Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте. Білім алушылардың деңгейі





Білім алушылардың деңгейі Когнитивные уровни
1-жаңғырту 2-түсіну 3-қолдану
Төменгі курстар үшін 40-50% 30-40% 10-20%
Жоғары курстар үшін 20-30% 40-50% 20-40%
Мамандар үшін (магистранттар, докторанттар) 10-20% 30-40% 40-50%

Барлық тест тасырмалары олардың сәкестігін анықтау мақсатында АстМУ-УС-17-11 (Университет стандартына, «Емтиханды тестілеу әдісімен ұйымдастыру») сәйкес университеттің қызметкері сарапшы-маман жетекшілігімен ауқымды сараптамадан өткізіледі.

б)Тапсырмаларды, рефераттарды, жұмыс дәптерлерін, семнарлардың өткізілуін тексеру жолымен білім беру процесінің бөлігі ретінде кері байланыс элементтерін зерделейтін қалыптастырушы баға – бұл білім алушылардың дамуына әсер ететін бағалау процедурасы, оның көмегімен оқытушы білім алушының оқу нәтижелері бойынша ақпараттарды алып талдап қана қоймайды, сондай-ақ одан әрі өзінің педагогикалық қызметін дұрыс бағытта жүргізеді.

Оқыту процесінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының кафедраларының оқытушылар мен профессорлар құрамы пәннің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес білім алушының оқу нәтижесі ретінде студенттердің өздік практикалық жұмысы бойынша рефераттарды тыңдау (жазбаша баяндамалар) арқылы студенттермен әрдайым кері байланыста болады. СӨЖ орындау сапасын бағалау кезінде оқытушы негізгі әдебиет көздерімен қоса электрондық мәліметтер қорын және компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдаланумен қосымша медициналық әдебиеттерден жинақталған ақпараттар нәтижелерін ескереді, сонымен қатар рефераттардың продуктивтілігі мен репродуктивтілігі де есептелінеді. Осыған сәйкес, бағалаудың ең жоғары балына шығармашылық және сыни мағына беретін мәліметтерден құралған продуктивті реферат ұсынған білім алушы ие болады. Продуктивті рефераттарда екі түрі баяндама-реферат және шолу-рефераттары ерекшеленеді. Шолу-рефераты бірнеше материалдар негізінде құрылады және аталған мәселе бойынша түрлі ой-пікірлерден тұрады. Баяндама-рефератта алғашқы ақпарат көзінің талдауынан басқа мәселені объективті бағалау қамтылады; бұл реферат толық сипатқа ие болады. Репродуктивті рефераттар, алғашқы мәтіннің мазмұнын жаңғыртады және ішінара екі түрге бөлінеді: реферат-конспект және реферат-түйіндеме. Реферат-конспект жалпыланған нақты ақпараттан, иллюстрациялы материалдан, түрлі зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен және оларды қолдану мүмкіндіктері бойынша мәліметтерден тұрады. Реферат-түйіндеме тек аталған тақырыптың негізгі ережелерінен тұрады. «Медициналық-профилактикалық іс» пәндері кафедралары отырыстарында талқыланған және бекітілген студенттердің өздік жұмысын бағалау критерийлері:

- «өте жақсы» бағасы (А;А-; 90-100 балл) тақырыпты толық ашып, олқылықтар мен қателіктер жібермеген, тапсырманы дер кезінде және дұрыс орындаған, өздігінен қосымша әдебиетті пайдаланған білім алушыға қойылады;

-«жақсы» бағасы (В+;В;В-; 75-85 балл) студент материалдың мағынасының 75% ашып көрсете алған және жауап бергенде өрескел қателіктерге жол бермеген, тапсырманы дер кезінде орындаған, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиетті пайдаланған білім алушыға қойылады;

-«қанағаттанарлық» бағасы (С+;С;D-; 75-85 балл) студент материалдың мағынасын 50% ашып көрсете алған және тапсырманы орындауда оқытушының көмегіне мұқтаж болған, жауап бергенде өрескел қателіктерге жол берген, оқытушы көрсеткен әдебиетпен ғана шектелген білім алушыға қойылады;


-«қанағаттанарлықсыз» бағасы (F;0 балл) студент тақырыптың жартысынан көбін ашып көрсете алмағанда, өрескел қателіктерге жол бергенде, бағдарламамен қарастырылған негізгі әдебиетті толық меңгере алмаған білім алушыға қойылады.

Кафедраларда қолданылатын бағаны қалыптастырушы келесі элемент ауызша сипаттағы тақырыптық, шығармашылық тапсырмаларды талдауда білім алушылардан ақпаратты жай жаңғыртуды емес, шығармашылықты талап етеді, себебі тапсырмаларда көп немесе аз мөлшерде белгісіздік элементтері орын алады және сәйкесінше бірнеше тәсілдерден құралады; олардың негізгілері болып персоналдық және қоршаған орта тәжірибесіне негізделген өзіндік «дұрыс» шешімді табу мүмкіндігі педагогті қоса алғанда білім беру процесінің барлық қатысушыларымен қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық құру үшін іргетасын қалауға мүмкіндік береді:

- жұмыс дәптерлерін пайдалану интерактивті оқыту тәсілдерінің бірі болып табылады. Мысалы әр студент бір апта аралығында талқыланатын мәселе бойынша келешекте ұжымда талқылау бойынша бақылаулары мен ойларын блокнот немесе дәптерге (электрондық тасымалдаушылар және т.б.) жазып отырады. Бұл әдістің негізгі мәні деп түсіндіріледі. ​Аталған тәсілдің артықшылығына біріншіден пайда болған ойлар, нақты ұсыныстар ұжымдық, топтық ойлар арқылы толықтырылуы, екіншіден барлық қиыспаушылықтар, түрлі көзқарастар топтың сабағынан бұрын анықталуының арқасында үзілді-кесілді көзқарастардың басылатынын атап көрсетуге болады. Әдетте семинарлық (практикалық) сабақтарда «орташаландырылған» пікір айтылады;

-семинарлық сабақтарды оқытудың мақсаты оқытушы мен білім алушының бағдарламалық материалдарымен алдын ала жұмыс жасауы болып табылады, олардың тікелей және белсенді қатынасында танымдылық және тәрбиелік сипаттағы міндеттер шешіледі, мұндай семинарлық сабақтарда кәсіби пікірталас машықтарын қалыптастыру арқылы материал қалай меңгерілгенін аудиторияда қойылған сұрақтар мен пайда болған қарсылықтар арқылы оңай бақылауға мүмкіндік береді.


в) оқу процесінің (ауызша және жазбаша емтихандар, жобалар) нәтижелеріне қатысты жетістіктер мен кемшіліктердің қорытындыларын шығаратын қорытынды баға. Кафедраларда оқыту курстарында қорытынды бақылау билеттер бойынша ауызша және жазбаша сауалнамалар түрінде, бітірушілерде (ақпараттық технологиялар орталығында және ОҚКЕ) екі кезеңдік емтихан түрінде өткізіледі, емтихан аяқталған соң емтихан ведомосты толтырылып офис-тіркеуші бөлімге тапсырылады.

4.2.8. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы шеңберінде білім беру нәтижелерін мониторингілеу келесі принциптер негізінде жүргізіледі:

а)Кәсіптік білім берудің үздіксіздігі және бірізділігі тұтастығына негізделеді, үздіксіздік білім мен шеберлікті механикалық жетілдіру болып саналмайды, кәсіптік білім берудің барлық жүйелері мен процестерінің терең интеграциялануына негізделеді. Мамандардың кәсіптік дайындығы мазмұнын бірізділеу мәселесін шешудің оңтайлы нұсқасы екі модель бойынша білім беру бағдарламаларын қалыптастыру: базалық деңгеймен салыстырғанда дайындықты күрделендіру және кеңейту.

Кәсіби дайындық мазмұнының бірізділігі мәселесі бойынша бірнеше зерттеулердің талдауы көп деңгейлі білім беру мекемелерінің модельдерін ұсынады.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын кәсіптік білім берудің мазмұны мен ерекшеліктеріне талдау жасау келесілерді көрсетеді:

1. Негізінен көп деңгейлі білім беру заңдық дербестігін сақтайтын түрлі кәсіби білім беру мекемелерінің өзара әрекеті негізінде ұйымдастырумен, ал мамандарды даярлаудың бірізділік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады;

2. Түрлі деңгейдегі кәсіптік білім беру мазмұндарын интеграциялау оқу пәндері мен пәнаралық байланыстардың мазмұнының көлемін оңтайландыру принципі бойынша жүргізіледі.

3. Тұлғаға өз білім траекториясын құру үшін қажеттілікті қамтамасыз ету бойынша білім берудің әрбір деңгейінің аяқталғандығы көрсетіледі.

б)«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алушыларды дайындау мәселесінде тұтынушылардың талаптарына бағдарлаудың Егемен Қазақстан құрылуының алғашқы жылдарында келесі 5 негізгі кезеңі анықталды:


- Мамандардың оңтайлы номенклатурасы;

- Медициналық-профилактикалық бейін бойынша мамандарды дайындау жүйесі;

- Мамандарды аккредиттеу, лицензиялау және аттестаттау жүйесі;

- Дипломнан кейінгі оқыту жүйесі;

- Жоғары білікті мамандарды даярлау.

Жоғары білім берудің барлық қазіргі реформаларының негізгі қозғаушы күші ретінде қазіргі әлемде өмірге қажетті әлеуметтік және кәсіби біліктіліктілігі, жоғары білімі бар адамның зияткерлік және адамгершілік дамуы деңгейіне талаптардың өсуі. Бұл үшін Еуропалық Одақ елдерінде білім беру саласында интеграциялық процестер күшейтілді, оның нәтижесі Болон процесінің құрылуы, Қазақстан Республикасы да Болон процесінің қатысушысы болды. Бұл процеске қатысу ұлттық білім беру бағдарламаларын бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне интеграциялауға жәрдемдеседі.

Қазақстанда білім беру саласында жауапты міндет қалыптасты – ол жоғары білімі бар маманды даярлаудың сапасына қол жеткізу. Бұл міндеттерді шешу үшін білім берудің мемлекеттік стандарттары, соның ішінде ҚР МЖМБС 6.08-021-2009 әзірленді және енгізілуде. Қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларын оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру, әрбір ЖОО-ның болашақ мамандығының ерекшеліктерін есепке алып студенттерді оқытудың оңтайландыру, жүйелендіру және лайықты тәсілдемелерін құру қажеттілігі туындады.

в)«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқу процесінде бір оқу жылы шеңберінде білім алушылардың білім беру бағдарламасының жүйелілігі және құжатталған жүйені сипаттау Ғылыми кеңес шешімінің және білім беру қызметі жөніндегі проректормен бекітілген академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.

Жеке білім беру траекториясын және оқытушыларды тандауды қамтамасыз ету мақсатында оқу сабақтарының кестесі оқу пәндері мен оқытушылар кесінінде құрылады.

Оқу процесін кредиттік технология бойынша толық ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік орталықтың, офис-тіркеуші және оқу процесін жоспарлау бөлімінің оқу процесін жоспарлаудың келесі кезеңдері жүргізіледі:

– академиялық күнтізбені жасау;

-элективті пәндер каталогін құру;

– мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын жасау;

– білім алушылар типтік, оқу жоспарлары және элективті пәндер каталогіне сәйкес кафедра меңгерушілерінің, факультеттер декандарының бақылауымен студенттердің жеке оқу жоспарын жасау;

– пәндер бойынша силлабустар әзірлеу;

–академиялық лектер және топтар бөлігінде оқу сабақтарының кестесін құру.

Университеттегі оқу процесін ұйымдастыру жұмыс оқу жоспары, бекітілген академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының және СОБӨЖ кестелеріне негізделе ұйымдастырылады.

Оқу процесін жоспарлау бөлімі мамандықтың оқу жоспарының негізінде ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін келесі жылға академиялық күнтізбені жасайды, білім беру қызметі жөніндегі проректормен бекітіледі.

Барлық оқу пәндері ББ мақсаттарына қол жеткізуге және бітірушінің әмбебап, кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу пәндерінің негізгі сипаттамалары тиісті жұмыс оқу бағдарламаларында көрсетілген. Мұнда тиісті тәсілдеме, теориялық білім мен практикалық шеберліктің синтезі, оқу процесінде сабақтарды өткізудің (әскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайларды талдау, форумдарды өткізу, топтық семестрлік сабақтарды және курстық жұмыстарды орындау, білімді, шеберлікті және машықтарды тестілеу) белсенді интерактивті формаларын кең пайдаланумен жүзеге асырылады. Оқу курстары шеңберінде дәрістер оқу, сабақтарды ресейлік және шетел ЖОО-ның оқытушылары жүргізуі, мастер-кластар қарастырылған.

г)«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алушылардың білімі мен машықтарын бағалау критерийлерінің айқындылығы:

- баға нақты болу керек;

- емтихан талаптары стандартарға сәйкес болу қажет;

- сұрақтар нақты, анық, қысқа болу қажет;

- егер студент сұраққа дұрыс жауап бермесе, оқытушы тапсырманың шарты бойынша не талап етілгенін түсіндіру қажет;

- баға әділ, адал болу қажет;

- бағалау студент үшін тиімді, пайдалы, орынды болу қажет.

д)Студенттің біліктіліктерді оқытушымен тікелей байланыс жасау арқылы меңгереді;

Оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс практикалық сабақтардың барысында және соңында бағалау тарауында бал қою процесінде орнатылады;

Біліктілік тәсіліне негізделген «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы түлектерінің белгілі академиялық саладағы теориялық білімді, нақты жағдайда, әлеуметтік өарым-қатынастың тұтас бөлігі болып табылатын құндылықтарда, қоғамдық өмірде білімді практикалық және оперативті тұрғыдан пайдалануды ұсынады. Кадрларды дайындау жүйесінің басталған модернизациялау процесі халықарылық практиканы есепке ала отыра ғылыми тәсілдер негізінде жүзеге асырылғаны маңызды.

Гигиенист-дәрігерлерді дайындаудың негізі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.

Қазіргі уақытта отандық медициналық білім беру жүйесін модернизациялау мен жетілдіру, оларды халықаралық оқыту стандарттарына сәйкестендіру жүргізілуде. Білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық ядросы жаңа дәуір стандарты сияқты жоғары білім берудің күтілетін нәтижелеріне арналған біліктілікті-бағдарлаушы тәсілдемеден тұрады. Негізгі акцент келесілерге бөлінеді:

- еңбек нарығында талап етілетін сапалы білім беру;

- пәндердің тәсілдемелері мен бейіндерінің түрлілігі;

- білім беру бағдарламасының икемділігі;

- коммуникация және тілдер сияқты мамандықаралық машықтар мен шебеліктерді дамыту;

- білімді мобилизациялау, мәселені шешу, командада жұмыс жасау және әлеуметтік даму қабілеттілігі.

Жоғары медициналық білім берудің маңызды спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып бүгінгі күні біздің ұлттық жүйенің құрылуының жалпы принциптері ғаламдық өзгеруінің негізі жоқ, әсіресе медициналық білім беру саласы Болон процесінің ешбір құжаттарында аталмайды. Біздің жоғары медициналық білім беру жүйесінің негізгі ерекшелігі, ең алдымен гигиенист-дәрігерді дайындау. Еуропаның кейбір елдерінде студенттердің 80 % оқу уақытында арнайы пәндерді оқиды. Қазақстанның жоғары гигиеналық мектебінің алдында тұрған негізгі мақсат – терең жалпы медициналық білімді меңгерген, заманауи материалдарды және технологияларды игерген, Қазақстан және шетелдің заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті практикалық денсаулық сақтау саласының мамандарымен қамтамасыз ету.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндетер қойылды:

- гигиенаның және эпидемиологияның барлық бағыттары (коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, эпидемиология) бойынша машықтарды игеруді қамтитын дайындаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын жасау;

- бағдарламадан ескірген және сапалы емдеуді қамтамасыз етпейтін технологияларды, әдістерді, материалдарды алып тастау;

- бағдарламаға инфекциялық аурулардың алдын алудың қазіргі әдістерін, материалдарын және технологияларын енгізу;

4.2.9. Гигиеналық пәндер кафедраларында жүйеленген сауалнаманы пайдаланып «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім алушыларына сауалнамалар өткізу (10-12 қосымшалар).

Оқудан өткеннен кейін практикалық қызметте өз бетінше жаңа білім мен машықтады қолдана алады респонденттің 58% толығымен, 39% жартылай. 97% респондент «АстМУ» АҚ-та оқуын жалғастырғысы келеді. Бұл Университетің жоғары мәртебесін және жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамының жақсы жұмысын растайды. Жалпы оқытудың шарты мен сапасы қанағаттанарлықтай.

4.2.10. Бітірушілерді «дипломнан кейін сүйемелдеуін» дамыту бойынша жұмысты деканат жыл бойы жүргізеді:

Университеттің студенттері мен түлектерінің деректер базасы қалыптастырылады (персонификация);

Жұмысқа орналастыру маманды, Университет заңгерін жұмылдыру арқылы жұмыс іздеу және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, түлектерге кеңес беру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін еңбек нарығы туралы ақпараттар беру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

4.2.11.Білім беруде жақсы нәтижелерге жету үшін білім алушыларға ұсынылатын жағдайлардың жиынтығы.

ББ жалпы білім беру процесс құрылымы бойынша әзірленеді және міндетті бөлімтерге бөлінеді:

Білім беру процесінің ұйымдастырылуын және мазмұнын реттейтін құжаттар:

1.оқу жоспары;

2.жылдық күнтізбелік оқу кестесі;

3.оқу курстарының жұмыс бағдарламалары (құзіреттілік форматында);

4.оқу және өндірістік практикалар бағдарламалары.

Пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламаларында келесілер көрсетілуі қажет:

Пәндерді (модульдерді) меңгеру мақсаттары;

ББ-да пәндердің (модульдің) орны:

- ББ бөлігі және аталған пән жататын білім беру блогы (болған жағдайда), көрсетіледі;

- ББ (блоктармен, модульдармен, пәндермен, практикалармен) басқа да бөліктерімен логикалық және мазмұндық-әдістемелік байланыстарға сипаттама беріледі;

- аталған пәнді (модульді) меңгеруге қажетті және алдынғы өткен пәндерді меңгергенде алған білім алушының «кіру» біліктіліктеріне белгілі талаптар көрсетіледі;

- өткен пәндер сияқты қажетті саналатын аталған пәндерді (модульдерді) меңгеру үшін сол теориялық пәндер мен практикалар көрсетіледі;

- пәндердің (модульдердің) жалпы еңбексыйымдылығы (есептік бірліктер мен академиялық сағаттарда);

- пәннің (модульдің) құрылымы мен мазмұны: семестр және оларды меңгеруге қажетті аптасы көрсетіліп пәннің барлық бөлімдері (дидактикалық бірліктер) көрсетіледі; әрбір бөлім үшін студенттердің өздік жұмысын, еңбексыйымдылығы (академиялық сағаттар), үлгерімді ағымдағы бақылау формасын (апталар бойынша), аралық аттестаттау формасын қоса оқу жұмыстарының барлық түрлері көрсетіледі;

- білім беру технологиялары (соның ішінде интерактивті формада өткізілеті сабақтар пайызы);

- студенттердің өздік жұмысын оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету;

- үлгерімді ағымдық бақылау, аралық аттестаттаудың бағалау құралдары;

- пәннің ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының дамуының стратегиялық мақсаты:

- Классикалық университеттік білім беру әлемдік лидерлердің зерттеу университеттері топтарына кіру. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ стратегиялық келешегінде заманауи еңбек нарығында экономиканың нақты секторына интеграцияланған білім және ғылым саласында жетекші инновациялық орталық ретінде білім беру жүйесі ретінде айқындалады;

- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасының даму стратегиясын жүзеге асыру келесідей басым мақсаттарға бағдарланумен түсіндіріледі:

- Жаңа білімді меңгеру және қоғамның озық ғылыми-педагогикалық, басқарушылқ және мәдени элитасын даярлау жолымен білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;

- Инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану негізінде педагогикалық процесті жетілдіру, олардың міндеттеріне тұлғаның үйлесімді дамуын және жоғары классты, өзінің саласында лидерлікке бағдарланған мамандарды даярлаудың үйлестіруін бағындыру.

- Қазақстанның жоғары медициналық мектебін халықаралық ғылыми-білім беру саласында лайықты түрде көрсету, тарихи қалыптасқан және ғылыми-педагогикалық мектептердің әлемдік қауымдастығымен мойындалған сәтті даму, жоғары технологияларды кадр сүйемелдеуін қамтамасыз етуді қоса инновациялық қызмет негізінде экономиканың нақты секторын дамытуға үлес қосу.

Жұмыстың мақсатты бағыты:

- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығын басқарудың процестік және жобалық тәсіліне бағдарланған үйлесімді ұйымдастырылған құрылымын құру;

- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының сапа менеджменті жүйесін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дамыту;

- Факультет жетекшілерінің және барлық деңгейдегі құрылымдардың біліктілігін арттыру;

- Бағалау жүйесін құру және қызметкерлердің басқарушылық әлеуетін қалыптастыру, факультеттің кадр резервін құру;

- Факультеттің Қазақстанның негізгі медициналық білім беру орталықтарының лидерлері тобына кіруі.

Жаңа заманның МЖМБС негізінде білім беру бағдарламасының оңтайлы дизайны:

- ББ мақсатын анықтау (ББ әлеуметтік тапсырысты растау, жұмыс берушілермен

кеңесулер өткізу);

- Жалпы даярлау бағыттарына жетуге қажетті алға қойылатын әмбебап және кәсіби

міндеттер жиынтығын анықтау (білім алушылар мен еңбек нарығының сұраныстарын есепке ала отыра, ФМБС негізінде)

-дайындықтың негізгі бағытын анықтау;

- ББ бейіндік бағдарлығын анықтайтын міндеттер тізімін анықтау;

- Аталған міндеттерді немесе олардың элементтерін қалыптастыратын модульдер

жиынтығын (пәндер тобы, пәндер, практика және т.б.) айқындау және жылына 60 кредит есебінен ББ (бакалавриат 240–кредиттер, магистратура–120 кредиттер) жалпы еңбексыйымдылығының «үстінен» пайда болатын пропорционалды еңбексыйымдылығын анықтау;

- пәнді (модульдерді) меңгерудің реттілігін анықтау және әр модульдің, пәннің, практиканың т.б. есептік бірліктерін (ағымдық бақылаудың және аралық аттестаттаудың барлық формаларын қамтитын аудиториялық және студенттердің өздік жұмысына бөлінген сағаттарын) нақты толтыру, яғни Оқу жоспарын құру.

- Әр пән (модуль) үшін қолданылатын білім беру технологияларын анықтау. Әр пәннің (модульдің) және практиканың жұмыс бағдарламасын жасау, мұнда студенттің өздік жұмысын тексеріп есептеу қажет, аталған пән (модуль) бойынша ағымдық бақылау және аралық аттестаттау үшін бағалау құралдарының қорын құру;

- Үлгерімнің ағымдық бақылауын, МҚА аралық аттестаттауды барлық қажетті нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру;

- Біліктіліктердің толық матрицасын құру және «кері байланысты» іске қосу, яғни барлығын басынан бастау.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ бойынша оқыту жоспарланған нәтижелеріне бағдарламаның модульдерін (пәндерін) меңгеру нәтижесінде жетеді. Бұл мамандықтың ББ құрылымы оқытуда белгілі (қалыптасқан) нәтижелерге жету үшін мазмұнды бағытталған модульдерінен (пәндерден) тұруы қажет екендігін көрсетеді.

Оқыту нәтижелерінің есептік бірліктерін бағалауды пайдалану арқылы және оларды модульдер (пәндер) бойынша бөлу арқылы жеке модульдер мен пәндердің есептік бірліктерін бағалауын алуға болады. Мұнда жеке пәндер (модульдер) бойынша нәтижелерді жоспарлаған кезде әрбір оқу циклдерінің және бөлімдерінің ҚР МЖМБС талаптарын ескеру қажет.

Бағдарламаның жеке модульдері бойынша оқыту нәтижелері түлектерді қажетті құзіреттіліктерді меңгеруге жетелейтін нақты игерілген білімді, іскерлікті және машықтарды көрсетеді. Бұл нәтижелер мамандықтың ББ жобалаушыларымен қалыптастырылады және жеке пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болады (18-қосымша).

Оқытудың нәтижелерін қалыптастыру және олардың «құнын» есептік бірліктермен анықтау бағдарламасын әзірлеушілер мен қамтамасыз ететін кафедралармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Тиісті сала мамандары оқытудың қажетті нәтижелерін білікті түрде қалыптастыра алады, аталған мамандықтың ББ және тиісінше түлек біліктілігінің маңыздылығын анықтай алады.

Бағдарламаның әр модулінің (пәннің) «құнын» есептік бірліктер арқылы анықтаудан кейін оқу сабақтарының түрлерін анықтау керек және оларды өткізуге бөлінетін уақыт ресурстарын қарастыру қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ құрамын жобалау мен дидактикалық бірліктер мазмұнын құру кезеңінде оқу пәндерін, пәнаралық және мультипәнаралық пәндерді (модульдерді), жобаларды және жұмыстарды, соның ішінде топтық жұмыстарды, өндірістік практикаларға бағыт беру, студенттің бітіру біліктілік жұмысын дұрыс таңдау маңызды. Бұл кезеңде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне және білім беру бағдарламаларының дидактикалық бірліктеріне сәйкес келетін есептік бірліктер санын нақтылау қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ әр пән (модуль) үшін жобалау кезінде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жетуді тиімдірек қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті оқу сабақтарының және оқыту технологияларының түрлерін қарастыру қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ әртүрлі оқу сабақтарының түрлерін болсын пайдаланады (МЖМБС сәйкес): дәрістер, зертханалық және практикалық сабақтар, жеке және топтық жобалар, практикалар, кеңестер және т.б. Дегенмен, студенттерді өзіндік кәсіби қызметке, соның ішінде ғылыми-зерттеу жұмысқа терең даярлау үшін қойылатын жоғары деңгейіне жету үшін білім алушылар ғылымды қажетсінетін салалардағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобаларға қатысулары тиіс, соның нәтижесінде бітірушілер оқытудың жоспарланған нәтижелеріне және білім беру бағдарламасының мақсаттарына сәйкес кәсіби және жалпы мәдени біліктіліктерді меңгереді. Практиканың мақсаты кәсіби білімді кеңейту және жүйелендіру, студенттерде ғылыми жұмыс, зерттеулер мен эксперименттер жасау машықтарын қалыптастыру. Осы практиканың уақытында студент өзінің бітіру біліктілік жұмысының тақырыбын нақты анықтап, оны әзірлеудің мақсаттылығын негіздеу қажет.

Оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін білім берудің жаңа сапасына жетуге мүмкіндік беретін, біліктіліктер кешенін (негізгі және техникалық білімдер, пәнаралық тәсілді пайдалану арқылы проблемаларды талдап шеше білу, жобалық менеджмент әдісін меңгеру, коммуникациялар мен командалық жұмысқа дайындығы және т.б.) қамтамасыз ететін оқытудың проблемалық-бағдарлаушы және жобалық-ұйымдастырушы әдістерін белсенді пайдалану қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша проблемалық-бағытталған оқыту тәсілін қолдану студенттердің назарын нақты күрделі мәселелерді талдау мен шешуге бағыттайды, бұл оқу процесінің бастапқы кезеңі болып табылады. Бұл жағдайда мәселені сауатты қалыптастыру мен ортаға салу өте маңызды. Проблемалық мәселе студентті туындаған мәселені шешуге қажетті білімді саналы түрде алуға негіздейді. Оқытуда пәнаралық тәсілді қолдану студенттерді түрлі салалар бойынша өзбетінше білім алуға және оны нақты шешілетін мәселе контекстінде талдауды және ойын жинақтауды үйретуге мүмкіндік береді.

Оқытуда жобалық-ұйымдастырылған технологияны пайдалану командада бірлесе жұмыс істеу арқылы барынша жақын жағдайды шынайы қызметте қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттер ұжымның мүшелері арасында міндеттер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жобалау міндетін кешенді шешу кезінде мол тәжірибе жинақтайды.

Оқытудың басым әдістерінің бірі – «контекстік оқыту». Білімді меңгеруге жетелеу нақты білім мен оны қолдану арасындағы қатынастарды құру арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың маңызды әдісі «тәжірибе негізінде оқыту», мұнда студент өзінің жеке тәжірибесін оқып үйренетін пәнімен байланыстыруға мүмкіндіктері бар.

Өндірістік практикадағы, зерттеулердегі нақты өмірлік жағдайларды талдауға, өндірісті ұйымдастыру және тиісті ұсыныстар мен шешімдерді табуға негізделген тиімді әдіс – case-studies әдісі.

Мамандықтың ББ жобалау білім берудің ең тиімді технологияларын пайдалануды талап етеді. Ол үшін оқу процесінің, әсіресе студенттің өзіндік жұмысын тиісті әдістемелік қамтамасыз етілуін жоспарлау және әзірлеу қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ жобалау кезінде оқытудың нәтижелеріне және білім беру бағдарламасының мақсаттарына жету жолдары бағаланатын тәсілдер мен құралдарды жоспарлау қажет.

Оқу процесі барлық студенттердің оқытуда нақты нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі қажет, ал білім беру бағдарламасының оқу жоспарының орындалуын және оны жетілдіру үшін кері байланысты үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін механизмі болуын қажет етеді.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ сапасын бағалаудың соңғы критерийі мансапты өсіру жүйесі мен түлектердің үздіксіз кәсіби жетілдіру функцияларының қажеттілігін анықтайды. Бұл жүйенің көмегімен алынған мәліметтер бағдарламаның мақсаттарына жетуде және оны әрі қарай жетілдіруді бағалау үшін қолданылуы қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының пәндері (модульдері) бойынша ББ меңгеру сапасы студенттің білім, іскерлік, машықтарының деңгейі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге қабілетті әдістер және бақылаушы материалдар көмегімен адекватты бағаланады.

Танысу деңгейінде білім толық анықтылық жағдайында репродуктивтік қызметке дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық материалдарды және әдістерді тексеру арқылы білім деңгейі анықтайды.

Жаңғырту деңгейінде білім белгісіздік қауіп жағдайында реконструктивтік қызметіне дайындығын айғақтайтын тапсырмаларды орындау арқылы тексеріледі.

Іскерлік деңгейінде студенттердің білімі ішінара белгісіздік жағдайында жаңарту қызметіне дайындығына кепіл болатын тапсырмаларды шешу арқылы тексерілуі тиіс. Ал шығармашылықө деңгейіндегі студенттердің білімі толық белгісіздік жағдайында продуктивтік қызметке дайындығына кепіл болатын тиісті мәселерді ортаға салу арқылы тексеріледі.

Дәл осылай тиісті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің іскерліктері мен машықтары тексерілуі қажет.

Оқыту нәтижелеріне жетуді бағалау критерийлері студенттің немесе бітірушінің білімдерін көрсету үшін не жасай алатынын сипаттайды. Оқыту нәтижелерін бағалау әдістері қалыптасқан мақсатқа олардың адекваттылығына кепіл болатындай деңгейде сипатталуы қажет.

Оқу сабақтарының түрлерін ескере отыра әр пәнде (модульде) бағалаудың тиісті критерийлерімен және оқытудың нәтижелерімен келісілген және анық қалыптасқан бөлінбейтін сабақтастығы ретінде оқытудың нәтижелерін бағалау элементтерін анықтау қажет. Мұнда бағалаудың әрбір элементінің есептік бірліктерде өзіндік атауы мен «құны» болуы мүмкін.

Оқытудың нәтижелеріне жетуді бағалайтын критерийлеріне, әдістеріне және құралдарына қатысты материалдар оқу сабақтарының мазмұны, түрлері, білім беру технологиялары мен оқытудың нәтижелері сипаттамаларымен қатар модульдің (пәннің) жұмыс бағдарламасында сақталуы қажет.

Студенттердің біліктілігін бағалау үшін жеке және топтық жобаларды және шығарушы біліктілік жұмыстарын орындаудың нәтижесі ретінде қалыптастырылатын практикалық қызмет процесінде білімі мен іскерлігін қолдана алу қабілетін студенттердің дайындығының сараптамалық бағасын қолдану арқылы тексеру қажет.

4.2.12. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасының дамыту стратегиясын жүзеге асыру келесі басым мақсаттарға бағдарлану болып табылады:

-жаңа білімдерді өндіру және қоғамның озық ғылыми-педагогикалық, басқаруышылық және мәдени элитасын даярлау арқылы білім алушылардың зиярткерлік әлеуетін дамытуға жәрдемдесу;

- инновациялық тәсілдемелер мен ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану негізінде педагогикалық процесті жетілдіру, олардың міндеттеріне тұлғаның үйлесімді дамуын және жоғары дәрежелі, өз саласында лидерлікке бағдарланған мамандарды даярлауды кіргізу.

- Қазақстанның жоғары медициналық мектебін халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде лайықты түрде көрсету, тарихи қалыптасқан және әлемдік қауымдастығымен мойындалған ғылыми-педагогикалық мектептердің сәтті дамуы, жоғары технологияларды кадр сүйемелдеуін қамтамасыз етуді қоса инновациялық қызмет негізінде экономиканың нақты секторын дамытуға қатысу.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ББ сапасын бағалаудың соңғы критерийі мансапты сүйемелдеу жүйесі мен түлектердің үздіксіз кәсіби жетілдіру функциялау қажеттілігін анықтайды. Бұл жүйенің көмегімен алынған мәліметтер бағдарламаның мақсаттарына жетуде және оны әрі қарай жетілдіруді бағалау үшін қолданылады.

Осы жүйемен алынған деректер мақсаттарға қол жеткізуді бағалау мен бағдарламаны әрі қарай жетілдіру үшін қолдану керек.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы пәндері (модульдері) бойынша ББ меңгеру сапасы студенттің білімі, шеберлігі, машықтарының деңгейі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге қабілетті әдістер және бақылаушы материалдар көмегімен бағаланады.

Білім белгілі жағдайларда репродуктивті қызметке дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық материалдармен және әдістермен тексеріледі.

Білімді жаңғырту деңгейде белгісіздіктің тәуекел жағдайында қайта құру қызметіне дайындығын куәландыратын тапсырмаларды орындаумен тексеріледі.

Студенттердің біліктілігін бағалау үшін студенттердің практикалық қызметте білімін және шеберлігін қолдану дайындығының сараптамалық бағасын қолдану қажет. Біліктіліктерді (жалпы мәдени, әмбебап, кәсіби, пәндік-арнайы) меңгеру оларды әрі қарай білім беруде қолдануға мүмкіндік береді.

4.2.13. Үлгерім және білім сапасын бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі оқу процесін басқарудың негізгі элементі болып табылады және олардың нәтижелерінің сапасын жүйелі түрде бағалау үшін арналған. Кафедралардағы балдық-рейтингілік жүйе білім алушының оқу жұмыстарының (практикалық, семинар сабақтардағы жұмысы, межелік және қорытынды бақылауды тапсыру, СӨЖ, презентацияларды орындау, фантомдарда және муляждарда жұмыс істеу, науқастарды клиникалық қабылдау, медициналық құжаттаманы толтыру) барлық түрлері бойынша «алған» балдарын есептеуге негізделген, білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруге студенттердің мотивациясын көтеру қамтамасыз етеді және студенттің өзіндік жұмысын ынталандырады. Бақылау жүйесі, мерзімі, тәсілдері, сонымен қатар бағалардың градациясы пәннің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдерінде, силлабустарда көрсетілген және аталған пән бойынша сабақтың басында әр студентке ақпарат береді және электрондық нұсқада таратылды.

а) Кафедраларда оқытудың сапасын арттыру оқу процесін интенсификациялау, оқытудың келесі дәстүрлі және негізгі әдістерін жаңарту және жетілдіру жолымен жүргізіледі:

-дәстүрлілер үш топқа бөлінеді:

I. Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: ауызша, көрнекті, практикалық (оқу материалын баяндау көзі бойынша); репродуктивті иллюстративтік-түсіндіруші, іздеу, зерттеушілік, проблемалық және басқалары (оқу-танымдық қызметінің сипаты бойынша); индуктивті және дедуктивті (оқу материалын баяндау және қабылдау логикасы бойынша);

II. Оқу-танымдық қызметтің тиімділігн бақылау әдістері: ауызша, жазбаша тексерулер, білімді, шеберлікті және машықты меңгерудің нәтижелілігін өздігімен тексеру;

III.Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері: білімді, шеберлікті және машықтарды меңгеруде мотивацияны, жауапкершілікті, міндеттерді, қызығушылықты қалыптастыру үшін белгілі бір мадақтаулар.

-негізгілері үш топқа бөлінеді:

I. Перцептикалық әдістері: дәріс, баяндау, әңгімелесу, иллюстрациялар, кино көрсету, ауызша және көрнекі әдістердің үйлесімділігі, жаттығулар әдістері, тәжірибелер жүргізу, еңбек тапсырмаларын орындау, көрнекі құралдар, стендтер, планшеттер, аудиовизуалдық ойындар.

II. Логикалық әдістер (логикалық операцияларды ұйымдастыру және жүзеге асыру): индуктивті, дедуктивті, ұқсастық әдісі, проблемалық-іздеу (проблемалық баяндау, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі және т.б.), репродуктивтік әдістер (нұсқамалық, иллюстрациялау, түсіндіру, практикалық жаттығу);

III. Гностикалық әдістер (ойлау операцияларын ұйымдастыру және жүзеге асыру): оқу әрекеттерін өздігімен басқару, танымдық ойындар, оқу пікірталастары, эмоциялық ынталандыру, оқуды ынталандыру, кітаппен, құралдармен, модельдермен және фантомдармен өзіндік жұмысы.

Оқытудың сапасын оқытушы-профессорлар құрамы жұмысын белсендіру есебінен арттыру, оқу процесіне педагог пен білім алушыны тарту дәрежесі бойынша пассивтік және активтік әдістер жүргізіледі:

-пассивтік әдіс педагогтың білім алушыға дәрістер арқылы, сонымен қатар сауалдар қою, өзіндік, бақылау жұмыстар, тестер алу арқылы жүргізіледі. Жағымды жақтары: ақпараттар көлемін бақылау; педагогтың біліктілігі мен кәсіпқойлығына тікелей байланысты берілетін ақпараттың сапасы;

-активтік әдіс білім алушы мен педагогтың өзара қарым-қатынасымен жүзеге асырылады, мұнда жұмыс барысына дайындалатын және дайындалмайтын студенттерге қосады және білім алушыларда келесі жағымды іскерлік қасиеттер қалыптасады: жалпыға барлық тапсырмаларды шешуге бағытталған топта жылдам бейімделу қабілеттілігі; жеке байланыстар орната білу; ақпараттармен алмасу: қажетті ой пікірлерін қалыптастыру; топта және жеке жұмыс істеу, қоршағандардың наразылығына қарсы тұра білу, өзінің біліктілік деңгейін білу, әрекетті талдауды және бағалауды білу; қиын және тәуекелді жағдайлардың себептерін анықтауды білу; идеяларды, ұсыныстарды, жобаларды қалыптастыру және ұсыну қабілеттілігі; есептелген тәуекелге баруға және стандартты емес шешімдерді қабылдауға дайындығы; қателіктер және жаңсақтыққа орын бермеу; ойын анық және дәлелді етіп жеткізе білу, көп сөйлемеу; жұмыс уақытын бағалап тиімді пайдалана білу. Белсенді әдістің оң жақтары – ол педагог та, білім алушы да әрекет ететін тұлғалар және сабақ (дәрістер) менеджерлері, яғни құқықтары бірдей, мұнда оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру өзара әрекет етудің демократиялық стилі нәтижесінде жүзеге асырылады; аналитикалық қабілеттерді, логика, сыни ойлауды дамыту; коммуникативтік машықты дамыту.

б) «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын білім алушы меңгеру барысында жүйелі түрде бақылау жасауды күшейту оқу нәтижелерімен (білім, шеберлік, машықтар) қоса тұлғалық қасиеттерден (тәртіп, жауапкершілік, инициатива және т.б.) тұратын біліктіліктің қалыптасу дәрежесі бойынша студенттерді дифференциациялау жолымен жүргізіледі; сонымен қатар оқу-танымдық қызметтің тиімділігі ауызша бақылау және өзін өзі бақылау әдістерімен: жеке сауал қою, фронталдық сауал қою, ауызша сынақтар мен емтихандар; жазбаша бақылау және өзін өзі бақылау әдістерімен: жазбаша бақылау жұмыстары, жазбаша сынақтар мен емтихандар; практикалық бақылау әдістерімен бақыланады: муляждарда және фантомдарда жұмыс істеу.

в) Білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеруде мотивациялауды арттыру оқытушылар объективтілікті және терең дифференциациясын ынталандыру негізінде студенттердің оқу жұмысы нәтижелерін бағалау; аудиториялық және өзіндік, жүйелілік жұмысына мотивация қалыптастыру; университетте жинақталған тәжірибені дамыту негізінде оқытудың процесі мен нәтижелерінің сапасын ағымдағы және аралық бақылаудың түрлерін және формаларын қолданудың мүмкіндіктерін кеңейту, ашықтылығы, тәртіпке келтіру; оқытудың нәтижелерін үздіксіз бақылауды құрылымдау, жоспарлау және жүзеге асыру мақсатында бағалау процесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеруін мотивациялауды арттыру оқуға көңілін ынталандыру әдісімен жүргізіледі: танымдық ойындар, оқу пікірталастары, эмоциялық-өнегелілік жағдайларды құру, ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар. Борыш пен жауапкершілікті ынталандыру оқудың маңыздылығына сендіру, білім алушыларға талаптар қою, ынталандыру және жазалау жүйелері әдістерімен жүзеге асырылады.

г) Білім алушылардың оқу тәртібін нығайту, сабақтарға қатысу көрсеткіштерін жақсарту студенттерді ынталандыру (академиялық стипендия тағайындау, материалдық көмек көрсету және т.б.) үшін объективті базаны құру, оқуын жалғастыру (магистратура, аспирантура) үшін студенттерді іріктеу, семестрлік оқуын шетелде өту және түлекті жұмысқа орналастыру негізінде жүргізіледі; студенттердің өзін-өзі жетілдіруді және білім беру бағдарламасын меңгерудің жоғары нәтижелеріне жетуді мотивациялау мақсатында тұлғаларға, соның ішінде студенттердің ата-аналарын кез келген уақытта студенттің, топтың оқу жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

д) Білім алушылардң өзіндік және жеке жұмыстарын белсендіру өзін-өзі дамыту және өзін-өзі бақылау құралы ретінде студенттердің өзін-өзі бағалау қабілетін дамыту арқылы; өзінің нәтижелеріне сәйкес курстастарының арасында студенттің нақты орнын бағалау жолымен саралау негізінде тұлғалық факторды белсендіру үшін оқуда бәсекелестікті арттыру арқылы; білім беру процесінде жеке тәсілдемені жүзеге асыру арқылы; оқу процесінде жеке тәсілдемені жүзеге асыру мақсатында студенттердің арасында лидерлерді және нашар оқитындарды анықтау арқылы жүргізіледі;

Семестр аралығында пән немесе практика (оқу, өндірістік) бойынша жеке балдық-рейтингілік жүйе шеңберінде студенттердің оқу жетістіктерінің (білім, шеберлік, машықтар және тұлғалық сипаттар–біліктілік) деңгейін бақылаудың негізгі түрлері:

- ағымдағы бақылау;

- межелік бақылау;

- қажет болған жағдайда пән бойынша аралық бақылау (сессия).

Ағымдағы бақылау – бұл бекітілген уақыт аралығында студенттің білімді меңгеру деңгейін, машықтар мен шеберліктің қалыптасуын және тұлғалық сипаттарын дамуын жүзеге асыратын үздіксіз “бақылау”. Университетте офис-тіркеушілер мен интернатура және жұмысқа орналастыру деканатының деректер базасына ұсынудың бірыңғай мерзімі бекітіледі. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының әр пәні бойынша.

Ағымдағы бақылаудың формалары:

- тестілеу: жазбаша, сонымен қатар компьютерлік (бүгінгі таңда «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраларында қолданылатын www.omed.kz сайтындағы он-лайн тестілеу);

- бақылау жұмыстары;

- жеке үй тапсырмаларын, рефераттардың, эсселердің орындалуын тексеру;

- курстық жобаның (жұмыстың) бөлімдерінің орындалуын, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) бойынша есебін тексеру;

- практика бойынша тапсырмаларды орындауды тексеру;

- пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер;

- коллоквиумдардың түрлері (ауызша, жазбаша, аралас, экспресс және т.б.);

- сұхбаттасу;

- зертханалық жұмыстар бойынша есептіліктің орындалуын бақылау және тексеру;

- электрондық көздерімен оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу.

Ағымдағы бақылау нәтижелерінің формалары «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедрасының оқытушылары анықтайды және пәннің жұмыс бағдарламасына бекітілді.

Ағымдағы бақылау кесте бойынша бекітілген мерзімде студенттің аудиториялық және өзіндік жұмысы барысында өткізіледі.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы кафедраларында межелік бақылау оқу циклы аяқталғанда жүреді. Межелік бақылау студентті жалпы меңгерген білім нәтижелерін анықтау және ағымдағы бақылау барысында жоспарланған балдарды жинақтау мүмкіндігі мақсатында жүргізіледі. Семестр барысында пәндер бойынша циклдік және фронтальдық сабақтарда жұмыс оқу жоспарларында және солардың негізінде жасалынған күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда қарастырылған межелік бақылаулар өткізіледі. «АстМУ» АҚ-та оқу процесін жүргізу саясатына сәйкес кафедраларда бір күнде екі пәннен артық межелік бақылау жоспарланбады.

Оқу циклын межелік бақылау формасы ретінде келесілер қолданылады:

- тестілеу (www.omed.kz сайтындағы он-лайн тестілеу);

- студенттердің жауаптарын жазуып алумен ауызша сұхбаттасу;

- билеттер бойынша жазбаша емтихан;

- сынақ (жазбаша);

- курстық жобаны (жұмысты) қорғау;

- практика бойынша есептік құжаттаманы қабылдау;

- жеке үй тапсырмаларын, зертханалық жұмыс, СҒЗЖ бойынша рефераттарды және есептерді қабылдау.

Межелік бақылау үшін бақылау формалары, балдарды есептеу және бақылаушы-өлшеуші материалдар (БӨМ) қорларының тәртібі барлық кафедраларында пәннің ерекшелігіне байланысты әзірленді, әдістемелік әзірленімдерге қосымша ретінде рәсімделді және белгіленген тәртіп бойынша кафедра меңгерушілері бекітті.

ОӘК шешімімен (28.08.2013ж. №1 хаттама) «АстМУ» АҚ-та білімді бағалаудың бірыңғай критерийлері мен ережелері қабылданды, 4.4.-кесте.

Ағымдағы бақылау: ауызша сұрау, тест тапсырмаларын шешу, сұхбаттасу, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тақырыптық науқастарды клиникалық талдауға қатысу.

Кесте. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына ауыстырумен балдық-рейтингілік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59  
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

Білім алушылардың рейтингі бағасы ағымдағы және межелік бақылау бағаларының қосындысынан шығады.

Пән бойынша рейтинг мына формуламен есептелінеді:

РРБ=(АББхX+ОРКхY+СӨЖхZ)

РРБ-рұқсат рейтингісінің бағасы. Бұл межелік бақылауға, практикалық мәнге, СӨЖ-ге орташа балл сомасынан есептелген практикалық мағынаға ретінде алынған орташа баға.

АББ-практикалық сабақтың орташа бағасы (ағымдағы бақылау бағасы).

СРС-средняя оценка СРС.

Студентің қорытынды бағасындағы рұқсат рейтингісі 50 балдан кем болмауы керек. 50 балдан кем рұқсат рейтингісі болғанда қорытынды баға есептелмейді. Білім алушының семестрлік балы 50 және одан жоғары болғанда







Date: 2015-11-13; view: 1294; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.095 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию