Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






NetWare құрылу тұжырымдамасы





NetWare - бұл арнайы операциялық жүйе, ол басынан бастап желілік сервистің оптимизациясы үшін бағдарланған жалпы мақсатты ОЖ емес. NetWare 32-разрядты адресті жадымен байланысты 386, 486 процессорлар мен Pentium барлық қасиеттерін қолданып сақтанған CPU (protected mode) режимінде істейді. Сақтанған режимде жады үздіксіз адрестер диапазонымен адрестеледі. Бұл «жалпақ» (flat) атты жады моделі жадымен басқаруды көңілдетеді және оңайлатады. Бұл жағдайда барлық жады бір сегменттен тұратындықтан, жады сегменттерін өзгертуге қажет жоқ. «Нағыз» режимдегі жұмыста CPU жадыны шығару бойынша бөлек амал 64 К сегменттің ең үлкен размері болғандықтан, 64 К размерімен шектелген. 32-разрядты режимде жұмыс барлық компоненттер мен ОЖ модульдерінің орындалуының жылдамдығын әлдеқайда жоғарылатады.

NetWare бір процестің бірнеше қатар орындалатын жіпке бөліну ерекшеліктерінің бәрін қолдануға мүмкіндік беретін «жіптер» (thread) механизмі жасалған.

Жіптерді диспетчерлеу алгоритмін жасаудың бірнеше нұсқалары бар. NetWare шеттетпейтін көптапсырмалылық (nonpreemptive multitasking) әдісін қолданады. Бұл қосымшалар мен олардың жіптерін басқа қосымшалар мен олардың жіптерімен үзуге мүмкін емес екенін білдіреді. Кейде бұл әдісті қосымшалардың жүйелі ресурстарға сыпайы қатынасы үшін «жақсы жігіттер ортасы» деп атайды. Егер қосымша басқа қосымшаларға орындалу үшін анда-санда басқаруды CPU бермесе, онда осы қосымша ғанажұүмыс істейді. Сәйкесінше мұндай режимде жұмыс барысында CPU алуларының нәтижесін түсіну және теңдер арасында «жақсы жігіт» болу маңызды. Шеттетпейтін көптапсырмалылықтың негізгі ерекшелігі - процесс жібі кездейсоқ және ол күтпеген уақытта үзілгенде және ОЖ үзілген жіп туралы артық ақпаратты сақтауға тура келген кезде шеттететін көптапсырмалылыққа (preemptive multitasking) қарағанда жіптен жіпке тез өту болады.

NetWare шеттетпейтін көптапсырмалылықты қолданатындықтан, ол орындалып жатқан жіптердің әрекеттерін басқаруды ойламайды. NetWare қандай жіп, қандай бастылықпен, оның орындалуы қаншалықты ұзақ екені жайлы ақпарат сақтайды, бірақ жіптерге өз шектеулерін кейбір жағдайда ғана атайды. NetWare барлық жіптерге басқаруды жиі беріп, олар процессорды әділ бөледі деп есептейді. Бұл NetWare өзіне жақсы істеуге мүмкіндік береді.

NetWare ОЖ-де деректерді сервердің қатты дисктерінен оқып, оларды кэш-буферлерде орналастыратын бөлек оқу процесі қарастырылған. Бұл процесс оқуға түсетін сұрауларды жіктейді де, дисковод басының орналасуына тәуелді бастылықтар бойынша орналастырады. Осындай әдіс элеваторлы іздеу (elevator seeking) деп аталатын сұрауларды жөндеу диск бастарының өтуін үйлесімділейді де, нәтижесінде сұраулардың үлкен жиілігінде дискті ішкі жүйенің өткізгіш қабілетін үлкейтеді.

Егер серверде бірнеше дискті каналдар болса, онда NetWare деректерді іздеуді бірнеше дисктерде қатар іздей алады. Бұл өндірістікті жоғарылатады.

NetWare ақпаратты сақтау құралдары операциялық жүйенің базалық деңгейінде болады. NetWare файл-серверлерінде деректердің ерекше құрылымы пайдаланылатындықтан, қолданушылар физикалық кіруді пайдаланса да желілік файлдарға кіре алмайды.

NetWare операциялық жүйелері мынадай деңгейлердің сақтау механизмдерінен тұрады:

- қолданушы жайлы ақпаратты сақтау;

- парольді сақтау;

- каталогтарды сақтау;

- файлдарды саңтау;

- желіаралық сақтау.

1983 жылы Novell фирмасы жергілікті желінің тұжырымдама жүйесіне қолданушы атауы, қолданушы паролі мен сипаттамасы (user profile) деген ұғымдарды енгізді. Қолданушы сипаттамасы қолданушы кіре алатын ресурстар тізімдерінен, және осы ресурстармен жүмыс кезіндегі құқықтардан тұрады. Желі әкімгері қолданушы желіге кірген кезде оны күні, уақыты және нақты жұмыс станциялары құқықтарымен шектей алады.

Парольдер серверде шифрленген күйінде сақталады. Пайдаланушымен жасалатын пароль кабель бойынша шифрленген күйінде жіберіледі, бұл желіні «тыңдау» жолымен біліп қоюдан сақтайды. NetWare ОЖ қорғанышы жағынан операциялық жүйелер жұмыс станциялар арасында айырмашылық жасамайды. DOS, Windows, OS/2, Macintosh және UnixWare басқармасында жұмыс істейтін станцияларға бірдей қызмет етіледі және барлық қорғаныш функциялары NetWare желісінде қолдана алатын барлық операциялық жүйелерге қолданады.

NetWare ОЖ құрылымы.

Барлық желілік сервистер, сервер утилиттері немесе серверде жұмыс істейтін қосымшалар NetWare-да жүктелетін модульдер - NetWare Loadable Modules, NLMs түрінде орындалады, олар сервердің тоқталуынсыз динамикалық міндеттей және қайта міндеттене алады.

System Executive деп аталатын жүйе ядросы жадымен басқару, жіптерді жоспарлау мен диспетчерлеу, файлды жүйемен басқару бойынша ОЖ базалық тапсырмаларын орындайды, сонымен қатар NLM интерфейсі үшін бағдарламалық шинаны ұстанады. Әр NLM операциялық жүйе функциясын (диск немесе желілік адаптер драйвері, атаулар кеңістігінің утилиті, файлды сервер немесе пошталық сервис модулі) орындайды немесе қосымша желілік сервисті жасайтын қолданбалы модуль болып табылады: мысалы, SQL-серверінің сервисі немесе баспа сервері. Ядро үшін NLM модулінің барлық жүйелері тең, сондықтан жүйе функцияларының кеңеюі немесе сығылуы сәйкес NLM қосу немесе қайта жүктеу жолымен жасалады.

Date: 2015-05-22; view: 949; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию