Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Windows реестрі





Microsoft компаниясы Windows 95 (сосын Windows 98) жасаған кезде, ол Windows З.х. операциялық жүйесінде қолданылған INI-файлдарға қарағанда орнықтырудың ең ыңғайлы әдісін іздеді. Қолданушыларға басқа бағдарламалардың жұмыс директориясындағы әр түрлі INI- файлдарды айтпағанда жалпы Windows директориясына файлдарды жүктеу қиынға соқты. Windows З.х қандай да бір қиындықты жою үшін керекті файлды іздеу оте қиын. INI-файлдар жабдықтаушыларын бағдарламалық жасақтаманың орнықтыруларының мүмкіндіктерін шектеуге жол берді. Пішімдеудің әр түрлі әдістерін қолданғандьқтан, ешкім де бұл жағдайда бір INI-файл- ды екіншісінен ажырата алмады. Бұл қолданушының жұмысын ауырлатқаны белгілі.

Windows 98 дұрыс реестрсіз жүктеле алмайды. Реестр файлының кез келген бұзылуы Windows 98-дің жүктелуіне қарамастан, көптеген қиындықтар туғызады. Тіпті реестр Windows реестрі INI-файлдарға қарағанда /қай және жүйе жайлы ақпаратты орталық сақтағыш болса да ол өзімен-өзі қиындық тудырады. Егер реестрді мән беріп қарастырсақ, Windows жүйесі мен компью-тердің аппараттық құралдарының өзара байланысының толық сипаттамасынан тұратынын көруге болады. Windows реестрі аппараттық және бағдарламалық өңдеулерден ғана тұрмайды, ол, сонымен қатар компьютер жайлы кез келген ақпараттан тұрады. Windows жайлы көп нәрсені мына деректер базасында келтірілген ақпаратты қарастырып қана білуге болады. Мысалы, Windows 98-де бірнеше жұмыс үстелдерін қолдануға болатынын білесіз бе? Әрине, бұл басқа қиындыққа әкеледі: бұл бөлек үстелдерді қарастыру. Реестр редакторында (Registry Editor) көрсетілген реестр форматы әкімшілікке жұмыс үстелдерін жөндеудің түрлілігін анықтауға мүмкіндік береді және оларды орнықтыруға көмектеседі. Бәрінен де ыңғайлысы, реестрді жөндеу үшін мәтін редакторын қолдану міндетті емес. Windows- тың басқару қолдана алатын реестрде сақталатын жөндеулерді өзгерту үшін әдейі сызба интерфейсімен редакторы бар.

Windows реестрі көп ақпараттан тұрады және оны анықтау оңай, бірақ бұл қолданушы үшін әлі ештеңе білдірмейді. Қатты диск қүрамын қарау үшін жетекші (Explorer) қаншалықты жиі қолданады? Көптеген адамдар оны өте жиі қолданады, өйткені ол - ақпаратты табудың ең ыңғайлы әдісі. Реестр Explorer-ді қолдануда өте ыңғайлы бола алады. Көп қолданылатын әдістердің бірі - қосымшасы бар файл типінің көптік қауымдастығын жасау. BMP және PCX типті файлдармен қандай да бір сызба редакторының қауымдастығын жасау керек дейік. Бұл мүлде қиын емес. Бірақ типтердің әрбіреуі басқарма жолының параметрлерін қажет етсе не болады? Дәл осы уақытта реестрдің көмегі керек болады. Реестрдің белгілі бір жазбаларын жөндеу үшін әр түрлі типті құжаттар үшін жаңа командаларды контекстік менюге қосу керек. Реестрдің ішкі құрылысын қарастырайық. Реестр редакторын қосу үшін RegEdit ашыңыз. Реестр редакторын Windows 98 реестрдегі әр түрлі жазбаларды қалай жіктейтінін білу үшін қолдануға болады.

Реестр редакторында екі панель бар, мұнымен ол Windows жетекшісіне ұқсас. Сол жақ панелінде көрсетілген элементтер кілттер болып табылады. Бұл кілттерді орнықтыру ақпаратының белгілі бір бөліктерін табуын тездететін кітап бөлімдері ретінде қарастыруға болады.

 

 

6.2.4. Windows NT операциялық жүйесі

 

1993 жылдың ортасынан бастап Microsoft Windows NT «жаңа технологиялар» (New Technology - NT) атты опе- рациялық жүйелерді шығара бастады.

Windows NT операциялық жүйесі басынан бастап жаңа операциялық жүйелерге қойылған талаптарға сай жасалды: кеңейтілуінде, ауыстырылуында, сенімділікте, жаңалығында, өндіруде. Бұл қасиеттер клиент-сервер, микроядро, объектілер сияқты алдыңғы қатарлы құрылымдық бағдарлаудың технологиясын қолданудың арқасында пайда болды.

Windows NT-да ығыстырумен (preemptive multitasking) көптапсырмалылық механизмі қолданылады. Windows NT Server жіптерімен басқару үшін приоритеттер механизмі қолданылады. Белгілі бір уақыт мезеттерінде приоритеттерді бағалау мен жіптердің қайта жіктелуі қарастырылады, мұның нәтижесінде бір ағын бағдарламасының кезек деңгейлері әр түрлі процестермен орындала алады немесе келесі процессордың босағанына дейін қала береді.

Windows NT сәйкес операциялық жүйесі кез келген бос процессорда немесе олар арасында жадыны бөліп, барлық процестерде бір мезетте орындала алатын симметриялық көппроцессорлы есептеме процесін қабылдайды. Көптапсырмалылық жіптер деңгейінде орындалатынын ескерсек, бір процессордың әр түрлі бөлімдері қатар орындала алатынын айтуға болады. Бұдан көп- жіпті серверлер бір клиенттен артық жібере алады. Windows NT Server 16 қатар процессорге дейін жұмыс істейді, бұл 16 процессорлі Intel 486/50 МГц Sequent фирмасының Symmetry 750 сияқты серверлеріне ыңғайлы. Windows NT Server-дің СМП өткізілуі өндірістің үйлесімділігіне бағытталған және бұзылуларға қарсы түру мақсатында қайта сақтауды қарастырмайды. Бір процессордың бұзылу мезетінде жүйе тоқталады.

Windows NT Server-де толықтай СМП архитектурасының қарқынды ауқымы потенциалы жасалған.Бірпроцессорлі жүйені ОЖ түрін немесе қосымшаны өзгертпей,процессорлар санын өсіріп, оңай дамытуға болады.

Windows NT Server кіріс/шығыс құрылғыларымен басқаруда асинхронды әдіс қолданылады. Процестің бітуі үшін немесе жаңа тапсырманың басталуы үшін оқу не жазба сияқты операциялардың бітуі жайлы хабарды тосу қажет емес. Әр процесс бағдарламаны спецификалық көрсетумен орындалатын бір жіпті қолданумен жасалады. Соңында бағдарлама жаңа жіптер жасай алады, және Windows NT Server бұған үлкен деңгейлі қосымшаны қолданбай-ақ, оларды жіктейді және олармен басқарады.

Қолданбалы бағдарлама бірнеше ағындарды қолдану үшін мұны оның алгоритмінде жасаудың керегі жоқ. Бөлек ағын әр операция үшін жасалады. Мысалы, бір ағында бағдарлама күрделі сызба пішінін жасаса, екіншісінде жөндеу үшін объемды сызбаны қолданады. Бұл ағындардың әрбіреуі қосымша жағынан ешқандай қатысуды талап етпей бөлек процессорларда істейді. Процессор ішіндегі ағындар жадының ортақ облысын қолданады, сәйкесінше олар әдейі деректермен алмаспау керек.

Бірігу талабына сәйкес, Windows NT Win32 API бағдарламалық интерфейсті қосымша үшін ғана орындау ортасын қамтамасыз етпейді. Intel фирмасының процессорларында орындауда Windows NT сақтанған ішкі жүйелері MS-DOS, Winl6, OS/2 қосқанда Microsoft мекемесінің бар қосымшаларының екілік сәйкестігін реттейді. MIPS RISC процессорларында екілік сәйкестік MS-DOS қосымшалары және 16-битті Windows-қосымшалары үшін (эму- ляцияны қолданумен) жетеді. Windows NT, сонымен қатар, IEEE 1003.1. үлгісінде анықталған интерфейсті қатаң ұстанатын POSIX-қосымшалар үшін бар тестер деңгейінде сәйкестік қамтамасыз етіледі.

Бағдарламалық интерфейс сәйкестігінен басқа Windows NT MS-DOS (FAT), CD-ROM, OS/2 (HPFS) және жаңа (NTFS) файлдық жүйелерін қолдайды.

Көптеген басқа операциялың жүйелерге қарағанда Windows NT басынан бастап желіде жұмыс істеуге арналған. Нәтижесінде файлдарды, құрылғылары мен объектілерді ортақ қолдану функцияларын қолданушы интерфейсіне енгізілген. Басқарулар желі жұмысын орталықтандырылған басқарумен қадағалай алады. Ең маңыздысы клиент-сервер типті қосымшалар көпкомпьютерлік жүйелерде жұмыс істей алады.

Date: 2015-05-22; view: 1371; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию