Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жарық сәулелерінің қосарланып сынуы





Поляризацияланған жарық алудың бір тәсілі сәуленің, қосарланып сыну құбылысына негізделеді. Нәрсені исландия шпа-ты арқылы қарағанда оның кескіні қосарланып көрінеді. Мысалы исландия шпатын майда жазылған

1-сурет. Исландия шпатында жарықтың қосарланып сынуы.

әріптердің үстіне,қойғанда (1-сурет) бір әріп екеу болып қосарлана керінеді. Мұның себебі: исландия шпатына енген жарық сәулесі сынып, екіге жіктеледі де, сыртқа қосарланып екі сәуле шығады. Бұл құбылыс сәуленің қосарланып

сынуы деп аталады. Жарық осылайша бірсыпыра кристалдардан, мысалы, кварцтан, турмалиннан т.т.,

жалпы айтқанда анизотроп заттардан өткенде қосарланып сынады.

Сәуленің қосарланып сынуын зерттеу үшін исландия шпаты қолайлы. Ол жұмсақ, мөлдір минерал. Исландия шпатының кристалын балғамен ұрғанда ол ромбоэдр формалы болып оңай жарылады. Оны шектеуші параллелограм- дардың доғал бұрышы 101°52' сүйір бұрышы 78°08' болады. Ромбоэдрдің қарама-қарсы жатқан осындай екі доғал бұрышын жалғастыратын түзудің бағыты бойынша түскен жарық сәулелері исландия шпатында қосарланып сынбайды. Бұл бағыт оптикалық ось деп аталады. Исландия шпаты, турмалин, кварц апатит, циркон сияқты кристалдарда сәуле қосарланып сынбайтын осындай бағыт біреу ғана болады. Сондықтан мұндай кристалдар бір осьті кристалдар деп аталады. Ал гипс, слюда, топаз сияқты кристалдарда жарық сәулесі екі бағытта қосарланып сынбайды, демек бұлар екі осьті кристалдар болы табылады. Кристалға түскен сәуле мен сәуле түскен нүктеден өтетін оптикалық ось арқылы өтетін жазықтық кристалдың ұлы қимасы немесе ұлы жазықтығы деп аталады.







Date: 2015-05-08; view: 1827; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию