Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ашықтықты жэне кеңеюді қамтамасыз ету әдістері





Novell NetWare жүйесінің кеңеюін бағдарламалаушыларға инструменталды құралдар жиынын және 32-разрядты айналымның барлық мүмкіндіктерін қолданатын өз NLM-қосымшаларын жасау үшін қатаң сипатталған API интерфейстерін беру арқылы қамтамасыз етеді.

NetWare ОЖ ашықтығы бар үлгілермен қатаң сәйкестікте сүрлеу хаттамаларын ұстанумен реттеледі. NetWare IPX/SPX, TCP/IP, Apple Talk сияқты белгілі желілік хаттамаларды және STREAMS пен TLI сияқты оларды мультиплексиялау құралдарын ұстанады. ODI стандарты желілік адаптердің тәуелсіз жасайтындарына NetWare серверлі ОЖ құрамына өздерінің NLM-драйверлерін оңай қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Novell фирмасы NetWare үшін көптеген бағдарламалық құралдарды басқа кең таралған Internet және SNA сияқты желілерге шлюздарды қосты.

NetWare желілерінде желі сенімділігін және деректер толықтығын қамтамасыз ететін функциялар қатары қарастырылған. Төменде сервердің барлық бөліктерінің қорғаныштығын қамтамасыз ететін функциялар келтірілген: деректерді сақтау құрылғыларынан қолданбалы бағдарламалардың шекті файлдарына дейін. Осындай функциялардың болуы NetWare желіге жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді.

SFT I сенімділігін қамтамасыз ету құралдары:

Жазбадан кейін оқумен тексеру. Дискіге жазбадан соң әр деректер блогы оқылуына тексеру үшін бірден жадыға оқытылады. Блоктың бірінші мазмүны тексеріс соңына дейін жойылмайды. Егер деректер оқылмаса, олар дискінің басқа блогына жазылады, ал бірінші блок бұзылған деп белгіленеді.

Каталогтардың көшірмесін жасау. NetWare тамырлы каталог құрылымының көшірмесін сақтайды. Егер негізгі құрылым бұзылса, онда көшірмесін қолдана бастайды.

ҒАТ файлдарының орналасу кестелерінің көшірмесін жасау. NetWare FAT көшірмесін сақтайды және оны негізгі FAT кестесі бұзылған кезде қолданады.

Оперативті жөндеу 1 (Hot Fix 1). Деректерді бұзылған блоктардан дискінің арнайы қосымша облысына жазу немесе қайта жазу.

UPS бақылауы.

SFT II сенімділікті қамтамасыз ету құралдары:

(Disk Mirroring) бір дискті бақылаушыға қосылған дискінің айналық көрінісі.

(Disk Duplexing) әр түрлі дискті бақылаушыға қосылған дискілердің көшірімін жасау.

Оперативтік қолдану 2 (Hot Fix 2). Көрсетілген дискте оқу амалының қайта орындалуы және қосымша облысқа деректерді жазу.

 

 

Транзакцияларды қарау жүйесі (TTS)

SFT III сенімділікті қамтамасыз ету құралдары бір-бірінен алыс орналасқан екі серверлердің толық динамикалық айналық көрсетілуінде тиянақталған (сервер- аралық байланыс үшін оптикалық-талшықты кабельді қолдануда 4 км дейін).

NetWare семафор мен сигналдар көмегімен жіптерді синхронизациялау құралдарын ұсынады. NetWare жоспарлаушысы жіптерге қызмет көрсетудің шеттетуші пәнін құру үшін бірнеше кезекті қолданады.

BeginThread немесе BeginThreadGroup функциялар көмегімен жіпті жасауда жіп орындалуға дайын жіптерден түратын RunList кезектің соңына түседі. CPU орындалған жіп басңаруды жіберу шақыруларының біреуінің көмегімен өзінің келесі итерациясын бітірген соң, жоспарлаушы орындау үшін кезекте RunList тұрған бірінші жіпті тандап, оны орындауға жібереді. Өзінің кезекті итерациясын бітірген жіп оның қолданған шақыруына тәуелді бір кезектің соңына орналастырылады: RunList кезегінің соңына ThreadSwitch шақыру кезінде, Delayed WorkToDolist кезегінің соңына ThreadSwitchLowPriority шақыруда немесе Delay немесе LowPriorityRunList кезегінің соңына ThreadSwitchLowPriority шақыру кезінде. Егер де жіп басты функциядағы (return) функциясын орындап, өз жұмысын тоқтатса, онда бұл жіп жойылады.

DelayedWorkToDolist кезегінде тұрған жіптер күту шарты біткен соң RunList кезегінің соңына өтеді.

LowPriorityRunList кезегінде түрған жіптер RunList бос болған кезде ғана орындалуға жіберіледі. Әдетте бұл кезекке тез емес жалпы жұмысты орындайтын жіптер орналастырылады.

WorkToDolist кезегі жүйедегі ең приоритетті болып табылады. ОЖ жұмыс жіптері осы кезектен жұмыстарды тандайды, және бұл жіптер ең жоғары приоритеттерге иеленеді, яғни орындалуға RunList кезегі жіптерінің алдына түседі. Жұмыс жіптері өте тез орындалатын жұмыстар үшін қолдану керек. Жоспарлаушы WorkToDolist кезектегі жіптердің белгілі бір тобына ғана қатар орындалуға рұқсат етеді, сосын ғана кезегінен RunList жіптерді кіргізеді.

NetWare ОЖ сипатталған көпжіпті жұмыстың құрылу механизмі жіптерді синхронизациялау құралдарымен бірге қатарлылық пен көпағынды өңдеу құруына жаңартылған әдісін ұсынады. Бұл әдіс - жоспарлаудың жай алгоритмдері мен контекстер иерархиясы арқылы жіптерді диспетчерлеуге ОЖ біршама қосымша шығыи дарымен ерекшеленетіндіктен өте өндіргіш. NLM қосымшаларын жасайтындарға жоғары өндіріске жету үшін әр түрлі NLM арасында процессорлық уақытты тарату соңында қосымшаны жасау мен осы бөлімде сиппатталған құралдарды қолдану әдісіне тәуелді болады. Сонымен қатар, сервердің жалпы өндіргіштігі онда орындалатын NLM-ның барлық жиыны мен олардың бірге болу мүмкіндіктерімен анықталатын болады.

Date: 2015-05-22; view: 794; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию