Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жарықтың шағылу және сыну кезінде поляризациялануы
Жарық толқындары электромагниттік толқындардың бір түрі. Жарық толқындарының өрісін электр вектра (Е) мен магнит векторы (Н) арқылы сипаттауға болады. Өрістің электр векторы кеңістікте түрлі бағытта орналасқан жарық – табиғи жарық деп аталады. Табиғи жарық толқындарының барлық бағытта интенсивтігі бірдей болады. Белгілі жағдайда жарық толқын векторы тек бір белгілі бағытта ғана тербелуі мүмкін. Осындай жарық – толық поляризацияланған деп аталады. Электр векторнының тербеліс бағыты мен сол тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтық поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, оған перпендкуляр жазықтық – поляризациялану жазықтығы деп аталады. Егер жарық векторы тербелістері бір ғана жазықтықта болып жатса ондай жарық жазықша поляризацияланған жарық деп аталады. Табиғи жарық шоғы параллель-жазық шыны пластинка бетінен шағылғандағы поляризациялануын қарастырайық. Мысалы, ММ қоңыр шыны пластинканың О нүктесіне і бұрыш жасап түскен SO сәуле одан шағылып жолындағы Т1 турмалин пластинкадан өтетін болсын. Егер осы пластинканы шағылған SO1 сәулеге дәл келетін осьтен айналдырсақ, шағылған жарық интенсивтігінің өзгергендігін байқаймыз. Егер түсу бұрышы і 56° болса, турмалин пластинканы толық бір айналдырғанда шағылған жарық интенсивтігі екі рет нольге теңеледі, яғни жарық екі рет сөнеді. Мұның себебі: шыныдан шағылған жарық поляризацияланған болғаны. Мұнда шыны пластинка поляризатор, турмалин пластинка анализатор болып табылады. Әрбір мөлдір диэлектрик ортаның өзіне тән толық поляризациялау бұрышы болады. Брюстердің (1815 ж.) тағайындауы бойынша жарықтың толық поляризациялану бұрышының тангенсі жарық шағылатын ортаның жарық сыну көрсеткішне тең: Жалпы, жарық екі мөлдір ортаның шекарасында әрі шағылады, әрі сынады. Сонда шағылған сәуле де сынған сәуле де поляризацияланады. Date: 2015-05-08; view: 1692; Нарушение авторских прав |