Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте. Жаңа білім беру технологияларын енгізу
Инновациялық тұрғыдан кафедралардың белсенділігі төмендігін ескере отырып Университет басшылығы «Білім берудің үздік инновациялары» деп аталатын ережені құру туралы бастама жасады Е-АстМУ-82-13. Байқау оқыту мен тәрбие жұмысы және Университеттің жетілуі негізінде оқу процесіндегі рационалды әдістер мен тәсілдерді, қазіргі инновацияларды анықтауға, таратуға және енгізуге мүмкіндік береді. Университеттің білім беру инновациялары жөніндегі байқауы «Оқытушы-профессорларды дамытудың 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасын», «Астана медицина университеті» АҚ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі және Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары арасындағы жетекші Университет ретінде позицияны сақтауға көмектеседі. Байқауды өткізу мерзімі – 2013 жыл қыркүйек-қараша. 2011 жылы 7 қарашадан университетте «Емтиханды тестілеу әдісімен ұйымдастыру» стандарты «УС-АстМУ-17-11» енгізілді, бұл стандарт тест тапсырмаларын әзірлеуге, мазмұнына, ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларының қорын құру, бекіту, сақтау, сараптау тәртібін бекітеді. Сонымен қатар тестілер сапасын кешенді бағалау сарапшының бағалауын, тестологиялық бағалауды, психометриялық талдауды қамтиды. Мазмұндық сараптама ТТ мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестікті анықтау мақсатымен жүргізіледі, оны пән мазмұнын білетін сарапшы-маман жүргізеді. Тестологиялық сараптама ТТ құрылымына қойылатын талаптарға сәйкестікті анықтау мақсатымен кафедра тестологі өткізеді. Тестілер сапасын сараптаудың келесі кезеңі емтихандық тестілеуден кейін ITEMAN 4.1 бағдарламасы (психометриялық талдау) қолдана отырып жүргізіледі. Бұл бағдарлама 2011 жылы сатып алынды. 2013 жылы осы стандарттың толық жүзеге асырылуы және қажетті статистикалық іріктеу жүргізу үшін әр студенттің ТТ жауабы нәтижелері бойынша «Сириус» ААЖ-ға «Тестілік модуль» әзірленді. Себебі UniTestSystem4 бағдарламасы Iteman 4.1. қажетті психометриялық талдауды жүргізуге мүмкіндік бермеді. «Сириус» ААЖ-ға әзірленген «Тестілік модуль» қажетті іріктеу жұмысын жеңілдетеді. Бұл стандартты жүзеге асыру үшін ОПҚ-ны ТТ құрастыру методологиясы, ТТ психрометриялық талдау әдістемесі бойынша оқытылды. Оқытудан кейін кафедраларда жауапты сарапшы-тестологтер тағайындалды. 5.2.5.Барлық пәндер бойынша ОПҚ-ның жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында Университет кадр саясатын жүргізеді, және де оқытатын пәні бейіні бойынша біліктіліктің сәйкес келуіне кепілдік береді. Университет оқытушыға білім беру қызметінің өзге де түрлерін әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасау мақсатында ОПҚ-ның оқу жүктемесін азайту үшін қайта қарайды. Университетом пересмотрена учебная нагрузка ППС в сторону снижения с целью предоставления возможности преподавателю заниматься другими видами образовательной деятельности: методическая, научная, воспитательная. Университеттің кадр саясаты кафедра қызметкерлерінің кәсіптік дамуына, біліктілігін арттыруға, педагогикалық шеберлігін көтеруге, ғылыми зерттеулерінің санын арттыруға арналған курстар, семинарлар, мастер-кластар, тренингілер, конференциялар, форумдар ұйымдастырады. ОПҚ-ны дайындау және біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының бағытымен және лауазымдар деңгейіне сәйкес келеді. ОПҚ-ның біліктілігі тиісті ғылыми дәрежемен, ғылыми атақпен, жұмыс тәжірибесімен дәлелденеді. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраларында 424 қызметкер жұмыс істейді, оның 25-сі ғылым докторы, ал 65-сі медицина ғылымдарының кандидаты, 2-уі PhD доктор, 6-уы МВА магистрі, 25-сі медицина магистрі. «Медициналық-профилактикалық іс» факультеті ОПҚ құрамынан магистратураға, PhD докторантураға оқуға қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Университет қызметкерлерге жұмысқа қабылдағанда, үздіксіз кәсіптік дамытуға тең мүмкіндік береді. Олар ЖОО миссиясымен және мақсаттарымен сәйкес келеді және оларға қол жеткізуге көмектеседі. Адам ресурстарын және зияткерлік әлеуетті дамыту – Университеттің стратегиялық дамуында маңызды бағыттардың бірі. Университет ОПҚ-сы жоғары біліктілігімен ерекшеленеді. Ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлес салмағы - 30% -дан астам, ал жеке кафедраларда 50% жуық құрайды. 5.2.6. Оқу процесі бойынша жоспарлауды және есеп беруді жүйелеу мақсатында оқу жүктемесін жоспарлау жыл сайын ЖОО-ның Ғылыми кеңесі шешіміне сәйкес жүргізіледі (ҚР БҒМ МЖМБС негізгі ережелері. 5.03.015-2006, 5.03.015-2009 «Оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме). Педагогикалық жүктеменің сағаттарын есептегенде ҚР 2007 ж. «Білім туралы» Заңын, ҚР БҒМ 01.03.2001ж. № 123 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі» әдістемелік ұсынымын; ҚР 3.03.015-2006 «ҚР білім беру жүйесі. Оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме» МЖМБС; 2006 жылғы МЖМБС-ға «Медициналық және фармацевтикалық ЖОО кафедраларында ОӘП-ті әзірлеу жөніндегі» № 6 НХ басшылыққа алады. ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау академиялық сағатпен есептеледі. Бұл оқытушының аудиториядағы жүргізілетін сабақ кестесі бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлеріне арналған бекітілген кесте бойынша жеке білім алушыға аудиторияда жүргізген сабағын есептейміз немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке график бойынша білім алушылармен жұмысының уақыты. Оқытылатын пәндердің көлеміне сәйкес ОПҚ-ның әр оқу жылына педагогикалық жүктемесі жыл сайын лауазымына сәйкес Ғылыми кеңесте бекітіледі. Кафедралар оқу жұмысының көлемін жоспарлау ОЖБ және оқу пәндерін осы кафедраға бекіту негізінде жүзеге асырылады. Кафедраның оқу жұмысының көлемін жоспарлау оқу жұмыстарының түрлері бойынша (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық сабақтар, СОБӨЖ, СӨЖ) уақыт нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Астана медицина университеті» АҚ оқытушы-профессорлар құрамының 2010-2011, 2011-2012, 2013-2014 оқу жылдарындағы педагогикалық жүктемесі
Оқытушының орташа жүктемесі – 640 сағат. Оқытушылардың педагогикалық жүктемесі Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес лауазымына қарай кредитпен (сағат) жоспарланады. Педагогикалық жүктеменің жалпы көлеміне оқу жұмысы және бақылау іс-шаралары түрлері бойынша уақыт нормаларына сәйкес аудиториялық сабақтардың (дәрістер, практикалық сабақтар, СОБӨЖ) барлық сағаттары кіреді. 5.2.7. Әрбір оқытушының жұмысын анықтайтын негізгі құжат – жеке жоспар. Оқытушының жеке жоспары «ҚР медициналық жоғары оқу орындарының кафедраларында оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» №2 нұсқаухаттың негізінде жасалады. Жоспардың құрылымына осы оқу жылына жоспарланған оқу (сағатпен), әдістемелік, ғылыми, емдеу, тәрбие жұмыстары, біліктілік арттыру жоспары, есептер мен ұсынымдар кіреді. Жеке жоспар кафедра отырысында қаралады, оны кафедра меңгерушісі мен декан бекітеді. Оқытушылардың жеке жұмыс жоспары жоғары білікті мамандарды даярлауда өз білімі мен біліктілігін толық қолдануға, оқыту әдістемесін жетілдіру, оқу процесін қажетті оқу-әдістемелік құралдармен құжаттармен қамтамасыз ету, өзекті ғылыми зерттеулерді орындауға мүмкіндік береді. Оқытушылардың жеке жұмыс жоспары кафедраның деканаттың, жастар ісі жөніндегі деканаттың жылдық жоспарлары негізінде құрылды. Оны құрғанда университеттің стратегиялық даму жоспарының көрсеткіштері мен индикаторлары, кафедраның жауапкершілік матрицасының көрсеткіштері есепке алынады. Университетте тәрбие жұмысының негізінде оқу және тәрбие процестерінің өзара тығыз байланысы принципі жатыр. Студенттерге қолдау көрсету және кеңес беру жүйесінде маңызды буын – ол кураторлар. Кураторлар тәжірибелі оқытушылар қатарынан сайланады және оны факультет деканы бекітеді. Оқу жылының басында куратор топпен бірлесіп жоспар құрады, онда патриоттық, адамгершілік, құқықтық тәрбие, еңбек аспектілері, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру аспектілері кіреді (мұражайларға, көрмелерге, театрларға т.б. бару). Куратор консультация береді, ата-аналармен байланыс орнатады, студенттерге лидер, ұйымдастырушы, тағылымгер ретінде болады. Кураторлардың тәрбие ісі жоспары оқу жылына әзірленеді. Тәрбие жұмысымен Деканаттар, кафедралар, өзге де құрылымдық бөлімшелер айналысады, бірақ жалпы университетте тәрбие (сонымен қатар кураторлық, кураторлар кеңесі) жұмысын үйлестіруді Жастар ісі жөніндегі деканат жүзеге асырады. «Астана медицина университеті» АҚ Кураторлар кеңесі – алқалы орган, ол оқытушылар мен студенттердің өзара байланысы бойынша іс-шаралар кешенін өткізуді қамтиды. Кураторлар кеңесі жұмысының басымдығы – студент тұлғасы, оның сұранысы мен мүддесін есепке алу. Академиялық топтардағы кураторлық 1, 4-курстардың білім алушылары арасында белгіленеді. Кураторлар жұмысы 2012 жылғы 29 ақпанда бекітілген АстМУ-Е-05-12 «Кураторлар кеңесінің қызметі туралы Ережемен» регламенттеледі. 5.2.8. Университеттеоқыту сапасының тиімділігін жүйелі бағалау механизмдері мен критерийлері әзірленді: бұл кафедраларды кафедраішілік бақылау, ашық сабақтар, сабаққа өзара қатысу, студенттер арасында сауалнама жүргізу, т.б. Университет ОПҚ-ны бағалау бойынша бірқатар іс-шараларды өткізеді. Бұл қызметкерлер қызметінің тиімділігін, олардың біліктілік деңгейін, персоналдың кәсіптік потенциалы және ұйымның стратегиялық міндеттерін шешуге дайындығын өлшеуге, қызметкерлерді дамытудың перспективалық жоспарын құруға мүмкіндік береді. Бағалаудың негізгі әдістеріне біліктіліктері бойынша сұхбат беру, аттестация, сұхбаттасу, кадр резервін анықтау, бақылау кіреді. ОПҚ-ны дамыту жоспары 5 жылға әзірленді, оның аясында біліктілікті арттырудың жылдық жоспарлары қарастырылды. Университтің жылдық жоспарларына сәйкес факультеттерді, кафедраларды оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік құжаттар бойынша тексеру жүргізіледі. Жыл сайын сапа менеджменті жүйесі бойынша бөлімшелердің ішкі аудиті жүргізіледі. Кадр құрамын өзін өзі бағалау құралы ретінде қызметкерлер арасында сауалнама келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: ОПҚ-ның еңбек жағдайына қанағаттануы, қызметкерлердің еңбек жағдайына қанағаттануы, қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына қызметкерлердің қанағаттану деңгейі, еңбекақы деңгейіне қанағаттануы, жұмыс берушілермен қарым-қатынас, ЖОО менеджерлері біліктілігін бағалау; клиникалаық базалар персоналының университет ОПҚ-сының клиникалық жұмысына қанағаттануы. 5.2.9. Университет оқытушы-профессорлар құрамын дамыту бойынша өз саясатын жүзеге асыру үшін 7 басты біліктілікті анықтады: мамандық бойынша білім мен машықтар, тиімді оқыту, бағалау және сараптау, білім беру бағдарламаларын жоспарлау, зерттеу, лидерлік және менеджмент, ақпараттық технологиялар. ОПҚ біліктілігін дамыту оқытуды ұйымдастырудың келесі үлгілеріне шоғырландырылған: академиялық тәлімгерлік, кафедрадағы әдістемелік семинарлар, біліктілік бойынша қысқа мерзімдік модульдік бағдарламалар, өндірістік қажеттілікке байланысты семинарлар, оn-line оқыту, медициналық білім беру бойынша магистратура, жас оқытушыларға арналған оқыту семинарлары, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің және оқу жоспарының сапасын жоғарылату стратегиялық жоспарлау жолымен де қамтамасыз етіледі. Стратегиялық жоспарды орындауды талдау білім беру процесін бағалауға, қателіктерді дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Кафедралар білім беру процесіне тікелей қатысатын бөлімше ретінде жыл сайын жоспарлардың орындалуы бойынша есеп береді және өз жоспарын ұсынады. Кафедралардың мақсаттары және оларға қол жеткізу үшін кафедралардың жоспарлары университеттің мақсаттарымен декомпозияланып құрылады. Кафедра мақсаттары университетің мақсаттарымен сәйкес келеді. Университет мақсаттары стратегиялық жоспарда көрсетілген. Кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердәің есептері бойынша, процестердің нәтижелілігі есептері бойынша басшылық тарапынан талдау жасалады, жетілдіру жоспары құрылады, жетілдіруді қажет ететін салалар анықталады, жетілдіру жобалары әзірленеді, жүзеге асырылады. Оқытудың тиімділігі мен сапасын мониторингілеу, ғылыми клиникалық жұмысты бағалау, ОПҚ-ның лауазымдық міндеттерін орындау кафедра меңгерушілері, факультет декандары, кадрлар бөлімі арқылы оқытушылардың жеке жұмыс жоспарының және кафедра/курс жоспарының орындалуын бақылау бойынша жүзеге асады. Факультеттер басшылығы және кафедра меңгерушілері оқытушылардың жеке құжаттама жүргізу сапасын бақылайды. ОПҚ-ның жеке жоспарларында оқу жұмысы, оқу-әдістемелік жұмыс, білім алушылармен тәрбие жұмысы сияқты бөлімдер бар. Қызметкерлерді мотивациялау аясында Университетте ОПҚ қызметін рейтингілік бағалау жүйесі енгізілген. Ол жыл сайын оқытушылардың қызметінің барлық бағыттарын бағалайды. Университетте жұмыс беруші мен қызметкерлердің өзара қарым қатынасы еңбек шартымен және ұжымдық шартпен реттеледі. Оқытушы-студент, студент-студент өзара қарым қатынасы Ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Еңбек дауларын қарау процедурасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын Университетте студенттер арасында сауалнамалар жүргізіледі («Оқытушы туралы студент пікірі», «Кафедра туралы студент пікірі», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» және т.б.). Сауалнама нәтижелері бойынша ОПҚ-ның тәртібі мен этикасын, кәсіптік сапаларын бағалау бойынша оң динамика анықталады. Аталмыш сауалнама кафедраларда жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері СМжСЖ бөлімінде өңделеді, факультеттер кеңесінде талданады. Университеттеоқыту сапасының тиімділігін жүйелі бағалау механизмдері мен критерийлері әзірленген: бұл кафедраларды кафедраішілік бақылау, ашық сабақтар, сабаққа өзара қатысу, студенттер арасында сауалнама жүргізу т.б. ашық сабақтарды нәтижелелері кафедралар жиналысында, МББК талқыланады. ОҚО жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік жұмыс бойынша кафедралар, факультеттер жүйелі тексеріледі. Кафедраларда сабаққа өзара қатысу журналдары жүргізіледі. Ашық жән жұмыс сабақтарын өзара қатысу нәтежелері бойынша талдау Университетте оқу процесі оқытудың инновациялық технологиялары, оқытудың барлық процесін ақпараттандыру, компьютеризациялау, білім беру және ғылым саласында жаңа концепциялар пайдалану, оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіру, қор құру және оны электрондық оқыту құралдарымен тұрақты толықтырып отыру негізінде жүргізіледі. Оқытудың инновациялық үлгілерін практикалық түсіну нәтижелелері кафедралар жиналстарыеда, әдістемелік семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланады. Білім беру сапасы менеджментінің маңызды принципі тұтынушыға бағытталған. Білім алушы жоғары білім алу бойынша педагогикалық ұжым қызметімен бірге белсенді қатысушы болып табылады. Ол білім беру қызметін бағалауға қатысуға құқылы. Студенттердің пікірі оқытудың сапасын бағалауда маңызы бар. Өйткені тек білім алушы оның әсерін көреді және білім беру процесінде оқытушының әріптесі болып табылады. Бір жағынан оқыту білім алушылардың пікірін біле отырып өзінің жұмысын жетілдіре алады. Ал басқа жағынан білім алушылардың пікірі Университет басшылығына кадр құрамын дамытуға және Университеттің жұмыс жақсарту үшін маңызды. Университетте білім беру сапасына қанағаттану мониторингі білім беру қызметтерін тұтынушылар-студенттер пікірлерін зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың пікірлерін зерттеу әлеуметтік сауалнама жүргізу әдісі арқылы жүзеге асырылады (1,12-қосымшалар). 5.2.10. Университетте қызметкерлерді мотивациялау және ынталандыру шаралары атқарылады: еңбек жағдайын ҚР Еңбек Кодексіне, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз ету, қызметкерлерді еңбек міндеттемелерін орындау үшін жабдықтармен, техникалық құжаттамамен, өзге де құралдармен қамтамасыз ету; еңбекақыны, сапалы жұмысқа төленетін үстемеақыларды уақытында төлеу, университет оқытушылары жыл сайын біліктілікті арттыру және қосымша білім беру факультеті базасында университет есебінен біліктілік арттырады. Жас кадрлар және қызметкерлер қатарынан ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау, ОПҚ-ны шетелде, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша да мамандандыру. Университеттің кадр саясаты ОПҚ-ның тиісті құрылымдарда өкілетітілігін қамтамасыз етеді. Білім беру, клиникалық, ғылым-зертеу қызметінен басқа қызметкерлер қоғамдық саяси, әлеуметтік мәдени салада белсенді қызмет атқарады. Университет кафедраларының ОПҚ-сы практикалық денсаулық сақтау органдарымен, Астана қ. көліктегі мемлекттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарымен және органдарымен өзара қарым-қатынас жасайды. 5 Факультеттің ОПҚ-сы жоғары медициналық білімі бар мамандарға арналған біліктілік санатын алу жөніндегі аттестациялық комиссиясы құрамына кіреді. 2-уі ҚР МСЭҚ комитеті алқасының мүшесі. 5.2.11. Адам ресурстары дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жоғары басымдылығы ретінде анықталды. Білім берудің қазіргі жүйесін құру, оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін енгізу міндеттері педагог кадрлар тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талап қоюда (ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы). Ұйым персоналды жоғары сапалы талап етілетін өнімдерді ұсыну бойынша міндеттерін орындауға үйретуі тиіс. Сонымен қатар, тұтынушы қажеттілігінің артуына және нарық конъюктурасының жылдам өзгеруіне қойылатын талаптар ескерілуі тиіс (Ұйым менеджменті. Оқыту жөніндегі басқарушы нұсқаулықтар ISO 10015:1999 стандарты). Жоғарыда айтылғандарға байланысты Университетте оқытушы-профессорлар құрамын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты – халықаралық практикаға сай медициналық білім беруді қамтамасыз етуге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру. Аталған бағдарламаның мақсаты: -Университет ОПҚ-сын жүйелі үздіксіз оқыту жүйесін енгізу; -Оқытушылардың негізгі құзыреттілігін дамыту; -Университет ОПҚ-сының инновациялық құзыреттілігі мен белсенділігін арттыру. «Астана медицина университеті» АҚ-тың кадрлық саясаты оқытушыларды оқыту және біліктілігін арттыру саласында ҚР ДСЖӘДМ «Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Университетте ректордың бұйрығымен (27.03.2009 жыл) бекітілген УС-АстМУ-44-12 «ОПҚ біліктілігін арттыру» ішкі құжаты әзірленді. Бұл құжатта ғалым-педагог кадрларды іріктеу, олардың кәсіби деңгейін үнемі арттыру, ОПҚ біліктілігін арттыруды жоспарлау, ОПҚ бойынша ақпарат жинау, үнемі бақылау, есеп беру, бағалау, талдау және жетілдіру процестері жазылған. «Астана медицина университеті» АҚ ОПҚ-ның бәріне бірдей өз мансабында үздіксіз кәсіби дамуы үшін тең мүмкіндік береді және бұл ЖОО-ның миссиясы мен мақсатына қол жеткізуге жәрдемдеседі және келісіледі. ОПҚ бұл мүмкіндіктерді өз мүддесіне пайдалана алады және оқытушы, ғалым, маман ретінде өсу және үздіксіз жетілуіне кепілдік беретін ынта көрсету керек. Университет өзінің кадрлық саясатында қызметкерлерінің кәсіби тұрғыдан біліктіліктерін арттырудың түрлі нұсқаларын қарастырады (5-Қосымша). Солардың бірі медициналық білім беру орталығының жұмысы болып табылады. Ол инновациялық технологиялар және қашықтықтан білім беру бөлімі ретінде университте жұмысын атқарады. Орталық өз жұмысын ҚР ДСЖӘДМ 2011жылғы 30 желтоқсандағы № 734 бұйрығымен бекітілген «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» ТОБ және «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» МҚБС сәйкес жүзеге асырады. Медициналық білім беру орталығы «Эффективное преподавание в медицинском вузе», «Оценка и экспертиза в медицинском вузе», «Разработка образовательных программ», «Коммуникативные навыки», «Информационно-коммуникативные технологии» құзыреттіліктері бойынша ЖОО ОПҚ-сын оқытты. Өткен жылдары ЖОО ОПҚ-сына арналған «Инновационные технологии в медицинском образовании», «Методология составления тестовых заданий» атты семинарлар өткізілді. Аталған семинарларда стаматологияның барлық кафедралар оқытушылары оқудан өтті. Университет қызметкерлері медициналық білім беру мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы, Ұлттық аккредитация орталығы, Астана қаласындағы басқа да ЖОО-лар базасында ұйымдастырылған ЖООаралық республикалық конференцияларға белсене қатысады. 2010-2011 жылдары АҚШ медицина мектептерінің халықаралық сарапшылары «Методология составления тестовых заданий» және «Методология разработки тестов» атты халықаралық семинар-тренингтер өткізді, доктор Хайнц Дэтлеф Грегор (Германия). 2011 жылы «Методы визуализации данных в учебной, научной и проектной работе», Новогородтағы «Экономиканың жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университетінің жалпы және стратегиялық менеджмент кафедрасының мамандары ф.ғ.к., доцент Волков Е.Н., ә.ғ.к., МВА, доцент Плотников Н.В. семинар өткізді. 2011 жылы «Методы преподавания и оценки коммуникативных навыков», «Основы тестологии. Правила разработки и анализа тестовых заданий формата MCQ», «Искусство чтения лекции. Интерактивные методы обучения в больших группах», «Педагогика высшей школы и инновационные процессы в высшем образовании», «Эффективное преподавание в медицинском вузе» тақырыптарында семинарлар өткізілді. Келесі семинарлар өткізілді: Австриядан шақырылған маман R.Reinmullerдің қатысуымен «Основы педагогики в преподавании в медицинском вузе», «Новейшие технологии в диагностике заболеваний легких и сердца» семинарлары, Норвегиядан шақырылған маман Андрей Гржибовскийдің қатысуымен «Современные многофакторные регрессионные методы анализа биомедицинских данных» семинары, «Методология составления тестовых заданий. Базовый уровень и Продвинутый уровень», «Инновационные технологий в преподавании» (TBL, CBL), «Разработка и оценка образовательных программ», «Использование стандартизированных пациентов в системе медицинского образования», «Дистанционные образовательные технологии» семнарлары, сондай-ақ мамандық бойынша біліктіліктерін арттыру үшін ОПҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға, Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға, АДБЖМИ-ге жіберілді, Университет ОПҚ-сы АБҰҒО базасында өткізілген мастер-кластарға қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары оқыту әдістемесі бойынша академиялық мобильділік шеңберінде Дюсельдорф (Германия) қаласына жіберілді. «Астана медицина университеті» АҚ кафедраларында оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және енгізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде Date: 2015-11-13; view: 659; Нарушение авторских прав |