Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы
Жарқырауық кішкене дене ретінде ұлы фокустан сәл әрірек жатқан АВ кесіндісін (1-сурет) алайық. Ол ұлы оптикалық оське перпендику ляр болсын. Сонда А'В' кесіндісі АВ -ның кескіні болып табылады. Бұл кескін шын және ұлғайған, бірақ кері. Жинағыш 1-сурет. Жинағыш жұқа линзадағы нәрсенің кескінін салу. линзадағы кескіннің шын, жорымал, тура не кері, ұлғайған немесе кішірейген болуы нәрсе мен линза оптикалық центрінің ара қашықтығына байланысты. Кескіннің оптикалық оське перпендикуляр бағыттағы шамасына сол нәрсенің осы бағыттағы шамасына қатынасы сызықтық ұлғаюы немесе көлденең ұлғаюы (β) деп аталады. Біз қарастырған мысалда сызықтық ұлғаю А'В' кесіндісінің АВ кесіндісіне қатынасына тең, яғни (1) Оптикалық осьтен жоғары қарай бағытталған кесінді оң таңбалы, төмен қарай бағытталған кесінді теріс таңбалы деп алынады. Сөйтіп β теріс және оң таңбалы болуы мүмкін. Егер β теріс таңбалы болса кескін кері және шын болады, ал егер оң таңбалы болса кескін тура және жорымал болады. 1-суретке қарағанда: ~ Олай болса (2) Кескіннің оптикалық ось бойынша алынған шамасының нәрсенің сол бағытта алынған шамасына қатынасы бойлық ұлғаю (а) деп аталады. Егер оптикалық ось бойынша жатқан шексіз кішкене кесіндінің ұзындығы dx болып, оның кескіні dx' болса, сонда бойлық ұлғаю мынаған тең болады: (3) Линзаның бұрыштық ұлғайтуы (ү) деп линзадан шыққан және линзаға түскен сәулелер мен ұлы оптикалық ось арасындағы (и' және и) бұрыштар тангенстерінің қатынасы айтылады: (4) немесе Date: 2015-05-08; view: 3049; Нарушение авторских прав |