Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы





1-бауыр; 2-аорта; 3-12 елі ішек; 4-5-аш ішек; 6-асқазан; 7-абсцесс қуысы;

8-диафрагма; 9-ұйқы безі.

Біріншілік диафрагмаастылық абсцесс өте сирек кездеседі. Екіншілік түрі көптеген жедел іріңді хирургиялық аурулардың асқынуы ретінде кездеседі (холецистит, тесілген асқазан, ұлтабар ойық жаралары, панкреатит, іш қуысының операциялары). Қоздырғыштары көбінесе стрептококтар және ішек таяқшалары. Іріңдік іш қуысында жиі дамиды: 1. оң жақ дифрагмаастылық; 2. сол жақ дифрагмаастылық. Іш қуысының сыртында орналасуы сирек кездеседі (іш пердесінің сыртындағы майлы клетчаткада). Диафрагма астына инфекция тікелей жанасу арқылы немесе лимфогенді, гематогенді жолдармен қабыну ошақтарынан түседі.

Клиникалық көріністері. Науқас оң жақ қабырға астының мойынға, жауырынға, арқаға тарайтын тұрақты, қатты ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының көтерілуіне, ентігу, кекіру, әлсіздікке шағымданады. Дене қызуы 41°С дейін көтеріледі, жалпы жағдайы өте ауыр, тыныс алуы беткейлі және жиі, науқас терең, толық дем ала алмайды, кеуденің ауырған бөлігі тыныс алу актісіне толық қатыспайды. Пальпация кезінде іріңдік түзілген жағында іштің эпигастрий, қабырғаасты қатты ауырып, бұлшықеті қатаяды. Кеуденің реактивті плеврит дамыған бөлігі ауырады. Аускультацияда өкпенің төменгі бөлігінде тыныс алу әлсіреп, дауыс дірілі күшейе түседі. Плеврит дамыған жағдайда плевраның үйкеліс шуы естіледі. Ренгендік зерттеуде дифрагма жоғары көтеріліп, қимылы шектеліп, плевра қуысында экссудат түзіледі. Егер де іріңдікте газ түзілсе ол горизонталды сұйықтықтың бетінде орналасады. Ультрадыбыстық зерттеуде диафрагма астында тығыз капсуламен шектелген, ішінде біркелкі емес түзіліс жиналған қуысты байқауға болады. Қанның анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжып, ЭТЖ жылдамдайды.

Емі. Консервативті ем – антибактериалды, дезинтоксикациялық, инфузиялы терапияны сырқаттың бастапқы кезеңінде қолданады. Рентген, ультрадыбыстық бақылауы арқылы пункция жасап, абсцесс маңына антибиотиктер енгізеді. Капсула түзіліп қалыптасқан абсцессте операция жасалып, іріңдікті тіліп, санациялап, дренаждау қажет. Операция жасау үшін ең маңыздысы іріңдікке енудің тиімді тәсілін қолдану. Диафрагмаасты абсцесті орналасуына байланысты операцияны іш немесе плевра қуыстары арқылы жасауға болады, бірақта бұл ену тәсілдерінде іш, плевра қуыстарының инфицирлену қауіптілігі тым жоғары. Қалыптасқан абсцессте операция жасалып, іріңдкті тіліп, санациялап, дренаждау қажет. Операция жасау үшін ең маңыздысы іріңдікке енудің тиімді тәсілін қолдану. Диафрагмаасты абсцессті орналасуына байланысты операцияны іш немесе плевра қуыстары арқылы жасауға болады, бірақ та бұл ену тәсілдерінде іш, плевра қуыстарының инфицирлену қауіптілігі тым жоғары. Ең тиімді операциялық ену тәсілі ол іш және плевра қуыстарынан тыс жасалатын ену жолы (93-сурет): алдыңғы жағынан 8-9, артқы жақтан 11-12 - қабырғалар бойымен, оларды резекциялап, диафрагманы

 
 

ашып, плевраны жоғары ығыстырады.







Date: 2015-12-12; view: 535; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию