық сумен қамтамасыз етуде пайдаланылатын жылу тасымалдағыштарды бөлек беру үшін төрт құбырлы жылу торабы қолданылады. Өндіріс орындарын технологиялық бумен жабдықтауда буды беру құбырлары мен технологиялық процестерде будың салқындауынан кейін алынған конденсат толығымен немесе ішінара жылу көзіне қайтарылатын конденсат құбырларынан тұратын жүйелер қолданылады. Кейбір технологиялық процестер конденсатты жылу көзіне қайтармай жұмыс істейді. Барлық жүйелерде жылу көзіне қайтарылмаған жылу тасымалдағыш мөлшері арнайы құрылғылар арқылы тазартылған, химиялық өңдеуден өткізілген сумен толықтырылып отырылады. Жылу торабы төсеу тәсілі бойынша жер астылық (арналар немесе грунттар арқылы тартылған) және жер үстілік (эстакадалар немесе арнайы тіректер арқылы тартылған) болып бөлінеді.

Жалпы және атап айтқанда ғимараттарды коммуналдық жылумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру климаттың жаһандық өзгеруі тұрғысында жиі қарастырылуда. Энергияны тұтынуды қысқартуға, энерготиімділікті күшейтуге алып келетін шаралар парникті газдар эмиссиясының қысқаруымен байланысты, және тиісінше, бүгінде БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауымен ел Үкіметімен бірігіп жүзеге асырып отырған бірқатар жобалар қызметінде маңызды орынға ие.

Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің энерготиімділігі мәселесі басқа поскеңестік елдер– ТМД және Балтық елдері сияқты Қазақстан үшін де өте маңызды. Қазақстанның климаттық жағдайлары жылумен қамтамасыз ету мақсатында энергияны айтарлықтай тұтынуды шарттастырады (жалпы тұтынылатын энергияның шамамен 60%-ы). Орталықтандырылған жылу беру мен ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері анағұрлым кең таралған. Бұл ретте мұндай жүйелердің энергетикалық тиімділігі төмен болып қала береді. Осылайша бірқатар аймақтардағы жылу шығындары отынның бастапқы жылуының 40 %-на дейін жетеді.

Тұтынушылар тарапындағы жылумен қамтамасыз етуді реттеу жүйесінің болмауы жылу электр стансалары мен қазандықтардағы отынның көп шығындалуына алып келеді. Бұған жылу беретін жылу құбырларының тозуын қосу керек. Мұның бәрі едәуір жылу шығындарына алып келеді, қоршаған ортаға, әсіресе, парникті газдардың бөлінуіне қарай климаттық жүйеге жүктемені арттыра отырып, жаңа жылу қуаттарын енгізуге мәжбүрлейді.

Елдің ірі қалаларында айтарлықтай қуатты жылу көздерінде тозған жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде, қоршаған ортаға әсерді қысқартатын отынды жағудың едәуір жетілген жүйелерімен жабдықталған жаңа қуаттар енгізілуде. Бұған мысал – Астана қаласындағы 2-ЖЭО-ны жөндеу жұмыстары. Желілерді қайта төсеу жүргізілуде, атап айтқанда, жылуды тұтынушыға дейін тасымалдау кезінде оның шығындалуын айтарлықтай азайтатын алдында оқшауланған құбырлар пайдаланылады. Сонымен қатар тұтынушылар тарапында– тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда және оларды жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде энергияны үнемдеу шаралары кеңінен таралмаған болып қалып отыр.

 

Date: 2015-12-12; view: 2305; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию