Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Күрделі қаржы жұмсаудың салыстырмалы экономикалық тиімділігі⇐ ПредыдущаяСтр 26 из 26
Күрделі қаржы жұмсаудың салыстырмалы экономикалық тиімділігін техниканың жаңа түрлерін енгізу, жаңа кәсіпорындар салу немесе әрекеттегі кәсіпорындарды реконструкциялау бойынша шаруашылыққ немесе техникалық шешімдердің нұсқаларын салыстыру үшін есептейді. Салыстырмалы экономикалық тиімділік бір нұсқа екіншісінен қаншалық тиімді екендігін және таңдалған нұсқаның тиімділік дәрежесі қандай екенін көрсетеді. Күрделі қаржы жұмсаудың салыстырмалы экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші тиімділік нормативіне сәйкес бірдей өлшемділікке келтірілген, біржолғы күрделі қаржы жұмсау мен (өзіндік құнның) ағымдағы шығындардың сомасын құрайтын, келтірілген шығындардың минимумы болып табылады: С i + Е н К t – min, мұнда К t – i -нұсқасы бойынша күрделі қаржы жұмсау С – сол нұсқа бойынша жыл ішіндегі өнімнің өзіндік құны. Енгізген кезде ең аз күрделі қаржы жұмсау өнімнің ең төмен өзіндік құнын қамтамасыз ететін нұсқа экономикалық ең тиімді болып есептеледі. Келтірілген шығындардың көрсеткішін жылдық экономикалық әсерді анықтау үшін қолданады. Жылдық экономикалық әсер Э г таңдалған нұсқа бойынша мына формуламен анықталады: Э г = [(С 1 + Е н К 1) – (С 2 + Е н К 2)] В 2, мұнда С1 және С 2 – нұсқалар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны, ақша бір.; К 1 және К 2 – нұсқалар бойынша меншікті күрделі қаржы жұмсау, ақша бір.; В 2 – таңдалған (екінші) нұсқаға сәйкес келетін, өндірістің жылдық көлемі, натуралды бірліктер.
§3. Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігі. Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігінің критерийі қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі болып табылады. Геологиялық барлау өндірісінде бұл көрсеткіш жоғары болған сайын, тиісінше, пайдалы қазбаларды анықтау мен барлау өндірісінің қоғамдық шығындары төмен болған сайын, геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігі соншалықты жоғары. Геологиялық барлауда қоғамдық еңбек өнімділігіне ғылыми-техникалық өрлеу, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудың жетілгендігі және көптеген басқа факторлар ықпал етеді. Алайда жерлердің табиғи жағдайлары мен осы жағдайларды геологиялық танып білудің ғылыми деңгейі үлкен маңызға ие. Егер кенорын қолайлы экономикалық-географиялық жағдайларда болса, жеңіл шығарылатын және өңделетін, бай пайдалы қазбалардың үлкен қорлары болса, геологиялық барлау жұмыстары олардың жүргізілуін ұйымдастырудағы күрделі кемшіліктерге қарамастан, экономикалық тиімді болады. Егер кенорнында пайдалы қазбаның өнеркәсіптік қорлары болмаса, оны іздеу мен барлау, қаншалықты жақсы жүргізілгенмен, ешбір өнеркәсіптік әсер бермейді. Геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігіне геологиялық қызметтің іс-әрекетіне тәуелді емес, объективті себептер ықпал етеді. Оларға жататындар: әдетте, тауар өнімін игеру шығындарын азайтатын және пайдалы қазбаларды пайдаланудың рентабельділігін қамтамасыз ететін, пайдалы қазбаларды шығару мен өңдеу технологиясын жетілдіру; пайдалы компоненттерге көтерме бағаларды арттыру; кенорын ауданының экономикасын жақсарту және т.б. Мұндай себептердің ықпалынан өнеркәсіптік кенорын өнеркәсіптіктер қатарына көшірілуі мүмкін, ал геологиялық барлау жұмыстары шамалы тиімдіден тиімдіге айналады. Осыған байланысты геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі мыналарды есепке алу керек: барланған қорлардың табиғи жағдайын, пайдалы қазба кенорындарын анықтау мен барлаудың ғылыми деңгейін, тәсілдері мен құралдарын; минералды шикізатты пайдаланудың өнеркәсіптік деңгейін және оны қайта өңдеу өнімдерінің ағымдағы бағаларын. Алдын ала және түбегейлі барлау сатыларындағы барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріболып табылады: · барлану категориялары бойынша пайдалы қазбалардың барланған қорларының саны мен сапасы; · геологиялық барлау жұмыстарының шығындарының 1 ақша бір. тоннамен немесе өзге (массалық немесе көлемдік) бірліктермен берілген, барланған пайдалы қазба қорларының өсімі; · қорлардың 1 т барлаудың меншікті шығындары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Date: 2015-06-08; view: 1264; Нарушение авторских прав |