Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқытушы-профессорлар құрамы» бөлімінің SWOT-анализі





Мықты тұстары Осал тұстары
1. Білім берудің сапасын қамтамасыз ететін ЖОО ОПҚ-сының жоғары деңгейі. 2. ЖОО-да ОПҚ штатын қалыптастырудың және жаңартудың (сыйақы беру жүйесі, тілді оқыту, біліктілікті арттырудың жооішілік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу және т.б.) тиімді механизмдерін енгізу. 3. ОПҚ-ны инновациялық технологияларымен, оның ішінде әлемдік жетекші медицина мектептерінің мамандарын шақыртып оқытудың бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету. 4. Өз базасында магистратураның, резидентураның, докторантураның болуы. 5. Практикалық денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлердің маман даярлауға қатысуы. 6. ОПҚ-ның халықаралық конференцияларға, семинарларға қатысуы, жоғары импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдарды ұсынуы. 1. Қоғамдық және тіл пәндерінен ғылыми дәрежесі бар ОПҚ аз. 2. ОПҚ-ның шет тілдерді меңгеру деңгейінің төмендігі. 3 Әскери іс бойынша мемлекеттік тілде арнайы әдебиетпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі.      
Мүмкіндіктер Қауіп-қатерлер
1.Оқытушыларды инновациялық және ақпараттық технологияларға әрі қарай оқыту. 2.Оқытушылардың грант, атаулы стипендия алу үшін конкурстарға қатысуы. 3.Оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін семинарларда. конференцияларда, біліктілікті арттыру циклдарында арттыру. 4. Магистратураға және PhD докторантураға оқытуарұылы ОПҚ-ның ғылыми дәрежесін арттыру. 5.Ағылшын және қазақ тілдері курстарына оқитын ОПҚ санын арттыру. 1.ОПҚ-ның шетелде біліктілік арттыруына қаржының жеткіліксіз бөлінуі 2. Электрондық база.  

6 СТАНДАРТ «МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР»

6.1.1. Кафедралардың оқу бағдарламалары мен 5.03.014-2006 ҚР МЖМСБ «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі» және ЖОО-лардың ғылыми және оқу зертханалары» талаптарына сәйкес білім беру мен ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін медициналық білім алу үшін медициналық жабдықтар сатып алу туралы өтінім, Университет комиссиясы нәтижелері бойынша ҚР ДСЖӘДМ баптар нормаларына сәйкес бюджеттік өтінім құрылады. Университет заманауи технологиялық-инновациялық оқу және ғылыми жабдықтар мен техниканы есепке ала отырып оқу сыныптарын, зертханаларды, кафедраларды қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Әр кафедра медициналық жабдық бойынша инженер әзірлеген және басқару шешімімен бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға және бекітілген үлгідегі өтінімге сәйкес өтінімді рәсімдейді, медициналық жабдықты сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынады.

3.02-02-2001 ҚР СНжЕ сәйкес білім беру процесінде қолданылатын ресурстар жеткілікті және 5.03 МЖМСБ талаптарына сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраның жалпы аумағы 7000 ш. м., оның ішінде оқу бөлмелері 4000 ш. м. құрайды. 6 кафедраның зертханалық және ғылыми зерттеулерді жүргізуге, студенттерді қорщаған орта объектілерін бақылау негіздеріне оқытуға арналған жалпы аумағы 316 ш.м. құрайтын жеке зертханасы бар. Бұның барлығы сапалы білім беру процесін жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызады.

6.1.2. Ішкі макроортаны, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерді, ішкі ақпараттық сұранысты есепке ала отырып, кітапхана өзінің жеке қорын дамыту саясатын қалыптастыруда.

Кітапхананың жалпы аумағы 2269,3 ш. м., оның құрылымында 3 абонемент (оқу, ғылыми және қоғамдық саяси, көркем әдебиеттер), 5 оқу залы (оқу абонементтің оқу залы –50 орын, ғылыми абонементтің оқу залы –70 орын, жатақханадағы 3 оқу корпусының оқу залы –60 орын, мерзімді басылымдар оқу залы –12 орын, оқытушыларға арналған оқу залы –24 орын), 50 компьютері бар интернетке қосылған 3 электрондық ақпарат залы (36, 10, 4 орын).

Университет кітапханасының оқу залдарының қазіргі уақытта жалпы сыйымдылығы 266 орынды құрайды. Бұдан басқа университетіміз 40 орынды оқу залы бар, 306 орынды РҒТК АҚ Ақмолалық филиалымен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында шартқа отырды.

Кітап-журнал қоры775 560 дананы құрайды, оның ішінде оку әдебиеті 445 835 дана. Бұл дегеніміз кітап қорының 61%, оның ішінде 110 338 данасы мемлекеттік тілде.

Келтірілген университет контингенті бойынша оқу және ғылыми әдебиеттер қоры 140 дана басылым, студенттер контингенті бойынша қазақ тілінде оқитын студенттерге бір студентке оқулық 36 данадан келеді.

Сонымен біздің кітапхана қолданушылары кітапхана қорларын пайдалану бойынша Жасасқан шарттар есебінен әртүрлі қызметтерді пайдалана алады:

1. Республикалық ұлттық-техникалық кітапхананың Ақмолалық филиалы;

2. «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ;

3. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ;

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы.

Кафедраның барлық факультеті студенттерді кітаппен қамтамасыз ету картасына сәйкес қазіргі талаптарға сай оқу әдебиеттерімен толығымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер мен студенттер электрондық базаны қолданады. Кітапхана қазақ және орыс тілдеріндегі медицина әдебиеттермен 100% қамтамасыз етілді (әр пәнге арналған әдебиетпен қамтамасыз ету қартасы бар). Кестелер, үйрететін фильмдер түрінде көрнекті құралдар бар (СD-дискілер).

Құжаттар мен мерзімдік басылымдар Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен кафедраларының сұраныстарына сәйкес алынады. Құжаттар мен мерзімдік басылымдар оқу залының қорына түседі. Жыл сайын мерзімдік басылымға жазылу ЖОО-ның бейініне сәйкес құрылады. Ол оқитын пәндер бойынша қазақстандық,шетелдік медициналық журналдар, 6.1. кесте.

6.1. кесте. 3 жылға мерзімді басылымдарды сатып алуға бөлінген қаражат көлемі

Көрсеткіштер      
Мерзімді басылымдар 2 811 077 3 000 000 3 000 000

3 электрондық оқу залы ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейтіп, кітапханалық жинақтармен өзіндік жұмыс жасауға, интернет арқылы ақпараттық ресурстарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді.

«АстМУ» АҚ кітапханасы телекоммуникацияның ең соңғы құралдарын қолдана, ақпараттық ресурстарды еркін қолдануды қамтамасыз ете отырып «Электрондық кітапхананы» құруды жалғастырып отыр. Кітапхананың электрондық қоры университетің барлық пәндері бойынша CD дискілерге көшірілген 5995 лицензияланған толық мәтінді кітапты құрайды. Лицензияланған электрондық басылымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір сұрақтары туралы» №195 Қаулысы талаптарына сәйкес толықтырылып отырады.

Университеттің электрондық кітапханасы «АстМУ» АҚ университетінің желісінде www.bibl.amu.kz кітапхана сайты түрінде жасалған. Мұнда электрондық құжаттардың толық мәтін түріндегісін қарауға, онлайн түрінде WEB ИРБИС-64 бағдарламасы арқылы БП әртүрлі басылымдарын және анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалануға мүмкіндік бар.

Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің, кафедраларының қажеттіліктерін талдау нәтижесінде қашықтағы деректер базасын қолдануға мүмкіндіктер туып жатыр. 2009-2010 оқу жылында «Ресейдегі Медицина және денсаулық сақтау» ИВИС, «МедАРТ» БП секілді басылымдар, 2010-2011 оқу жылында Wolters Kluwer «OVID SP» БП, Emerald «Денсаулық сақтау менеджменті» БП «Springerlink», «ThomsonReutors» «Webofknowledge» БП қосылған және «Медицина» Ақпараттық жүйесі Параграф БП сатып алынды, 2012-2013 оқу жылында Book-up, «Sciencedirect», «Springer», «Scopus», Консультант студента, Консультант врача, Clinicalkey, CambridgeFreejournals, Oxfordjournals қосылған. Барлық базалар кітапхана қолданушыларына интернет желіде онлайн түрінде қолжетімді.

Электрондық залда барлық мамандық бойынша электрондық интерактивті курстар ұсынылған. Электрондық курстарды дәрістерде, семинарларда пайдалануға септігін тигізеді. Мұнда тек сабақ материалдары ғана емес студенттер әзірлеген тесттік сұрақтар және симуляторлар негізінде ӛз білімін бақылауға арналған рефлексивті материалдарды да қамтиды.

МПІ мамандығы оқу жоспарлары пәндерінің электрондық және магнитті тасымлдағыштарда оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетпен қор арқылы қамтамасыз етілуі:

 

№ п\п Мамандық Келтірілген контингент Әдебиет саны Бір студентке шаққандағы
  МПІ     1:5,8

 

Электрондық тасымалдағыштардағы білім беру процесінің баспамен қамтамасыз етулуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір сұрақтары туралы» №195 қаулысы талабына сәйкес келеді және мамандықтар оқу жоспарлары 40% астам пәндерді құрайды.

6.1.3 ЖОО-ның қаржы саясаты білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуға бағытталған. «АстМУ»АҚ-тың басшылығы мен қаржылық бөлімшелері тұрақты түрде жетістікке жету үшін қаржыны жоспарлап, басқарады (ЖОО-ның ағымдағы даму жоспары, ЖОО-ның стратегиялық жоспарындағы бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау)

6.2.1Зертханаларды модернизациялау және дамыту «Медициналық-профилактикалық іс» факультетінің түлектерін, болашақ студенттерін дайындауда маңызды рөл ойнайды. Қазақстан нарығында күн сайын оқу және ғылыми қызметті жылдам әрі тиімді жүзеге асыратын, медициналық дайындау негіздерін нығайтатын: жетекші әдістеме және практиканы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін медициналық құрал-жабдықтардың жаңа үлгілері пайда болуда. Университеттің Оқу клиникалық орталығы Астана медицина университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Клиника студенттердің, интерндердің, курсанттардың жаттығу манекендерінде және виртуалдық тренажерлерде практикалық машықтарын шыңдау және тапсыру бойынша кдлиникаға дейінгі жұмыстарды жүзеге асырады. Оқу-клиникалық орталығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру медицина университетінің басым бағыттарының бірі.

ОКО мақсаты: тренажерлар мен қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жоғары деңгейде жабдықтау, бұл өз кезегінде студенттердің кәсіби машықтарының өте жақсы шыңдалуына ықпал етеді, сонымен қатар муляждарда практикалық машықтарды шыңдаудың жаңа механизмдері енгізілуде және меңгеруліде, 6.2, 6.3. кестелер

6.2. кесте (2009-2 013 жылдар) 5 жылда материалдық-техникалық базаны нығайту

ОКО-ның жалпы аумағы Оқу сыныптарының саны Зертханалардың саны Медициналық құрал –жабдықтар саны Шығыс материалдарының саны Көрнекі құралдар саны Көрнекі –үйретуші фильмдердің саны Зертханалық жабдықтардың жалпы саны ЖОО-ның қаржысына 5 жыл ішінде құрамдау Зертханалық қорды ЖОО-ның қаржысына құрамдау
794 шаршы метр   Физиологиялық биохимиялық 15 түрі 1 294 772 теңгеге 78 түрін. 106 дана 120 дана 15 дана 40 000 000 тг. 12 000000 тг.

6.3. кесте ҚР «Негізгі қаражаттың капиталдық шығындары»

ДСЖӘДМ НОРМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚО-ны жабдықтаудың жиынтық мәні

  2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Жиынтық мәні(қаражаттық шығындар) теңге құрады 9 500 000 т 41 000 000 25 800 000 9 500 000 13 200 000 59 900 000 62 000 000

6.2.2. Қордың сапалы құрамы пайыздық қатынаста «ҚР Білім беру жүйесі. Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры. Негізгі ережелер» ҚР МЖМБС 5.3.010-2006 сәйкес анықталды, мұнда оқу әдедиетінің үлесі жоғары оқу мекемелерінің жалпы кітапхынылық қордан 61%-ды құрау керек деп көрсетілген.

Университетте барлық пәндерді оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің бірыңғай анализдік жүйесі жұмыс істейді. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алу АстМУ-ҚН-07-11 қорларды қалыптастыру бойынша кітапхананың және құрылымдық бөлімшелердің өзара қатынасы тәртібі туралы нүсқаулық» қызметтік нұсқаулығымен регламенттеледі. Оқу басылымдары ЖОО бөлімшенің жазбаша өтінімі бойынша сатып алынады. ҚР БҒМ, ҚР РМБҒИТРО таңбасы бар оқу басылымдары сатып алынады. Кітапхананың оқу әдебиет қоры негізгі оқу басылымдары ескіргеннен кейін жаңартылады:

- соңғы 5 жылдағы жалпыгуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық;

- соңғы 10 жылдағы жаратылыстану ғылымдары мен математикалық;

- соңғы 10 жылдағы жалпы кәсіби;

- соңғы 5 жылдағы арнайы.

Білім беру бағдарламаларымен жүзеге асырылатын барлық пәндер бойынша әрбір студентке міндетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етуді ескере отырып, сатып алынған әдебиеттердің саны есепке алынады:

- Негізгі оқу әдебиеті;

- жалпыгуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер 0,5;

- жаратылыстану ғылымдары мен математикалық 0,5;

- жалпы кәсіби 0,5;

- қосымша оқу әдебиеті.

Барлық пәндер циклы бойынша 0,2-0,25.

Кітаппен қамтамасыз ету анализін жүргізу – әртүрлі критерийлер бойынша бағыт және мамандық бойынша әр студентке шаққанда, пәндер циклі бойынша, нақты пәндер бойынша, оқытудың түрлері мен формалары бойынша, компоненттің деңгейі бойынша, оқу әдебиетінің түрлері т.б. бойынша іріктелген кітап санын анықтау.

Кітаппен қамсыздау анализі негізінде пәндер тізімі және оқу әдебиетінің санын қамтитын жетіспейтін оқу әдебиеттерін сатып алу жоспарын құрады. Кітапхана шығыстар сметасы жобасын экономикалық классификация тұрғысынан қаржылық-экономикалық басқармасымен бекітілген мерзім ішінде, студенттің оқу ақысының бекітілген есептесу нормалары бойынша әр жыл сайын ұсынады.

Оқу процесін кітаппен қамтамасыз етудің анализ нәтижелерін ескере отырып, әдебиеттерді сатып алуды және университетішілік басылымдарды жоспарлау жыл сайын әзірленеді. Басылымдар жоспарын әзірлеу кезінде еліміздегі жетекші ЖОО-мен ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Сапа, баға, жеткізу уақыты критерийлері бойынша оқу әдебиеттерін жеткізу анализі және есебі жүргізіледі. Кітапханалық ресурстар әрдайым Internet-технологиялы, қолжетімді ақпараттың барлық түрлерін ескере отырып жаңартылады.

Соңғы бес жылда әдебиеттерді сатып алуға қаражаттың өсіп келе жатқандығы байқалады:

6.4. кестеҚаражат көлемінің өсуі

Көрсеткіштердің атауы 2009ж. 2010ж. 2011ж. 2012ж. 2013ж.
12 742 155 63 097 751 81 751 556 71 443 488 107 865 671
Теңге
  Оқу әдебиеттерін алуға кеткен қаражат, оның ішінде қазақ тіліндегі 706128/ 6% 9906500/ 78% 30748484/49% 25772824/40% 36160000/44% 40620415/49% 19843624/28% 47313058/64% 99028161,04
  Оқу-әдістемелік құралдарын алуға кеткен қаражат - оның ішінде қазақ тіліндегі -   1563020/ 12% /1% - 235612/ 0,3% - 1214073/ 1,7% 2813566/ 4%  
  Ғылыми әдебиеттерді алуға кеткен қаражат оның ішінде қазақ тіліндегі 4512/0, 03% 369894/ 2% 5057976/ 8% 711480/ 1% 3488870/ 3,7% 430445/ 0,5% 1563704/ 2% 203722/ 0,2% 7250795,46
  Электрондық тасымалдаушы басылымдарды алуға кеткен қаражат,оның ішінде қазақ тіліндегі - 9 963 689 11 473 817 6 760 074  

6.2.3. Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес кітапхананың ең басты міндеті- бірыңғай медициналық-ақпараттық кітапхана жүйесін құру.

Кітапханада негізгі кітапханалық-библиографиялық процестер автоматтандырылған: толықтыру процестері, құжаттарды ғылыми өңдеу, анықтамалық-бибилиографиялық жұмыстар, оқырмандарға қызмет көрсету. Электрондық каталогты және күрделі деректер базаларын құрудың бағдарламалық негізі «Ирбис 64» Автоматтандырылған жүйесі. Электрондық каталог, Библиографиялық және толықмәтінді мәліметтер базасы, электрондық католог, Университеттің ақпараттық-талдау жүйесінде интеграцияланған.

Кітапхананың жергілікті есептеу жүйесі 84 компьютерді байланыстырады. Желі қолданушылары кітапхан деректер базасын Интернет және Интернет ресурстары арқылы on-line іздеуге мүмкіндіктері бар.

Оқу және әдістемелік әдебиеттердің, пәндердің, мамандықтардың (бағыттардың) оқу жоспарларын қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық бақылау және есепке алу жүйесі енгізілуде.

2010 жылы WEB-ИРБИС модулі меңгерілді және кітапхана сайтында http://bibl.amu.kz электрондық католог енгізілді.

2013 жылғы 01 қыркүйекте кітапхананың электрондық каталогында 13382 жазба бар, оның ішінде:

- Кітаптардың электрондық каталогы – 10653 жазба;

- Мақалалардың электрондық картотекасы – 533 жазба;

- Сирек қордың электрондық катологы – 1601 жазба;

- Қызметкерлердің еңбектерінің электрондық катологы – 595 жазба

6.2.4. Медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша кітап-журнал қоры бір студентке шаққанда 140 бірліктен жоғары.

    Пән ҚОР Оның ішінде 5 жыл ішінде басылымнан шыққандары Контингент
  IK 1101 Қазақстан тарихы      
  Fil 2102 Философия      
  IYa 1(2)103 Шет тілі. Ағылшын тілі      
  K (R) Ya 1104 Қазақ (орыс) тілі      
  Inf 1105 Информатика      
  Eko UR 1106 Экология және тұрақты даму      
  Pol 1107 Саясаттану      
  Soc 2108 Әлеуметтану      
  OP 1109 Құқық негіздері      
  OET 2110 Экономикалық теория негіздері      
  Him 1111 Химия      
  MB 1112 Медициналық биофизика      
  IM 2113 Медицина тарихы      
  OBZh 2114 Тіршілік қауіпсіздік негіздері      
  OOPP 2206 Жалпы психология, педагогика негіздері      
  MBGR 1201 Медициналық биология, генетика, радиобиология      
  BH 2202 Биологиялық химия      
  Ana 1203 Анатомия      
  Fiz 1204 Физиология      
  Gis 1205 Гистология      
  PF 2207 Патологиялық физиология      
  PA 2208 Патологиялық анатомия      
  Far 2209 Фармакология      
  Mik 2210 Микробиология      
  OG 3211 Жалпы гигиена      
  OMM 3213 Маркетинг және менеджмент негіздері      
  Bio 3214 Биостатистика      
  IB 3215 Инфекциялық аурулар      
  ODM 3216 Дәлелдемелі медицина негіздері      
  KN 3217 Коммуникативтік машықтар      
  PB 3218 Кәсіптік аурулар      
  VKM 3220 Клиникалық медицинаға кіріспе      
  RG 3221 Радиациялық гигиена      
  OZZ 3219 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау      
  EODD 5222 Дезинфекциялық іс негіздерімен эпидемиология      
  KG 4221 Коммуналдық гигиена      
  GP 4301 Тағам гигиенасы      
  GDP 4302 Балалар және жасөспірімдер гигиенасы      
  GT Еңбек гигиенасы      
           

Медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша

Кітаппен қамтамасыз ету - 145 187 дана, электрондық тасымалдаушы құралдарда- 1013 құрайды.

6.2.5. Оқу процесінде қолданылатын компьютерлік парк «Стоматология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес оқу және ғылыми мақсатта қолдануға арналған жеке компьютерлермен, ноутбуктармен, интерактивті тақталармен, мультимедиялық проекторлармен жабдықталған. Сонымен қатар компьютерлік сынып бар.

«Стоматология» мамандығы бойынша сабақ беретін кафедралар оқыту процесінде 359-жеке компьютер, 82-ноутбук, 123 принтер, 31 көпфункциялы құрылғы, 13 сканер пайдаланады. (3 қосымшаны қараңыз).

6.2.6.Студенттерге арналған 19 компьютер сыныбы, университеттің ақпараттық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін 8 терминал бар.

Компьютерлер бірыңғай жергілікті жүйеге қосылған және корпоративтік желіге, интернетке, университет сайтына кіруге мүмкіндік бар.

Барлық жұмыс станцияларында қолданбалы бағдарламалардың пакеттері және оқуға арналған ақпараттық- технологиялық кешен орнатылған.

ЖОО-ның дәріс залдарының саны-17. Олар: презентациялық құрал- жабдықтармен жабдықталған, (акустикалық және жобалаушы құрал-жабдықтар, дыбысты ұлғайтқыштар және микрофондар, проекторлар және қондырғыш экрандар); мультимедиялық проекторлар (100%) бар.

6.2.7.ЖОО-ның автоматтандырылған бірыңғай жүйесін құру Университет алдына қойған маңызды міндетті шешуге көмектеседі – жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім алушыларды, оқытушыларды, басқарушы персоналдарды қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету. Жүйе оқу процесін кешенді автоматтандыру бойынша ақпараттық технологияларды қолданып, қазіргі білім беру әдістемелері базасында ЖОО-ның білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында құрылады.

Университеттің ақпараттық бірыңғай кеңістігін құрузаманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде екі негізгі құрылымменжүзеге асырылады: Университеттің бірыңғай телекоммуникациялық желісімен біріктірілген жұмыс стансалары паркінің технологиялық базасымен және университет ішінде, сондай-ақ Интернет ортасында құрылған тиісті электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі

«АстМУ» АҚ-та ақпараттық білім беру ресурстарының базасы құрылды және оларға Университет ішіндегі желіден кіруге болады.

Барлық компьютерлер Интернетке лимитсіз трафик бойынша 50 Мбит/сек жылдамдығында жергілікті желі («ҚазақТелеком» АҚ-тың жылдамдығы жоғары DSL-каналы арқылы ұйымдастырылған) арқылы кіре алады. Бұл тұтынушылардың Интернет желісіне кіру уақытын көбейтуге мүмкіндік берді. Университетте байланыстың оптикалық-талшықты жүйесі орнатылған, деректерді беру жылдамдығы 32 Мбит/с -тан 50 Мбит/с-қа дейін артты.

6.2.8Университеттің ақпараттық бірыңғай кеңістігін құрузаманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде екі негізгі құрылымменжүзеге асырылады: Университеттің бірыңғай телекоммуникациялық желісімен біріктірілген жұмыс стансалары паркінің технологиялық базасымен және университет ішінде, сондай-ақ Интернет ортасында құрылған тиісті электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

«АстМУ» АҚ-та ақпараттық білім беру ресурстарының базасы құрылды және оларға Университет ішіндегі желіден кіруге болады.

Барлық компьютерлер Интернетке лимитсіз трафик бойынша 50 Мбит/сек жылдамдығында жергілікті желі («ҚазақТелеком» АҚ-тың жылдамдығы жоғары DSL-каналы арқылы ұйымдастырылған) арқылы кіре алады. Бұл тұтынушылардың Интернет желісіне кіру уақытын көбейтуге мүмкіндік берді. Университетте байланыстың оптикалық-талшықты жүйесі орнатылған, деректерді беру жылдамдығы 32 Мбит/с -тан 50 Мбит/с-қа дейін артты.

6.2.9. Қазіргі кезеңде дамудың 2014 жылға арналған бюджеттік жоспарындауниверситеттің www.amu.kz. сайтында 23 (жиырма үш) виртуальдық зертхана құру үшін 375 000 (үш жүз жетпіс бес мың теңге) теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.

6.2.10. Сервистік-шаруашылық басқарма (СШБ) «Астана медицина университеті» АҚ-тың құрылымдық бөлімшесі және ол Әкімшілік және экономикалық қызметтер жөніндегі проректорға тікелей бағынады. СШБ мақсаты – оқу процесінің жағдайын жақсартуға бағытталған сервистік-шаруашылық қызметті жүйелендіру. СШБ негізгі міндеттері – Университеттің инфрақұрылымы мен өндірістік ортасын жұмыс жағдайында ұстау, ғимараттар мен бөлмелерді үздіксіз эксплуатациялауды қамтамасыз ету, бекітілген бюджет пен сатып алу жоспарына сәйкес жоғары әкімшілік, оқу және тұрғын үй ғимараттары деңгейінде қызмет көрсету, құрылымдық бөлімшелерді материалдық-техникалық ресурстармен, автотранспортпен қамтамасыз ету. СШБ негізгі қызметі ғимараттарды, бөлмелерді, сумен қамтамасыз ету жүйелерін, т.б. реконструкциялау, күрделі және ағымдық жөндеуден өткізу бойынша жоспар құру, сондай-ақ жоспарлы кезеңдер бойынша Университеттің жабдықтарға, жөндеу жұмыстарына деген қажеттіліктерін анықтау, эксплуатациялық мақсаттылық пен техникалық қажеттілік арасындағы оңтайлы арақатынаста қажетті өндірістік материалдық қорды, бекітілген бюджет пен сатып алу жоспарына сәйкес құрылымдық бөлімдерді материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.

Оқу корпустары мен жатақханаларды күрделі және ағымдық жөндеу бойынша маңызды жұмыстар атқарылды. Жыл сайын аудиторияларды жарым-жартылай жиһазбен жабдықтау жүзеге асырылып келеді. 2007-2008 жылы жатақханаға күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал 2012 жылдың аяғында күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Жиһазды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

2008-2009 оқу жылында аумағы 11600 ш. м жаңа оқу-зертхана корпусы іске қосылды. 2000 орындық студенттер жатақханасын салу жоспарлануда.

СШБ-ның бар күші білім беру процесі үшін барынша қолайлы, жайлы жағдай жасауға бағытталған.

6.2.11 Университетте зертханалар, оқу кластары жұмыс істейді, студенттер Оқу-клиникалық орталықтың қызметін толық пайдалана алады.

Кафедралар мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Оқу-әдістемелік орталық сапалы оқу процесін қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламаларына, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес құрылымды, құрамды анықтайды.

Оқу процесін мамандық пәндері бойынша қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету және пәндердің кітаппен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу ҚР БҒМ 2003 жылғы 18 шілдедегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорын құру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №508 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Клиникалық дайындыққа, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған оқытушылар мен студенттер үшін Университеттің жеткілікті түрде және тиісті материалдық-техникалық базасы, ақпараттық ресурстары, білім беру және ақпараттық технологиялары мен ресурстары бар.

Білім беру бағдарламаларынадекватты орындау үшін Университет балансында әртүрлі мақсаттағы объектілер бар.

Оқу процесін ұйымдастыру үшін «АстМУ» АҚ-та мыналар бар:

- 5 оқу корпусы;

- 23 оқу-ғылыми зертхана;

- Радиобиологиялық зерттеу институты (РБЗИ);

- оқу-клиникалық орталық;

- дәлелдемелі медицина орталығы;

- «Астана медицина орталығы» ЖШС;

- мұражай;

- виварий.

Оқу процесінің оқу-материалдық базасы тиісті деңгейде және өрт қауіпсізідігінің санитариялық нормативтеріне, талаптарына және мамандықтардың МЖМБС-на сәйкес.

Университеттің студенттерді дайындау, сапалы білім беру үшін оларды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылатын негізгі миссиясына байланысты материалдық-техникалық, кітапхана және ақпараттық ресурстарды дамыту саласында жаңа ғимараттарды салу, студенттерді ақпараттармен қамтамасыз ету сапасын арттыру, кітапхана қорын толықтыру басты бағыттар болып анықталды

Университет кафедралары тиісті техникамен, мультимедиялық проекторлармен, интерактив тақталармен, фантомдармен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген.

Оқытушылар мен студенттерге өз бетінше оқуы, ақпарат алуы, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеуі және пациенттерді емдеуі, сондай-ақ дәлелдемелі медицинаға оқыту мен студенттерді үздіксіз медициналық білім беру және кәсіптік дамыту үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі берілген.

Әрбір кафедраның компьютерлермен, ноутбуктермен, ұйымдастыру техникасымен, оқытудың басқа да техникалық құралдарымен жабдықталуының арқасында Университеттің әр оқытушысының ақпарат алу мүмкіндігі бар.

6.2.12. Оқу және әкімшілік бөлмелерін тиісті деңгейде ұстау және жақсарту жұмыстарымен Сервистік-шаруашылық басқармасы (СШБ) айналысады(23.05.2011жылғы ПП-АстМУ А-09.3-11). Тұрақты түрде тауар-материалдық құндылықтар (ТМҚ) сатып алынады. ТМҚ сатып алумен СШБ құрамына кіретін Мемлекеттік сатып алу бөлімі (19.05.2012жылғы КП-АстМУ-ПП-18-12) айналысады. Тауар-материалдық құндылықтарға жиһаз, парталар, орындықтар, шаруашылық инвентарь, кеңсе тауарлары, электр тауарлары, сантехника материалдары және басқа материалдар жатады. Оқу бөлмелерін жаңарту және жақсарту мақсатында ТМҚ сатып алу үшін кафедралардан, құрылымдық бөлімшелерден жоспарланған кезеңге (күнтізбелік жыл) өтінімдер жиналады.

Барлық санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға толығымен сай болу үшін жыл сайын клининг компаниялармен шарттар жасалады, олар офистерді, оқу, лекция, зертхана және өндірістік бөлмелерді тазалайды.

6.2.13ЖОО бюджетін қаржыландыру көздері– бюджеттік қаражат (мемлекеттік тапсырманы орындау) және ақылы білім беру қызметін жүзеге асырудан түсетін қаражат.

Соңғы 5 жылдағы қаржыландыру көлемі контингент санының көбеюіне және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша оқу ақысының өсуіне, ақылы білім беру қызметіне тыңдармандардың көптеп келуіне байланысты тұрақты түрде артып келеді.

Магистранттарды даярлауға ресурстарды бөлуді ҚР ДСЖӘДМ регламенттейді. Оқуға кететін шығынды калькуляциялау келесі бұйрықтарға сәйкес регламенттеледі: ҚР ДСЖӘДМ 14.06.2004 жылғы «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша халық ішінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарда бір студенттің, резиденттің, магистранттың, докторанттың (PhD) оқу ақысын есептеу нормасын бекіту туралы» №474 бұйрығы (ҚР ДСЖӘДМ 08.08.2011ж. №510 бұйрығына сәйкес өзгерістерімен және толықтырулармен), 30.06.2005 жылғы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрларды даярлауға жұмсалатын шығынды жоспарлау ережесін бекіту туралы» №221 бұйрық (ҚР ДСЖӘДМ 08.08.2011ж №510 бұйрығына сәйкес өзгерістерімен және толықтырулармен).

6.2.14.Бес жыл ішінде медициналық жабдықтармен қамтамасыз етудің сандық өсу көрсеткіші. (6.6 кесте).

 

6.6 Кесте Бес жыл ішінде медициналық жабдықтармен қамтамасыз етудің сандық өсу көрсеткіші.

жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Шарттар жасасу пайызы 100% 50% 5% 80% 60% 100%
Сатып алынған жабдықтар саны 101 дана 51 дана 2 дана 95 дана 60 дана 41 дана

Процесс көрсеткіштерінің нәтижелілік үдерісі: Кафедралардың талаптарын, мониторинг және талдауды, амортизация нормаларын және техникалық жарамдылығын ескере отырып, 2008-2013 жылдардағы медициналық жабдықтар және техникамен қамтамасыз етудің өсу динамикасы

  2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Медициналық жабдықтардың саны            
Шарттар саны            
Сатып алынған медициналық жабдықтар сомасы (тг) 90 230 882 47 839410 2 357 000 90 781100 40 100 000 100 026 000

2008-2013 жылдардағы Университеттің лабораториясын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің өсу динамикасы

жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Дәрі-дәрмектер саны   -(сатып алынбады)        
Шарттар саны   --(сатып алынған жоқ)        
Сатып алынған дәрі-дәрмектер сомасы (тг) 4000 000 --(сатып алынған жоқ) 665 669   5000 000  

ЖОО-ны медициналық жабдықпен қамтамасыз етудің жоспарлы өсуінің сандық көрсеткіші

ЖЫЛ 2014 жыл 2015 жыл
ОКО жабдықтау пайызы (модернизация) 100% 100%
Виварий (модернизация) - -

Ұзақмерзімді активтер бойынша тозудың жылдық нормаларына, медициналық жабдық және техника деректеріне сүйене отырып есептен шығару мен пайдаға жарату көрсеткішінің сандық индикаторы

жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
ЖОО-ның жабдық бірліктерінің жалпы санынан медициналық жабдықты есептен шығару пайызы - - - - 20% 15% 10% амортизация мерзімінен жабдықтың жалпы санынан
Сандық көрсеткіш - - - - 151 бір. жабдық 74 бір. жабдық 30 бір. жабдық

Жыл бойынша тексерістерді орындау көрсеткіштерінің сандық индикаторы

жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
Тексерілетін жабдық пайызы 5% 30% 80% 80% 100% жоспарланған 100% жоспарланған
Тексерілетін құрал-жабдық саны 3 дана 12 дана 18 дана 18 дана 20 дана 20 дана

«АстМУ» АҚ зертханалық қордың қаржылық менеджментін ұйымдастырудың базалық принциптеріне келесілер кіреді:

- Университетті дамытудың стратегиялық мақсаттарына бағдар: Университет миссиясына сүйене отырып Университет қаржылық ресурстарды ағымдағы жоспарлау және бөлуді іске асырады.

- қабылданатын қаржылық шешімдердің кешенді сипаты: зертханаларды, оқу сыныптарын жарақтандыруға мұқтажтарды анықтап құрудан бұрын мониторинг және талдау жасай отырып әр құрылымдық буыннан бастап университеттің бір жылға даму жоспары ретінде ағымдағы жоспарлау. Жоспар жылдық жоспарды бекіту бойынша комиссияның ресми жиналысында ЖОО проректорларымен қорытындыланады, келісіледі.

Университеттің даму жоспарын әзірлеу келесі заңнамалық актілерге негізделеді:

- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисабы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы;

- Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚҚХС);

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шығындардың капитальдық мақаласы.

2013 жылғы сандық және жиынтық көрсеткіш келесілерді құрайды:

«АстМУ» АҚ балансына есептелетін медициналық жабдықтың ақшалай эквивалентіндегі жалпы соммасы - 381 303 585

791 - Университеттегі жалпы алғанда, медициналық жабдықтардың атауы

253 - зертханалық жабдықтың атауы

538 - Университет кафедраларда медициналық жабдықтың атауы.

Date: 2015-11-13; view: 746; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию