Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тапсырма





4. Қажетті есептеулер.

5. Есептеулер нәтижесінің анализі.

6. Жұмыс қорытындысы.

7. Бақылау сұрақтарына жауап.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№ 9 тақырып: Тұрғындарды инженерлік қорғау. Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру және халықты көшіру.

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: аға оқытушы Жақсылықкеліні Ұ.А.


1. Тақырыбы:Тұрғындарды инженерлік қорғау. Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру және халықты көшіру.

2. Мақсаты:

- паналау ғимараттарын тағайындау мен оның қолданысын түсіндіру;

- паналау ғимараттарын пайдалануын және орналасу тәртібін білу;

- студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету;

- тақырыпқа студенттің қызығушылығын арттыру.

3. Оқыту мақсаты:

- ТЖ кезінде өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәртібін үйрену;

- паналау ғимараттарының жіктелуін талдау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:



v Студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

-адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру;

- халықты көшіру;

- қорғаныс ғимаратының жіктелуі;

- панахана;

- паналау ғимаратының құрылысы. Ішін толтыру тәртібі;

- бейбіт уақытта қорғаныс құрылыстарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі;

v Студент меңгеріп келуге тиісті дағдылар:

- әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті;

- паналау ғимаратының ішін толтыру нормативі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:сұрақ-жауап, пікірталас, нормативтерді орындау.

 

Ø Қысқаша теория

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ережелер.

05.07.1996ж. Қазақстан Республикасынын «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы» Заңының 1-тарауының 3-бабында халықты, қоршаған орта мен ШО табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары анықталған.

Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және қазіргі замаңғы заманауи соққы беруден қорғау, үш негізгі қорғау тәсілі кіретін, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:

· қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;

· тұрғындарды көшіру және орналастыру;

· халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру халықты соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. қорғаныс ғимараттары – бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай-ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.

Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.

Халықты көшіру әсіресе бейбіт уақытта болған ТЖ-ға, сондай-ақ соғыс уақытында қала тұрғындарын осы замаңғы соққы беру құралдарынан қорғауға тән.



Халықты жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге және киімге түсуінен, жұғуынан қорғауға арналған.

Олар келесілерге бөлінеді:

· тыныс салу органдарын қорғау тәсілдері (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы, (ПТМ-1) және мақта-дәке таңғышы);

· теріні қорғау тәсілі (арнайы оқшаулап қорғайтын киім, тұрғындарды қорғайтын сүзгі және бейімделген киімі).

Жеке басын қорғау заттарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау республикамыздағы АҚ-ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғарғы құндылық болып табылады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: бүкіл республика аумағында алдын ала; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде жоспарланады және жүзеге асырылады; дифференциялау (панаханалар АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қаланың сыртындағы (қауіпсіз) аймақта салынады) жүргізілуі тиіс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесі ТЖ туындау қаупі мен туындауы кезінде АҚ дабылдары мен ақпараттарды беруге тұрақтары даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары – бұл инженерлік ғимарат, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттардан зақымдануын барынша азайтуға арналған.

Алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

Халықты қорғау қағидасы.

ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары қай заңда, қай жылы анықталған?

Соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі қайсы?

Қорғаныс ғимараттары дегеніміз не?

Халықты көшірудің басты мақсаты неде?

Жеке қорғаныс құралдарына не жатады?

Халықты инженерлік қорғау шаралары қалай жүргізіледі?

Қорғаныс ғимараттары қалай жіктеледі?

Панахана сиымдылығы бойынша қаншаға қалай бөлінеді?

Жылдам тұрғызылатын панаханалардың салыну уақыты мен жұмыс ережелері.

Қарапайым паналау ғимараттарының құрылымы қандай?

Паналау ғимараттары не үшін керек?

Паналау ғимаратының қауіпсіздігінің мағынасы неде?

Паналау ғимараты ішінде рұхсат етілмейтін әрекеттер.

Бейбіт уақытта қорғаныс құрлыстарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі қалай?

ПАНАХАНА

Радиациядан қорғануға арналып құрылған жертөле

Қарапайым панахана

Материалды сапалы меңгеру үшін тәжірибелік жаттығулар өткіземіз:

Паналау ғимаратының ішін толтыру нормативі
Топ паналау ғимаратынан 30 метр қашықтықта тұр 3 минут 4 минут 5 минут
Оқытушы студенттер санына, паналау ғимаратына дейінгі қашықтыққа, есіктердің кіргізу мүмкіндігіне байланысты (баспалдақ алаңдарына және т.б.) норматив уақытын өзгерте алады.

Тыңдаушылардың шабуылға дейінгі іс-әрекеті:

· халыққа хабар беру үшін қолданылатын сигналдар түрімен танысу;

· паналау ғимаратына баратын жақын жолдармен танысу;

· тағам, су қорларын, медикаменттерді, құжаттарды, ақшаны дайындау;

· жеке қорғаныс құралдарын, газқағарды, респираторды дайындау;

· өрт сөндіру құралдарын дайындау.

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

«Әуе дабылы» сигналы кезінде Сигналдан кейінгі іс-әрекет
«Әуе дабылы» сигналы берілген соң өзімен бірге жеке қорғаныс киімде-рін, медициналық қобдишаны, құжаттарды, ақшаны, су мен тағам қорларын алып паналау ғимаратына түсу керек. Үйден шығар алдында терезелерді қараңғылап, есік терезені жауып, электр желілерін ажырату қажет. Тез арада паналау ғимаратына жету керек. Паналау ғимаратынан тек «Әуе дабылы» тоқтағаннан кейін шығу керек. Үйге келген кезде үй қабырғаларының, шатырдың, есіктердің бүтіндігін тексеріп барын ішіне кіруге болады. Үй ішіндегі электр желілерінің бүтіндігін тексеру керек. Зақымданған адамдарға, құтқарушыларға көмек көрсету. Өрт болып жатса өрт сөндірушілер келгенше өртті сөдіруді ұйымдастыру керек.

Дебиет

1. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

2. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.

3. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.

4. Тіршілік қауіпсіздік негіздері А.С. Гинин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.

5. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.

6. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

7. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» / Тайжанов С. – Алматы-2010 ж.

7. Бақылау:

Бақылау жұмысы:

1-нұсқа

Паналау ғимараттарының тағайындалуы және қауіпсіздігі.

Адамдар үйде болғанда «Әуе дабылы» сигналы кезінде ауыл және қала халқының іс-әрекеті.

Панахана бөлмесінің биіктігі қанша болу керек?

2-нұсқа

Паналау ғимараттарының ішіндегі тәртіпті сақтау негіздері.

«Әуе дабылы» сигналы кезінде көшеде немесе автотранспортта болған кездегі сіздің іс- әрекетіңіз.

Панахана бөлмесінің көлемі бір жасырынушыға қанша?


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№10 тақырып: Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: аға оқытушы Жақсылықкеліні Ұ.А.


1. Тақырыбы:.Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.

2. Мақсаты:

- жеке қорғаныс құралдарының қолданысын түсіндіру;

- қорғаныс құралдарын, газқағарларды қолдануды меңгеру;

- студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету;

- тақырыпқа студенттің қызығушылығын арттыру.

3. Оқыту мақсаты:

- ТЖ кезінде өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәртібін үйрену;

- жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

v Студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

- әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті;

-жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі;

v Студент меңгеріп келуге тиісті дағдылар:

- газқағарды киюге арналған норматив;

- ластанған атмосферада жарамсыз газқағардың пайдалану тәртібі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

-сұрақ-жауап;

-пікірталас;

- нормативтерді орындау;

Ø Қысқаша теория

Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.

Газқағарда келесідей ақаулар болуы мүмкін. Шлем-масканың жыртылуы немесе тесілуі, көру шыныларының сынуы, тыныс шығару клапанында ақау болуы. Уланған ауа жағдайында газқағарды алмастыру тәртібімен танысу.

Газқағар Респиратор

Алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

Шлем-масканың құрылымы.

Фильтрлеуші қораптың құрылымы.

Бас өлшеміне сәйкес шлем-масканың размері қалай таңдалады?

Респиратор қандай жағдайда қолданылады?

Әсер етуі бойынша газқағарлар қалай бөлінеді?

Материалды сапалы меңгеру үшін тәжірибелік жаттығулар өткіземіз

Тәжірибелік сабақтың нормативтері

Норматив Уақыт бойынша бағалау «Қанағаттанар-лықсыз» бағаны анықтайтын қателіктер
Газқағарды киюге арналған норматив. Өте жақсы – 7 сек Жақсы – 8 сек Қанағаттандыралық – 10 сек 1. Газқағар бұйрық болмай жатып шешілді. 2. Газқағардың шлем-маскасы дұрыс таңдалма-ған немесе газқағардың ақауы бар.

Ластанған атмосферада жарамсыз газқағарды пайдалану

Норматив Уақыт бойынша бағалау «Қанағаттанар-лықсыз» бағаны анықтайтын қателіктер
Жарамсыз газқағарды киюге арналған норматив. Өте жақсы – 18 сек Жақсы – 20 сек Қанағаттандыралық – 25 сек 1. Газқағар бұйрық болмай жатып шешілді. 2. Газқағардың шлем-маскасы дұрыс таңдалма-ған немесе газқағардың ақауы бар.

Дебиет

1. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

2. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.

3. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.

4. Тіршілік қауіпсіздік негіздері А.С. Гинин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.

5. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.

6. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

7. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» / Тайжанов С. – Алматы-2010 ж.

7. Бақылау :

Тесттер:

1. Панаханалар орналасуына байланысты ... болып бөлінеді.

A) жеке салынған

B) бірлесе салынған

C) тереңде орналасқан

D) қалалық

E) қала сыртында орналасқан

2. Паналау ғимараттарында бір адамға отыратын ... аумақ қажет.

A) 0.5 м кв

B) 0.6 м кв

C) 1 м кв

D) 2 м кв

E) 2.5 м кв

3. Паналау ғимараттарында бір адамға бір сағатқа ... (куб. метр) ауа қажет.

A) 2-10

B) 1

C) 10-15

D) 15-30

E) 30-50

4. Паналау ғимараттарында бір ауру адамға ... (кв.м) аумақ қажет.

A) 1.9

B) 1

C) 3

D) 2.2

E) 1.5

5. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін ... қолданылады.

A) газқағар

B) жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)

C) жеңіл қорғаныс костюмі Л-1

D) өкпені жасанды тыныс алдыру

E) тыныс алуды тоқтату

6.Қорғаныс ғимаратының ішіндегі температурасының (адамға қауіпті) максималды деңгейі ... .

A)34 және одан жоғары

B) 18 және одан жоғары

C) 24 және одан жоғары

D) 28 және одан жоғары

E) 32 және одан жоғары

7. Қоғаныс ғимаратындығы 1 адамға арналған судың апатты қоры - ...

A) 3 литр тәулігіне

B) 2 литр тәулігіне

C) 2,5 литр тәулігіне

D) 5 литр тәулігіне

E) 1,5 литр тәулігіне

8. Қорғаныс ғиамараты ішіндегі ауаның (адамдарға қауіпті) минимальды деңгейінің пайызы - ... .

A) 14% және одан төмен

B) 18% және одан төмен

C) 20% және одан төмен

D) 25% және одан төмен

E) 16% және одан төмен

9. Тез тұрғызылатын панаханалардың сыйымдылығы - ... .

A) 50 және 100 адам

B) 20 және 50 адам

C) 100 және 150 адам

D) 40 және 80 адам

E) 10 және 30 адам

10. Қарапайым панаханалардағы адам сыйымдылығы - ... .

A) 10-15 адам

B) 15-30 адам

C) 25-30 адам

D) 30-40 адам

E) 5-10 адам

11. Панаханадағы 1 адамға вентиляция арқылы жіберілетін ауаның мөлшері - ... .

A) 13 м³/сағ дейін

B) 16 м³/сағ дейін

C) 20 м³/сағ дейін

D) 14 м³/сағ дейін

E) 18 м³/сағ дейін

12. ЖЭП (жиналу эвакуациялық пункт), АЭП (аралық эвакуациялық пункт) және ҚЭП-де (қабылдау эвакуациялық пункт)-терде халықты медициналық қамтамасыз ету үшін ... дайындайды.

A) медпункт

B) аурухана

C) емхана

D) травмпункт

E) эвакопункт

13. Объектiнiң азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң бiрi ... .

A) қорғаныс паналарының

B) технологиялық процесстi бақылау

C) сумен қамтамасыз ету

D) жұмысшыларды дереу жинау

E) ғимараттарды герметикалау

14. Қорғаныс панаға қойылатын талаптарының бiрi ... .

A) ауа ауыстыру жүйесi болуы

B) бес шығатын жолы болуы

C) бiр мың адам орналасуы

D) ішiнде қару-жарақ қоймасы болуы

E) кiтапхана бөлмесi болуы

15. Қорғаныс панаға қойылатын талаптардың бiрi - ... .

A) медициналық бөлме болуы

B) алты шығатын есiк болуы

C) бiр мың адам орналасуы

D) ішiнде қару-жарақ қоймасы болуы

E) кiтапхана бөлмесi болуы

16. Қорғаныс панаға қойылатын талаптарының бiрi - ... .

A) герметикалық қасиетi

B) алты шығатын есiк болуы

C) бiр мың адам орналасуы

D) қару-жарақ қоймасы болуы

E) кiтапхана бөлмесi болуы

17. Қорғаныс пананың есiктер саны - ... .

A) екiден кем емес

B) төрттен кем емес

C) алты кем емес

D) бестен артық

E) бiреу емес

18. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарға жататыны - ... .

A) сүзгiш противогаздар

B) ауасы бар пластик пакеті

C) оба ауруына қарсы киiлетiн костюм

D) АИ-2

E) шлем-маска


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

№11тақырып: Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

 

 

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

 

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

 

 

Сағат саны: 2

 

 

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

 

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

 

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.


1. Тақырыбы: Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- жаралану кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

- студент біліп келуге тиісті мәліметтер

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:сұрау, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.

 

Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

1. Асептика нені білдіреді?

2. Таңғыштарды таңу тәртіптері?

3. Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі?

4. Алғашқы көмек кезінде не жасауға тиым салынады?

 

Ø Рольдік ойын

Жарақат дегеніміз – тері жамылғысының, терең орналасқан тіндердің және органдардың зақымдануы. Жара тосын оқиға және жарақат кезінде зақымданудың көп бөлігін алады.Жарақат үстінгі және терең болады.

Жарақаттың белгілері болып табылады қан кету, ауруы және органдардың функциялары бұзылуы.

Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек(аяққа, қолға).

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен аусады):

· бірінші топ – жарақат алғандар ;

· екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай тұрып бірінші топтағыларға жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны қолдану).

 

 

Жарақат (аяққа, қолға) кезіндегі алғашқы медициналық көмекті көрсетуде қажет етеді:

1) Зардап шегушінің жалпы жағдайын анықтау, керек болған жағдайда ауыртпайтын дәрі беру.

2) Зардап шегушінің қарап шығу және зақымданған жерін анықтау.

3) Келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу.

4) Жараның жанындағы жыртық киімдерді, ластарды, бөгде заттарды жою. Жараның үстіндегі бөгде заттарды және сүйек қалдықтарын жарадан алуға болмайды,

5) Жараны қайта ластануды болдырмау, ол үшін жара жанындағы теріні дезинфекциялық ерітінділермен (йод, марганцовка, спирт, әтір, бензин ) 2-3 рет сүрту. Мұндай жараны тазалау шетінен сыртына қарай орындалады.

6) Жарақат аймағын залалсыздандырылған таңғыш заттармен жабу. Таңғышты оң қолымен алып, оның ұшын сол қолмен ұстайды. Таңғышпен ораған кезде оның әрбір оралған бөлігін келесі орағанда жартысын жабу керек. Аяқ – қолды таңу оның жіңішке жағынан бастап және жуан жағына жалғасады. Бірінші қойылған таңғыш ауыртпау керек және қан айналымын бұзбауы тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде стерильді орамалдың орнын стерильді жастықшалар қолданады. Жараның бетіне жастықшалар ішкі бетіне жанынан орналасады.

7) Зардап шегушіні тез арада зақымданған органға қауіп тигізбей емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде болмайды:

1) жараны спиртпен және йодпен өңдеуге болмайды, себебі жараны күйдіріп жіберуі мүмкін;

2) жараға жабысып қалған киімді жұлып алуға болмайды;

3) жараға май және мазьдерді жағуға болмайды;

4) жараға мақта қоюға болмайды.

Дебиет

1.«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

Оқу құралдың І және ІІ кітабын құрастыруына ТЖ мен АҚ республикалық курстарының қыжметкерлері мен мұғалімдері: Суровцев А. А., Мельников Е. Н., Малеваный С. В., Медведева Н. М., Шарипханов С. Д., және Хурсанов С. К. Қатысты. Мемлекеттік тілге аударған: Жүнісбаев Н. Ә.

2.Гражданская оборона. Учебник под редакцией Шубина Е. П., Москва. 1997.

3.Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности. Высшая школа, Москва. 1999.

4.Демиденко Г. П. и др. Справочник. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения. Киев. Высшая школа. 1989.

5.Дудин П. Г. и др. Безопасность жизнедеятельности. Таганрог. ТРТУ. 1993.

6.Рагимов Р. Р. и др. Безопасность жизнедеятельности. Ростов - на - Дону. РГУ. 2001.

7. Бақылау

Тесттер:

1.... жараларда қан көп жоғалады және инфекция түсуі аз болады.

A) Кесілген

B) Соғылған

C) Шабылған

D) Тістелген

E) Түйрелген

2. ... жараларда жараның айналасындағы ткандерді аз зақымдалып, бірақ, тереңдегі органдарды зақымдайды.

A) Түйрелген

B) Соғылған

C) Шабылған

D) Тістелген

E) Кесілген

3. ... жарақатта айналасы жаншылған және көп зақымданған болады.

A) Шабылған

B) Соғылған

C) Тістелген

D) Түйрелген

E) Кесілген

4. ... жараның формасы бірқалыпты емес және жануардың сілекейімен ластанған.

A) Тістелген

B) Соғылған

C) Шабылған

D) Түйрелген

E) Кесілген

5. ... жараның формасы біркелкі емес, қатты ластанған, іріңді инфекцияға әкелуі мүмкін.

A) Соғылған

B) Шабылған

C) Тістелген

D) Түйрелген

E) Кесілген

6. Қан ағудың ... түрінде қан көп жоғалады және ол алқызыл түсті, қан ағуы жүрек ритміне сәйкес.

A) артериальді

B) ішке қан ағу

C) венозды

D) капиллярлы

E) аралас

7. Қан ағудың ... түрінде қанның түсі қара-қоңыр түсті, мөлшері көп емес, қан ағу жүрек ритміне сәйкес келмейді.

A) венозды

B) ішке қан ағу

C) капиллярлы

D) аралас

E) артериальді

8.Қан ағудың ... түрінде қан ағудың бірнеше түрі бір уақытта болады.

A) аралас

B) ішке қан ағу

C) венозды

D) капиллярлы

E) артериальді

9. Жара дегеніміз - ... .

A) терінің, кілегей қабықтың және тереңде жатқан тканьдердің бүтіндігінің бұзылуы

B) зақымдалған қан тамырларынан қанның шығуы

C) ауыр зақымданудың асқынулары

D) сүйектердің бүтіндігінің бұзылуы

E) жоғары температура әсерінен тканьдердің өлуі








Date: 2015-05-22; view: 2165; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2022 year. (0.148 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию