Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Объектілі-бағытталган әдіс





Микроядролар технологиясы жүйелі түрде дамуға қабілетті модульдік жүйелердің негізін қаласа да, ол жүйелердің кеңейту мүмкіншіліктерін толығымен қамтамасыз ете алмады. Қазіргі кезде бұл мақсатқа үлкен дәрежеде әрбір бағдарламалық компоненті басқаларынан функционалды оңашаланған объектілі-бағытталған әдіс сәйкес келеді.

Бұл әдістің негізгі ұғымы «объект» болып табылады. Объект - бүл хабарламаларды қабылдау және жіберу арқылы басқа объектілермен өзара әрекеттесетін бағдарламалар мен мәліметтердің бірлігі. Объект кейбір нақты заттардың - қолданбалы бағдарламалардың немесе құжат сияқты кейбір абстракциялардың да, процестің, оқиғаның ұсынуы болуы мүмкін.

Объектінің бағдарламалары (функциялары) осы объектінің мәліметтерімен орындалуы мүмкін әрекеттердің тізімін анықтайды. Объект-клиент объект-сервердің кез келген функциясын орындауға сұраныс туралы хабарлама жібере отырып басқа объектіге жүгіне алады.

Объектілер өздері ұсынатын мәнді әр түрлі детализация дәрежесімен бейнелеп түсіндіре алады.

Объектінің мәліметтерінің ішкі құрылымы бақылаудан жасырылулы тұрады. Объектінің мәліметтерін өз бетімен өзгертуге болмайды. Объектіден мәліметтер алу үшін немесе объектіге мәліметтерді сыйғызу үшін лайықты объектіні функциялар шақыру қажет. Бұл объектіні оны пайдаланатын кодтан оңашалайды. Өндеуші басқа объектілердің функцияларына жүгіне алады немесе олар қалай құрылымдасқанын білмей отырып, басқа объектілердің қасиеттерін иемдену жолымен жаңа объектілер сала алады. Бұл қасиет инкапсулияция деп аталады.

Сонымен, объект сыртқы дүние үшін жақсы анықталған интерфейспен бірге «қара жәшік» түрінде елестетіледі. Бұл объектінің бір жүзеге асырылуын басқасымен жеңіл ауыстыруға мүмкіндік береді, мысалы, аппараттық құрылғыларды алмастыру жағдайында; бұл жағдайда алмастырылатын объектілер орналасқан күрделі бағдарламалық айнала ешқандай өзгертулерді талап етпейді.

Бір жағынан, объектілердің «қара жәшік» түрінде елестетілу қабілеттілігі оның ішіне буып-түюге және олардың ішінде ештеңені өзгертпей-ақ бар қосымшаларды объектілер түрінде көрсетуге рұқсат етеді.

Объектілі-бағытталған әдісті пайдалану, әсіресе белсенді дамитын бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауда, мысалы, әр түрлі аппараттық платформаларды орындау үшін арналған қосымшаларды өңдеуде нәтижелі.

Бұл әдіс таратылған есептеуіш орталардың орындалуында мүмкіндігі зор. Объектілерге негізделген мұндай орта үшін жасалынған қосымшалар олардың желіде орналасқан жеріне тәуелсіз және олардың операциялық ортасына тәуелсіз объектілер жиынына динамикалық түрде жүгіне отырып орындала алады.

 

 

6.2.1. МS D0S операциялық жүйесі

 

МS DOS операциялық жүйесі (Місrosoft фирмасы) 1981 жылдан бастап пайда болды. Қазіргі кезде 6.22 және 7.0 болжамалары (Windows 95 құрамында) бар, сонымен бірге оның басқа фирмалар-өндірушілердің (DR DOS, РС DOS) түрлері де бар.

МS DOS - дербес компьютерлерге арналған кең тара- тылған бірінші операциялық жүйе. Ол уақыт келе Windows және Linux типтерінің жаңа, қазіргі заманғы операциялық жүйелерімен ығыстырылған болатын, бірақ бірқатар жағдайда МS DOS ЭЕМ-да жұмыс істеу үшін арналған ыңғайлы және жалғыз мүмкін болып қалады (ескірген техника, ертеде жазылған бағдарлама- лық жасақтама, т.б.).

Пайдаланушылардың DOS операциялық жүйесімен жұмысы командалық жолдың көмегімен жүзеге асады, өйткені онда меншікті графикалық интерфейс жоқ болады. Жүйемен қатынасты оңайлатудың көптеген әрекеттері қарастырылды және ең сәтті шешімді Питер Нортон ұсынды. Көптеген пайдаланушылардың DOS операциялық жүйесіндегі жұмысы оның бағдарламасымен нақ қауымдасады - Norton COMMANDER. NC қабықшасы пайдаланушыдан МS DOS файлдық жүйесімен жұмыс істегенде пайда болатын көптеген ыңғайсыздықтарды жасырады, мысалы, командалық жолдан командалар теріп алу сияқты. Қолданудағы қарапайымдылық және ыңғайлылық NС типіндегі қабықтары біздің уақытымызда да танымал (оларға QDos, PathMinder, ХТгее, Dos Navigator, Volkov Commander және басқаларын жатқызуға болады). Олардан Windows 3.1 және \Windows 3.11 графикалық қабықтары түбегейлі айырылады. Оларда ашуға, экранда орынын ауыстыруға және жабуға болатын «терезелер» деп аталатын тұжырымдама қолданылады.

МS DOS-та ҒАТ файлдық жүйесі қолданылады. Оның негізгі бір кемшіліктері файлдардың және каталогтардың атауларына қатаң шек қою болып табылады. Атауы сегізден көп емес символдан құралады. Кеңейтілу нүктеден кейін көрсетіледі және үштен көп емес символдан тұрады. Файл атында кеңейтілудің бар болуы міндетті болып табылмайды, ол ыңғайлылық үшін қосылады, себебі кеңейтілу оны қандай бағдарлама жасады және файл құрамының типін білуге рұқсат етеді. DOS аттас жолды және бас әріптер арасында ерекшеліктер жасамайды. Әріптерден және цифрлардан басқа файлдың атауы және кеңейтілуі мына символдардан құралады: -,_, $, #, &, @,!, %, (,), {, }, ', ^.МS DOS-та файлдар атауларының мысалдары: doom.ехе, referat.doc.

МS DOS әлдеқашан ертеде жасалған болғандықтан (компьютерлердің қалай шапшаң дамитыны және ескі- ретіні белгілі, сол сияқты олар үшін арналған бағдарламалар да), ол қазіргі операциялық жүйелерге ұсынылатын талаптарға мүлдем сай келмейді. Ол қазіргі ЭЕМ-да орнатылған жадының үлкен көлемін тікелей пайдалана алмайды. Файлдық жүйеде файлдардың тек қана қысқа атаулары қолданылады (атауында 8 символ және кеңей- тілуде - 3), дыбысты карталар, бейне-үдеткіштер, т.б. типіндегі әр түрлі құрылғылар да сүйенеді.

МS DOS-та мультимақсаттылық мүлдем жүзеге асырылған емес, яғни ол табиғи түрде бірнеше мақсатты (жұмыс істеп жатқан бағдарламалардың) бір уақытта орындай алмайды. Сондықтан ол желіде нағыз көппайдаланушылық жүмысқа арналған негізгі операциялық жүйе ретінде қолданыла алмайды.МS DOS ешқандай бақылау және бағдарламалар мен пайдаланушылардың бекітілмеген әрекетінен қорғаныш құралдарына ие емес, бұл вирус деп аталатындардың үлкен санының пайда болуына әкелді.

МS DOS мынадай компоненттерден тұрады:

- бастапқы жүктеу блогы (жүйелік дискетаның 1-секторында 0-жолында 0-жағында

орналасады);

- BIOS-пен өзара әрекеттесу модулі (IO.sys 5.0 және жоғары болжамға арналған);

- үзілулерді өңдеу модулі (МS DOS.sys 5.0 және жоғары болжамға арналған);

- командалық процессор (COMMAND.com);

- MS DOS-тың сыртқы командалары (бағдарламалары);

- құрылғылардың драйверлері;

- Config.sys файлы;

- AutoExec.bat; файлы;

Бастапқы жүктеу блогы + IO.sys + MS DOS.sys - MS DOS ядросы.

Бастапқы жүктеу блогы:

Жүйелік дискеттің 1-секторында 0-жолының 0-жағында, НDD-дискінің 1-секторында, MS DOS-та қалдырылған бөлімде орналасады. Жүйелік дискінің ТАМЫРЛЫ каталогын қарап шығады. Каталогтағы бірінші екі файл - ІО.sys және MS DOS.sys файлдары болып табыла ма, соны тексереді. Егер ИӘ болса оларды ОЕҚ-ға (ОЗУ) жүктейді және басқаруды MS DOS тапсырады. Егер ЖОҚ болса - экранда хабарлама шығады және пайдаланушы- мен қандай да бір пернені басуды күту. Сондықтан Жүйелік дискетті «даярлауда» ІО.sys және MS DOS.sys файлдарын SYS.com арнайы бағдарламаның көмегімен Жүйелік дискетке алып орналастыру қажет.

IO.sys:

Бұл - резиденттік модуль (РС қосылып тұрғанша, жүктеуден кейін әрқашан ОЕҚ-да орналасады). BIOS- пен өзара әрекеттеседі. BIOS-тың мүмкіншіліктерін кеңейтеді немесе оның қасиеттерін қосымша драйверлердің көмегімен өзгертеді (қай жерде қажетті).

MS DOS.sys:

Бұл - резиденттік модулъ. Қолданбалы бағдарламаларға арналған жоғары деңгейлі интерфейсті қамтамасыз етеді, файлдармен, енгізу-шығару құрылғыларымен басқаруға арналған бағдарламалық құралдардан тұрады, ерекше жағдайлардың өңделуі (қателердің) және басқалары. Қолданбалы бағдарлама бұл модульдің функцияларын ақпаратты CPU регистрлері немесе (және) ОЕҚ-ның жады облысы арқылы MS DOS -қа (-тан) тапсыра (қабылдай) отырып, үзілу механизмі (бағдарламалық үзілулер, 5.1-тақырыбын қараңыз) арқылы шақырады. MS DOS.sys қолданбалы бағдарламаның сұранысын бір немесе бірнеше шақыруларға (IO.sys + BIOS) трансляциялайды (аударады).

Командалық процессор (COMMAND.com):

MS DOS -тың бөлек модулі. Бұл модуль басқа, аса ыңғайлысына ауыстырылуы мүмкін және мыналар үшін арналған:

- командалардың пернетақтадан немесе *.bat -

файлдардан қабылдануы және олардың орындалуы;

- MS DOS жүктегенде, Auto.Exec.bat файл

командаларының орындалулары;

- ОЕҚ-ға жүктеулер және MS DOS ортасында

қолданбалы бағдарламалардың орындалуына бастама.

Командалық процессор үш бөлімнен тұрады:

- резиденттік (MS DOS.sys кейін лезде ОЕҚ-да

орналасады, кейбір үзілулерге қызмет көрсету

- процедураларынан, MS DOS -тың стандартты

қателерін өңдеу процедураларынан, командалық процессордың транзиттік бөлімін жүктеу процедурасынан тұрады);

- инициализациялайтын (ОЕҚ-да резиденттік бөлімнен

кейін орналасады, OS жүктеу уақытында оған басқару беріледі; ол AutoExec.bat файлын және басқа әрекеттерді «орындайды»; командалық процессордың бұл бөлігі ОЕҚ-дан бірінші жүктелетін бағдарламамен жойылады);

- транзиттік (ОЕҚ-ның үлкен адрестеріне жүктеледі,

барлық ішкі командаларды, пернетақтадан және *.bat- файлдарынан командаларды өңдейді, MS DOS жүйелік кеңес сөздерін шығарып отырады; ОЕҚ-на бағдарлама- ларды жүктейді және оларға басқаруды тапсырады).

Сыртқы командалар (бағдарламалар):

MS DOS-қа кіретін анықталған функциялар орындайтын қосымша бағдарламалар.

Құрылғылардың драйверлері:

Сыртқы қүрылғылармен басқаратын арнайы резиденттік бағдарламалар. Драйверлер ОЕҚ-ға Config.sys файлында көрсетілген ретте жүктеледі.

Config.sys:

Жүктелетін қосымша драйверлер туралы ақпараттан және MS DOS пен оның ортасында орындалып жатқан қолданбалы бағдарламаларға тікелей қатысты басқа ақпараттан түратын арнайы мәтінді файл. MS DOS бұл файлды COMMAND.com жүктегеннен кейін лезде автоматты түрде орындайды.

AUTOEXEC.bat:

Икемдеуші қосымша ақпараттан түратын арнайы мәтінді файл. MS DOS бұл файлды CONFIG.sys орындалғаннан кейін лезде автоматты түрде орындайды.

Date: 2015-05-22; view: 1098; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию