Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Windows NT тұжырымдамалары





Объективті-бағытталған әдіс. NT толық объективті-бағытталған болмаса да, оның негізінде объектілер жатыр. Атаудың біртекті пішіні, жүйесі, ресурстарды ортақ қолдану мен есептеу, жүйе қорғанысы мен оның модификациясын қамтамасыз етудің жай және тиімді тәсілі - бұл ыңғайлықтардың бәрі объектілі модельдерді колдануда бола алады.

Windows NT файлдарды, ортақ қолданатын жады мен физикалық құрылғыларды қосқанда бір уақытта бірнеше процессормен қолдануға болатын жүйенің кез келген ресурсы объект түрінде жасалған және функциялар қатарымен басқарылады. Мұндай әдіс операциялық жүйеге оны қолдану барысында енгізуге қажетті өзгерістен санын азайтады. Сәйкесінше егер жаңа ресурстарды ұстану қажет болса, операциялық жүйенің басқа кодын өзгертпей, жаңа объектіні қосу керек.

Объектілер мен кәдімгі деректер құрылымының арасындағы ең негізгі айырмашылық объект деректерінің ішкі құрылымы қарастырудан жасырылған. Бұл жасау құралдарын оны ғана қолданатын кодтан айырады, мұндай техника соңында объектілер жасалуын өзгертуге оңай мүмкіндік береді.

NT executive жасаушылар тобы желілік ресурстарды көрсету үшін объектілерді қолдануды шешті, өйткені объектілер ОЖ үш маңызды тапсырмасын орындау үшін орталықтандырылған құралдармен қамтамасыз етеді:

- адам қабылдай алатын желілік ресурс атауларын

ұстану;

- процестер арасында ресурстар мен деректерді жіктеу;

- ресурстарды бөлек кірулерден сақтау.

NT executive-тe барлық деректер құрылымы объектілер болып табыла бермейді. Объектілер ретінде бөлуге, сақтауға, атауға немесе қолданбалы режим бағдарламалары үшін көрінетіндей жасауға болатын заттар жасалған. Ішкі функцияларды орындау үшін бір ғана executive компонентімен қолданатын құрылымдар объектілер болып табылмайды.

Объектілер менеджері - жасау, жою, сақтау және NT- объектілерін тексеруге жауап беретін NT executive компоненті. Объектілер менеджері ресурстарымен басқару амалдарын орталықтандырады.

NT объектілер менеджері мына функцияларды орын-дайды:

- объект үшін жадыны таңдайды;

- объектіге кімге қолдануға болатынын және онымен не

істейтінін анықтайтын қорғаныш дискрипторын қосады;

- объектілер атаулары сақталатын объектілер

каталогының құрылымын жасайды және өзгертеді;

- объект сипаттағышын жасап, оны шақырушы

процеске қайтарады.

Айналу ішкі жүйелерін қосқанда қолданбалы режим процестерінің объект сипаттағышы олардың жіптері бұл объектіні қолданғанға дейін болу керек.

Әр NT-объект белгілі бір тип объектісі болып табыла ды. Тип объект сақтайтын деректерді және оған қолдана алатын «туған» жүйелік функцияларды анықтайды. Әр түрлі объектілермен бірдей басқару үшін объект менеджері әр объект оның белгілі бір жерінде бірнеше стандартты ақпараттар жолдарын талап етеді. Бұл деректер өзгеріп жатқанша объектілер менеджері объектіде тағы да ненің бар екенін ойламайды. Әр объект екі бөліктен тұрады: стандартты және айнымалы деректерден тұратын объект атауы мен объект денесі. Объект менеджері объект атауымен жүмыс істейді, ал executive басқа компоненттері өздері жасайтын типті объектілер денесімен жұмыс істейді. Объект атауын менеджер объект типін ескермей қолданады. Кез келген типті объект атауында аты, каталог, қорғаныш дискрепторы, ресурстарды қолдануға квоталар, ашық сақтағыштар счетчигі, ашық сипаттағыштар, деректер базасы, үнемі/уақытша сипат, қолданушы/ядро режимі, объект типіне сілтеуіш болады.

Объект атауынан басқа, әр объект пішімі мен мазмұны объект типімен анықталатын денеден тұрады; бір типті барлық объектілердің дене пішімі бірдей. Объектіні жасауда атқарушы бөлім осы типті барлық объектілер денесімен басқара алады.

Процестер мер жіптер. Windows NT процестері мынадай сипаттағыш қасиеттерден тұрады:

Windows NT процестері объект пішінінде жасалған және оларға кіру объектілер қызметі арқылы орындалады.

Windows NT процесс көпжіпті байланыстан тұрады.

Объект-процестер сияқты объект-жіптер де енгізілген синхронизация құралдары бар.

Windows NT процессорлар менеджері процессорлар арасында «әке-бала» типті қатынастар болмайды.

Кез келген жүйеде «процесс» ұғымы мыналардан тұрады:

- атқарушы код;

- процесс қолдан алатын виртуалды адрестер жиынын

көрсететін өзіндік адрестік кеңістік;

- операциялық жүйе процесіне тағайындалған файлдар,

семафондар, және т.б. сияқты жүйе ресурстары;

- бір орындалатын жіп.

Әр процессордың адрестік кеңістігі басқа процессордың енуінен сақтанған. Бұл виртуалды жады механизмдерімен қамтамасыз етіледі. Операциялық жүйе де қолданбалы процестерден сақтанған. ОЖ кез келген процедурасын орындау немесе оның жады облысынан бір нәрсені оқу үшін жіп ядро режимінде орындалу керек. Қолданбалы процестер ядро функцияларына кіруді жүйелі шақырулар арқылы атқарады. Қолданбалы режимде қолданбалы бағдарламалар ғана орындалмайды, сонымен қатар Windows NT сақтанған ішкі жүйелер орындалады.

Windows NT процесі бұл объект менеджерімен жасалып жойылатын тек объект болып табылады. Объект- процесс басқа объектілер сияқты объект менеджерімен жасалатын және өзгертілетін атаудан тұрады. Процестер менеджері объект-процесс денесінде сақталатын атрибуттарды анықтайды, сонымен қатар осы атрибуттарды қайтаратын және өзгертетін желілік сервисті қалыптастырады.

Объект-процесс денесінің атрибуттар санына кіреді:

Процесс идентификаторы - операциялың жүйе ішінде процесті идентифициялайтын әмбебап мән.

Ену токені - қорғаныш жайлы ақпаратты сақтайтын атқарушы объект.

Базалық біріншілік - процесс жіптерінің алғашқылығын орындау үшін негіз.

Процессорлық үйлесімділік - процесс жіптері орындала алатын процессорлар жиыны.

Квоттардың шекті мәндері - парақтық және парақтық емес жүйелі жадының ең үлкен саны, қолданушы процесімен қолдана алатын процессорлық уақыт, парақтарды жүктеуге арналған дискілі кеңістік.

Орындау уақыты - процесс жіптері орындалатын жалпы уақыт.

Жіп процестің адресті кеңістігінде орналасқан және процеске бөлінген ресурстарды қолданатын орындау бірлігі болып табылады.

Объект-жіп мынадай дене атрибуттарынан тұрады:

Идентификатор клиента - серверге жүгінген уақытта жіпті идентификациялайтын әмбебап мән.

Жіп контексі - үзілген жіпті орындауды жалғастыру үшін ОЖ қажетті ақпарат. Жіп контексі регистрдің сүрлеулер мен ішкі жүйелер, кітапханамен қолданатын жеке жады облыстарының қазіргі қалпынан тұрады.

Динамикалық біріншілік - берілген мезеттегі жіптің алғашқылық мәні.

Базалық біріншілік - динамикалық жіптің алғашқылық төменгі шегі.

Жіптердің процессорлың үйлесімділік - жіп орындала алатын процессорлар типінің тізімі.

Жіпті орындау уақыты - қолданбалы режимде және жіптің пайда болғанынан бастап жиналған ядро режиміндегі жіптің орындау уақытының қосындысы.

Ескерту қалпы - жіптің асинхронды процедураны орындауын көрсететін жалау.

- Тежегіш есептеуіш - жіптің орындаудағы тежеулер саны.

6.2.5. NetWare операциялық жүйесі

Date: 2015-05-22; view: 1653; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию