Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 88. Бауыр абсцесі





 

Патологиялық анатомия. Бауырда үлкенді - кішілі, бір немесе көптеген абсцестер түзіледі. Амебалық абсцесс көбінесе біреу, аппендикулярлы пилефлебитте көптеген абсцестер дамиды. Амебалық абсцесте ірің шоколад түсті, қою, иіссіз, стерильды болады, микроскопия кезінде бауырдың өлі тіндері анықталады. Пилефлебиттен кейінгі абсцестердің ағымы тез, сепсис тәріздес болғандықтан, іріңдіктердің сыртында капсула түзіліп үлгермейді. Көбінесе абсцестер бауырдың оң бөлігінде орналасады.

Клиникалық көріністері. Пиогендіабсцестерде, амебалыққа қарағанда, науқастарды кеудеге және ішке тарайтын оң жақ қабырға астының тұрақты, өте қатты ауырсынуы мазалайды. Амебалық абсцесте науқастың жалпы жағдайында айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Пиогенді бауыр абсцестерінде интоксикацияға байланысты (жоғарғы температура 39 – 40°С, қалтырау, пульстің жиілеуі 120 – 140 мин., тәбетінің төмендеуі, нейтрофилды лейкоцитоз 30000 - 40000) науқастың жағдайы өте ауыр. Науқас тез арада әлсірейді, көзі, терісі сарғаяды. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну, бұлшықеттің қатаюы байқалады. Алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасынан абайлап соққылағанда ауырсыну күшейе түседі (Ортнер симптомы оң).

Амебалық абсцессте науқастың жалпы жағдайы орташа, дене қызуы субфебрильді, лейкоцитоз 12000 – 15000 - нан жоғары болмайды. Екіншілік инфицирлену болса клиникасы пиогенді бауыр абсцесіне ұқсас келеді. Рентгендік зерттеуде диафрагманың қимылы шектеліп, оң жақ күмбезі жоғары орналасады. Ультрадыбыстық зерттеуде, компьютерлік томографияда бауырда абсцесс түзілуіне байланысты оның эхоструктурасы өзгереді.

Диагноз. Диагноз қоюда науқастың шағымын, аурудың даму тарихын, бұрын немен ауырғанын, клиникалық белгілерін тұжырымдай келе, бауыр абсцесіне ұқсас аурулармен (диафрагма асты абсцесс, оң жақтық іріңді плеврит, іріңдеген бауыр эхинококкозы, холангит, т.б.) ажырату диагностикасын жүргізу қажет. Аталған аурулардың өздеріне тән шағымдары, анамнезі, клиникалық көріністері болады. Зерттеу тәсілдері (Рентген, ультрадыбыс, компьютерлік томография, магнитті резонансты компьютерлік томография, иммунологиялық реакциялар, лабараториялық, биохимиялық анализдер, бауыр пункциясы, лапароскопия) дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Емі. Амебалық бауыр абсцесінің көлемі кішкентай, жаңа басталған кезінде консервативті ем - эмитин гидрохлорид 1мл. 2% ерітіндісін тәулігіне 3 – 4 рет тері астына енгізу жақсы нәтиже береді, ал үлкен абсцестерде операция жасалады.

Пиогенді абсцесстердің емі оперативті. Операциялық ену жолдары абссстердің көлемі, бауырда орналасуына байланысты әртүрлі болып келеді: лапаротомия (абсцесс бауырдың алдыңғы бөлігінде орналасқанда), трансплевралды, трансдиафрагмалды, кеуденің оң бөлігінің төменгі бүйірінен іш қуысына кірмей – іш пердесінің сыртынан (іріңдік бауырдың артында орналасқанда қолданады). 89-суретте кеуденің төменгі бөлігінен тіліп, екі қабырғаны резекциялап ену жолы көрсетілген.

 

 







Date: 2015-12-12; view: 781; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию