Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологияның ғылымдағы орны





Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдарымен ара- қатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік, көркемдік, тағы басқа көптеген мәселелермен айналысады. Тек биологиялық мәселелермен айналысып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың әлеуметтік- экономикалық жақтарын да зерттейді. Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым, немесе биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс болмайды. Әлеуметтік- экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады. Халықтың саны өсіп, азық-түлік және энергия қуаты жетпей, қоршаған орта шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыс тану бағытына қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды. Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы. Дұрыс шешімін табу үшін жаратылыс тану, техникалық, қоғамдық тағы басқа ғылым салалары қатысуы қажет. Бұл проблемалар бір ғылымның қолынан келмейтін мәселе. Қоршаған ортаға біртұтас жүйе деп қарамай, бөлшектеп зерттегендіктен ғалымдардың ұсыныстары қайшылықтары көп, ортаның бір бөлігіне пайдалы болса басқасына зиянды болып, жұмсалған күш пен қаражат зая кетіп, табиғи ортаның жағдайы жақсару орнына күннен күнге нашарлап, кері кетіп жатады. Қоршаған ортаны, өндірістік аймақты, ауданды, қаланы, облысты, біртұтас алып, олардағы барлық проблемаларды зерттеу арқылы экологиялық дағдарыстан шығу мүмкін. Ол үшін экология басқа ғылым салаларына өзінің тапсырмаларын үлестіріп беріп, олардан түскен ғылыми зерттеулерге талдау жасап, бір- бірімен салыстырып, дұрысын алып, қатесін қайтарып, бір жүйеге келтіріп отыратын жеке ғылым саласына айналуы қажет. Адам баласы миллиондаған жылдар бойы өз өмірін жақсарту үшін биосфераға (жер, ауа, су, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне) елеулі өзгерістер енгізіп келеді. Осы өзгерістердің келешекте пайдалы немесе зиянды болатыны ғылыми тұрғыдан нақты анықталды деп айту қиын.

Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында биосфераға немқұрайды қарау деген болған жоқ. Тіпті қатал заманның ауыр бұлты басып тұрған кезде қазақ елі өз жерінің табиғат байлығын аялап қорғап, обал мен сауапты адалдық пен арамдықты ажырата білді. Қай заманнан бері қарай қалыптасқан дәстүр екенін кім білсін, әйтеүір қазақтар орман-тоғай ішінен жеміс-жидек беретін өсімдіктерді кеспейді. Адамдарды биосфера байлықтарына (аңға, құсқа, жерге, суға, өсімдік жеміне) жанашырлық көзбен қарауға тәрбиелейтін халық аңыздары мен ертегілері, әртүрлі дәстүрлері көп-ақ. Олардың тамыры терең, мазмұны кең, тәрбиелік мәні зор. Биосфераның табиғи ресурстары мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен-күнге қажет болып келеді. Біздің заманымыздағы ғылым мен техника қуатының биосфераны аз жылдың ішінде- ақ адамзат баласы танымастай өзгертіп жіберуге мүмкіндігі бар. Сондықтан да биосферадағы өлі және тірі табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру көзделіп отыр. Қазіргі кезде еліміздің биосфера байлықтарын пайдалануды жоспарлау елде өзекті мәселелердің біріне айналды.

Date: 2016-02-19; view: 1612; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию