Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 85. Гангренозды холецистит





Егер де өт қабының қабырғасы флегмонозды, гангренозды өзгермей, қуысында іріңді сұйықтық түзілсе оны өт қабының эмпиемасы деп атайды. Клиникалық тұрғыдан жедел және созылмалы холециститке бөлінеді. Жедел холецистит перитонит және сепсиспен асқынуы мүмкін, созылмалы холецистит рецидив береді. Көбінесе холецистит өт – тас ауруынан туындайды, тассыз холецистит сирек кездеседі. Іріңді холециститтің асқынулары: перитонит, холангит, диафрагмаасты абсцесі, бауыр абсцесі, сепсис, панкреатит.

Холециститтің қоздырғыштары - ішек таяқшасы, стрептококк, стафилококк, немесе аралас инфекция. Инфекция ішектен өт жолдары және гематогенді жолмен қақпалы вена арқылы іш қуысының іріңді ошақтарынан (жедел аппендицит, ішекаралық абсцесс, пельвиоперитонит) өт қабына, бауырға түседі. Науқастың иммунитеті төмендегенде, инфекция түскен жерде (бауыр, өт қабы, өт жолдарында) қан айналымының бұзылуынан, өт жолдарында тас түзіліп, өттің ағуына кедергі болса жедел қабыну дамиды (жедел холецистит, холангит, панкреатит). Холецистит көбінесе 45 жастан асқан адамдарда кездеседі. Әйелдер ерлерден 5 – 6 есе жиі ауырады. Өт қалтасының қабынулары көбінесе шырышты қабатынан басталады.

Клиникалық көріністері. Оң жақ қабырға асты ұстамалы түрде немесе үнемі қатты ауырады, оң иыққа, жауырынға таралады. Пальпация кезінде ауырсыну күшейе түседі, қабырға астында бұлшықет қатаяды. Қабыну таралған жағдайда іштің басқа бөліктері ауыра бастайды. Науқастың жалпы жағдайы нашарлап, жүрегі айнып құсады, тәбеті төмендеп, кекіреді, асқазан, өңеші қыжылдайды, дене қызуы 39-40°С көтеріледі, дірілдеп қалшылдайды. Іріңді холециститте кейде дененің сарғаюы болуы мүмкін, көбінесе қатты ауырсынудан кейін пайда болады. Сарғаю көпке созылса қан ұю процесі төмендейді. Жедел іріңді холециститте қан анализдерінде анемия, нейтрофилды лейкоцитоз орын алады, Э.Т.Ж жылдамдауы мүмкін. Жедел іріңді холециститтің клиникалық көріністері иммунитеті төмен адамдарда, қарттарда және көп уақыт антибактериалды ем жүргізгенде айқын болмайды, сол себептен диагноз қою қиындайды.

Диагноз. Жедел іріңді холециститті бауыр астында орналасқан аппендицит, панкреатитпен ажырату диагностикасын жүргізу қажет. Диагнозды нақтылауда науқастың шағымы, анамнезі, клиникалық көріністері, симптомдары, зерттеу тәсілдеріне мұқият көңіл аудару қажет. Диагноз уақытында қойылмай, дұрыс ем жүргізілмесе жедел іріңді холециститте өт жолдары таспен бітеліп немесе инфильтратпен басылып қалса науқаста обтурациялық сарғаю, іріңді холангит, гепатит, панкреатит, кейде оң жақты диафрагма асты абсцесі сияқты асқынулар дамиды. Кейде іріңдеген өт қабы тесіліп, перитонитке әкеледі.

Емі – тек қана операция жасау. Жасалатын операция көлемі бауыр, өт жолдары, басқа органдардағы өзгерістерге байланысты болып келеді. Көбінесе холецистэктомия операциясы жасалады (86,87-суреттер).

Сурет 86. Лапароскопиялық Сурет 87. Лапаротомиялық







Date: 2015-12-12; view: 604; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию