Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Голография негіздері
Толқының үш параметрмен (амплитуда, жиілік, фаза) сипатталатыны белгілі. Үйреншікті фотографияда оптикалық система (фотообъектив) және фотопленка жәрдемімен жарық толқынының тек амплитудасы тіркеледі, ал толқын фазасы және толқындық беттің формасы жайлы мәлімет толығымен жоғалады. Дененің көлемдік кескінін алу үшін денеден шағылысқан толқынның фа-засын да тіркеу қажет. Бұл үшін интерференция құбылысы пайдаланылады. Когерент жарықпен жарықтандырылған мөлдір, не мөлдір емес дене фотопластинка алдына орналастырылады. Денеден шағылған жарық толқыны фотопластинкаға түседі,; бұл денелік немесе сигналдық толқын (шоқ, сәуле) делінеді. Бұған қосымша фотопластинкаға денені жарықтандыратын лазерден тікелей жарық толқыны бағытталады; ол тірек толқын деп аталады. Толқынның фотопластинкаға түсу геометриясына қарай географиялық құрылғылар бір сәулелік, екі сәулелік, қарама-қарсы сәулелер схемасы болып бөлінеді. Бір сәулелік схемада жеке тірек толқын жоқ. Ол денеден шашырамай өткен толқыннан түзіледі. Сондықтан бұл схема бойынша тіркеуге болатын объективтілер шақтаулы. Екі сәулелік схемада және қарама-қарсы сәулелер схемасында сигналдық (денелік) және тірек сәулелер кеңістікте ажыратылып, фотопластинкаға әртүрлі бұрышпен түседі. Қос сәулелік схема бойынша тіркелген голограмманы қалпына келтіру кезінде жалған және нақты екі көлемдік кескін түзіледі. Голограмманың арт жағында орналасатын жалған кескін объектінің дәл көшірмесі болады. Оны белгілі оптикалық әдістермен, мысалы, фотосуретке түсіріп, т.б. зерттеуге болады. Голограмманың алдыңғы жағында орналасатын нақты кескін объектінің псевдоскопиялық (объектінің дөңес бөлігі кескінде ойыс және керісінше болып көрінетін кескін) көшірмесі болады. Оны экранға түсіруге болады. Екі сәулелік схеманың бір сәулелік схемадан өзгешелігі, голограмманы қалпына келтіргенде пайда болатын жалған және нақты кескін, нолінші реттік дифракция толқыны кеңістікте ажыратылған, олар біріне-бірі өзара кедергі туғызбайды. Голограммада тіркелген толқын фронтын қалпына келтіруге болады. Бір голограммаға екі толқын фронтын тіркеуге болатындықтан, оларды қалпына келтіргенде бірімен-бірі беттесіп, интерференцияланады. Date: 2015-05-08; view: 1596; Нарушение авторских прав |