Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эозинофильді гранулема





Сүйек миының ретикулоэндотелиальды элементтерінің өсуі, эозинофильді лейкоциттердің болуымен.

Омырау жасындағы балаларда:

· Қызыл иек валикатарында сұр-жасыл түсті некротизирленген тіннің аймақтары пайда болады, алған соң жазылмайтын эрозиялар және жаралар пайда болады;

· Күрт қозғалмалы сүт тістердің уақытынан бұрын шығуы;

· Қателікпен жаралы стоматит диагностикаланады

Ошақты формасы:

· Жақтың бұрышы аймағында және бұтағында әлсіз аурсынатын ісіну, қабыну көріністері жоқ;

· Рентгенде дұрыс емес домалақ немесе сопақша пішінді сүйектің деструкция ошағы анықталады.

Диффузды формасы:

· Альвеолярлы өсіндіден жақ денесіне және бұтаққа жайылады;

· Ауыз қуысында гингивитті еске алады: патологиялық қызыл иек қалталары, қозғалғыштық және жеке тістерді жоғалту, тұрақты тістердің ұрықтарының секвестрациясы;

· Рентгенде: альвеолярлы өсіндіде остеолитикалық процестерді көрсетеді және сүйектердің тіс аралық перделерінің зақымдалуымен.

Ажырату диагностикасы: остеомиелиттің атипиялық формасымен, периоститпен, барлық кистозды зақымданулармен, Юинг саркомасымен, остеогенді саркомамен, хондромамен, гемангиомамен. Емі хирургиялық. Ауыр жағдайларда рентгенотерапия.

 

Көрнекі материал: презентация, слайдтар

Дебиет

Негізгі:

1.Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640с.

2.Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744с.

3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615с.

 

Қосымша:

1. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф. Т.Ф. Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003

2.Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей.- Алматы, 2007.- 99 с.

3.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям.- М., 2007.- 214 с.

4.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-2007-815 с.

5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),

6. Ермуханова Г.Т. Опухоли и опухолеподобные образования челюстно-лицевой области у детей и подростков. – (учебное пособие). – Алматы, 2007.– 110с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

1. Балалардағы жақсүйектерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілімдерінің жалпы ажырату принциптері.

2. Балалардағы жақсүйектерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілімдерінің этиологиясы

3. Остеобластокластоманың клиникалық көрінісі

4. Балалардағы жақсүйектерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілімдерінің емдеу принциптері.

5. Херувизмнің клиникалық көрінісі.

 

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

Тақырып № 15 Жақсүйектерінің, тістердің, ерін, тіл үзбелерінің, ауыз қуысының кілегей қабатының даму аномалиялары мен деформациияларының емдеу әдістері мен принциптері.

2. Мақсаты: Студенттерге теориялық білімін қалыптастыру және бекіту

3. Дәрістің тезисі:

Емдеудің аппаратурлы әдісі – тіс жақ жүйесінің аномалияларының негізгі емдеу әдісі болып табылады. Ортодонтиялық аппараттар ауыз ішілік (бір және екі жақтылы) және ауыз сыртылық болып бөлінеді. Бекітілу әдісі бойынша алмалы және алынбайтың болып бөлінеді. Емдік аппараттардың негізі қысым күшіне және тартылу күшіне байланысты болады. Күштің көзіне байланысты емдік аппараттарды келесідей бөледі:

1) механикалық әсерлі – қолданылатың материалдың және конструкцияның қасиетіне байланысты тіс-жақ жүйесінде қысым пайда болады. Онда ортодонтиялықвинттің күштің, тығыз сымның және лигатураның қасиетің, резиналы сақинаның эластикалық қасиетің. Өзіндік күштің көзіне байланысты бұл аппараттарды сонымен қатар белсенді деп атайды. Көлемін және интенсивтілігін дәрігер реттейді.

2) Функциональді әсерлі – ЖБА бұлшықеттердің жиырылуы кезінде әсер етеді, яғни қызметі кезінде, сондықтан оларды пассивті деп атайды. Тістем аймағы, бағыттаушы жазықтықтар көмегімен шайнау бұлшықеттерінің күші дұрыс орналаспаған тіске, тіс қатарының немесе жақтың деформирленген аймағына беріледі.

3) комбинирленген әсерлі –құрамында қысымның активті және пассивті көздері бар.

4) Сонымен қатар моноблокты және активаторлар.

Алмалы ортодонтиялық аппараттарды қолданғанда есте сақтау керек:

1. Тіс жақ жүйесіне әсер ету кезектілігі және қажетті орын ауыстыратың тістердің көлемі, тістер топтары ем алдында жоспарланады.

2. Емнің жақсы нәтижесі аппараттың тірек бөлігіне байланысты болады, ол аппараттың белсенді (әсер ететің күшіне)бөлігіне қарама қарсы әсер етеді.

3. Бір тіс қатарын кеңейту тіс қатары окклюзиясының айқын бұзылыстарына алып келуі мүмкін.

4. Пластинкалы аппараттарда көп белсенді элементтері болмауы керек, өйткені бір уақытта әртүрлі бағыттағы күшті қолдану олардың өзіндік сөндірілуіне алып келеді.

5. Тіс қатарының формасының және көлемінің өзгерістерімен қоса антогонистердің және синергистердің –бұлшықеттерінде миодинамикалық тепе тендік бұзылыстары байқалады.

Тіс қатарын кеңейтудің соңғы мақсаты олардың формасын қалпына келтіру, аномалиялы орналасқан тістерге орын қалыптастыру, және ең бастысы – опптимальді окклюзияны құру.

Жоғарғы ерін үзбесінің пластикасына кіреді:

Френотомия,(жоғарғы ерін үзбесін кесу).

Френэктомия (жоғарғы ерін үзбесін кесіп алу).

Френулопластика (жоғарғы ерін үзбесінің бекітілу орнын ауыстыру).

Егер рентгенограммада ортаңғы таңдай тігісінің алдыңғы бөлігінде ортаңғы күрек тістердің түбірлерінің арасында жіңішке сызықты анықтаса, онда ол сүйек тінінің жоқ екендігін түсіндіреді, ал ол диастеманы білдіреді. Мұндай жағдайларда жоғарғы еріннің үзбесін ауыстыру қажет. Осындай күрделі емес операцияны жүргізгенде үзбені көлденең кескен жеткілікті емес; оның ортаңғы таңдай тігісіне жалғанатың талшықтарын кесу қажет, әйтпесе операция нәтижесі қанағатсыз болады. Үзбенің әр жағына жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру жүргізгеннен кейін сүйекке дейін V-тәрізді кесінді жасайды. Кейін ортаңғы таңдай тігісіне жалғанатың талшықтарды және тіс аралық емізікшенің ұшын кеседі. Кейбір жағдайларда ортодонтиялық емді жылдамдату мақсатымен бұл аймақтағы сүйек тінінің компактілі пластинкасын бұзады. Операцияны кетгутты тігісті салумен аяқтайды.

Тілдің үзбесін жартылай қысқарту операциясы (жартылай акилоглоссия) негізінен бала туғаннан кейін бірінші айлары жүргізіледі - үзбе өзі жіңішке бұлшықетсіз тяжды құрайды, оны қайшымен кеседі, ауырсынусыз және арнайы тігіс салмай жүргізеді. Жас өте келе тіл үзбесінің анатомиялық формасы өзгереді, үзбе жақсы қан тамырымен қамтамасыз етілгендіктен оған тігіс салу қажет болады.

Толық анкилоглоссия кезінде арнайы пластикалық операция жүргізіледі. Операция кезінде тіндерді минимальді жарақаттау, жаңа технологияны қолдану, косметикалық тігіс салу – бұлардың барлығы минимальді мерзім ішінде қалапты өмір сүруге алып келеді.

Физиотерапевтикалық әдіс.

- Организмдегі нейрогуморальді үрдістерге реттеуші әсер ететің, физиологиялық тітіркендіргіштерге жатқызылуы мүмкін. Олар емдік және профилактикалық мақсаттарда кең сұраныс тапты.

Физикалық факторлардың әсер ету механизмінің жаңа теориясының негізінде нейрорефлекторлы және нейрогуморальді жолдар арқылы әсер ететің әр физикалық факторлардың әсеріне организмнің рефлекторлы реакциясы жатыр.

Дәрілік заттармен электрофорез әдісі оның көмегімен организмге енгізілетің, организмге аралас әсер ететің гальваникалық токтың және дәрілік заттың электрофармакологиялық комплексін құрайды. Йодид калимен және лидазамен электрофорезді операциядан кейінгі тыртықтың жазылуы үшін қолданады.(ерін және таңдай аймағына).

Емдік массаж.

Массаждың физиологиялық әсерінің негізінде күрделі физико-химиялық үрдістер жатыр. Әртүрлі ағзаларда және тіндерде жатқан рецепторлы қабылдаушы аппаратқа бай нерв жүйесі негізгі рольді алады. Нрв жүйесімен әсер етумен қоса, массаж өткізгіш жүйелердің функциясын қалпына келтіреді, қан және лимфа жүйесіне әсер етеді, тері және шырышты қабықтың капиллярларының кеңеюіне алып келеді.

Стоматологияда массаждың үш негізгі түрін қолданады: сипау, жағу(растирание) және вибрация.

Сүрту және жағуды қызыл иек аурулары кезінде қолданады – гингивит, пародонтоз.

Вибрация – бұл шырышты қабыққа және жақын жатқан тіндерге ритмді соқылаумен (дрожание,сотресения)әсер ету.Вибрация әсерінен нерв – бұлшықет аппаратының қозғыштығы төмендеуі мүскін және қан тамырлар тонусы.

Қызыл иек массажы емдік зат болып табылады – қан айналымды, пародонттың қоректенуін жақсартады. Пародонт аурулары кезінде қызыл иекке массажды тіс щеткасы көмегімен, саусақты өзіндік массаж, дәрілік затты немесе тіс пастасын сіңірту арқылы саусақты массаж жасау, вибратор көмегімен массаж жасау.

Массаждың әр жаққа жасау ұзақтығы 4-5 минут.

Емдік гимнастика тіс – жақ жүйесінің аномалияларын емдеудегі және алдын алудағы ең негізгі әдістердің ішіне жатады, сонымен қатар балалардың жақтарына реконструктивті операциядан кейінгі реабилитациялық әдісіне жатады. Физикалық жаттығулар – сүйектің өсуіндегі ең күшті биологиялық стимулятор болып табылады. Бірақ түсірілетің бұлшықетті күш физикалық жаттығулар түрінде ұйымдастырылған жағдайда ғана және терапиялық есепке сай әр топ бұлшықеттеріне бағытталып қолданылса ғана емдік әсер нәтижелі болады.

Балалардың емдік гимнастиканың мақсатына емдік әсерлі қозғалтушы жаттығуларды қолдану арқылы тіс жақ жүйесінің бұлшықетті функциясына жалпы емдік әсерді жатқызуға болады.

Емдік шынықтырумен айналысу ағзаның жалпы физикалық дамуын қалыптастырады – сыртқы тыныс алу функциясын, жүрек қан тамыр жүйесінің және ағзаның басқа да жүйелерінің функциясын жақсартады. Қанқалы бұлшықеттерде физикалық жаттығулар әсерінен жұмысшы гипертрофия типі бойынша қайта құрылу жүреді. Баланы барлық емдеу этаптарында алдыға мақсат қойылады координация функциясын және әртүрлі топ бұлшықеттерінде биологиялық тепе тендікті қалыптастыру, ал қайтымсыз бұзылыстарда – компенсацияны бөлу.

Тістің реплантациясы – бұл тісті өзінің ұяшығына қайтадан орнықтыру. Тістің реплантациясының сол уақыттағы (одномоментную)және кейінгі (отсроченную)түрлерін ажыратады. Сол уақытттағы реплантацияны бір қабылдауда жүргізеді, тісті ремплантацияға дайындайды, түбір өзегін пломбылайды және оны ремплантациялайды,шендейді.Кейінгі реплантацияда шығып кеткен тісті жуады, антибиотигі бар физиологиялық ерітіндіге салады және уақытша (ремплантацияға дейін) холодильникке қояды. Бірнеше сағаттан кейін немесе күннен кейін тіске трепонация жасайды, пломбылайды және реплантациялайды.

Тістің ремплантация операциясын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1. Тісті ремплантацияға дайындау.

2. Тістің ұяшығын реплантацияға дайындау.

3. Тісті реплантациялау және оны ұяшықта бекіту.

4. Операциядан кейінгі ем және динамикада бақылау.

Тістің реплантация операциясынан кейін 1-1,5 ай өткен соң тістің келесідей жазылу типтері болуы мүмкін:

1. Тістің жазылуы периодонт арқылы (синдесмоз)біріншілік типті қысыммен. Бұл ең жақсы нәтижелі жазылудың периодонтальді типі болып табылады, ол негізінен периодонт тіндерінің сау түрінде сақталуына байланысты болады. Жазылудың осындай типінде бақылау рентгенограммасында біркелкі өлшемдегі периодонтальді саңылау анықталады.

2. Тістің жазылуы синестоз типі бойынша немесе тіс түбірінің және ұяшық қабырғасының сүйекті қосылу типі бойынша. Бұл периодонт тіндерінің толығымен өліеттенуінде қолданылады және ең қолайсыз жазылу типі болып табылады(тістің анкилозы). Тістің анкилозы кезінде бақылау рентгенограммасында периодонтальді саңылау көрінбейді.

3. Тістің жазылуы ығысқан (периодонтальді – фиброзды – сүйекті) типті тіс түбірінің және альвеола қабырғасының бірге қосылуы. Осындай типті жазылуда бақылау рентгенограммасында периодонтальді саңылаудың сызығы оның тарылу немесе жойылу аймақтарымен ауысып отырады.

Тісті реплантациялаудан кейін бірнеше жыл өткен соң реплантирленген тістің түбірінің резорбциясы (сорылуы) пайда болуы мүмкін.

Реплантирленген тіс ұяшықта тұрақты тұрса, онда оны бекітпеуге де болады. Үлкендерге қарағанда балаларда реплантирленген тістерде резорбция жиі кездессе де балалардың тісін реплантациялауға күрделі көрсеткіштер бар. Берілген операция альвеолдярлы өсіндінің формасын сақтауда, сүйек атрофиясын алдын алуда және жанында тұрған тістерді ығысуын алдын алуда басты рольді алады. Балаларда тіс толығымен шығып кеткенде, ереже бойынша, тек қана бір түбірлі тұрақты тістерді ғана реплантациялайды.

Реплантацияға жатпайды:

-сүт тістер;

-түбірі сынып кеткен тұрақты тістер;

-тіс ұяшығының қабырғасы бұзылған кезде реплантация көрсетілмейді;

Тіс ұяшығында қабыну дамыған кезде реплантация көрсетілмейді.

 

Тістердің имплантациясы – бұл сүйек тініне тіс түбірінің жасанда аналогын орнату болып табылады. Оған кейін сауытты бекітеді. Имплантат тек қана жойылған тісті қалпына келтірмейді, сонымен қоса сүйек тінің сақтауда басты рольді алады. Бір тісті жоғалтқанда да сүйек тініне түсетің қысым бұзылады. Сүйек тінінің жұқаруы әртүрлі ауруларға алып келеді және соңында тістің түсіп кетуіне дейін алып келеді. Тістің имплантациясы осындай себептерді жояды. Имплантат, тістің табиғи түбірі сияқты, сүйек тінің тонуста ұстап тұрады және барлық тіс жақ жүйесінде дұрыс балансты қамтамасыз етеді.

Балаларға және жасөспірімдерге имплантацияны белгілі жастық көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады – физиологиялық ағза толығымен қалыптасқан жағдайда ғана. Орташа алғанда бұл -16-22жас. Әрине, негізгі фактор болып дентальді және медициналық көрсеткіштер бойынша.

 

 

Date: 2015-12-12; view: 1051; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию