Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРЫТЫНДЫ





 

Адам болмысының жетілуі және үнемі дамуы үшін философия тарихына жүгінуге тиіспіз. Өйткені, ол дүниенің тұтқасы болатын терең рухани құндылықтарды іздеуге теориялық мағынада себепкер болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда Абайдың «Қара сөздерінің», өлеңдерінің аксиологиялық жүйесі, әлеуметтік түсініктерді қазіргі ұрпақ үшін өзіндік іргелі маңыздылығы бар дүниелер екенін тұжырымдай аламыз.

Өмір, дүние, адам, уақыт туралы ойлаудан әрбір қазақ бағыт сілтер принциптерді бүкіл әлемдік әдебиеттен, даналықтан іздейтіні түсінікті. Сонымен бірге ол ең алдымен қазақ даналығына, қазақ философиясына, ақын-жыраулар, би-шешендер мұрасына ден қоюы да заңды. Бәрі өзгеріп, жаңарып жатса да адамның да, қоғамның да аяғынан тік тұрып, ілгері басуы үшін ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан өмір заңдылықтары бар. Олар өзгермейді, жойылмайды, құндылығын сақтап қалады. Осындай ережелер, қағидалар қазақ мәдениетінде де баршылық. Біз ең алдымен соларды игеріп, бойымызға сіңдіруіміз керек. Осы мақсатта Абайдың «Қара сөздеріне» тағы да үңілу қазіргі уақыт талабына сай оларды тағы да сараптау біз үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазір жаһандану заманында қазақ қандай идеяны, идеологияны бетке ұстауы керек? Қайткен күнде қазақ маргинал халық болмай, ХХІ ғасырдағы ұлы көшке қазақ күйінде, дербес халық күйінде, өз тілімен, ділімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен, өнерімен ілесе алады. Бұл қазіргі кездегі алдымызда тұрған ең өзекті мәселе, әлеуметтік тапсырыс. Осы сұрақтардың жауабын қазіргі заман мәдениетін, ғылымын, білімін, өнерін меңгерген адам Абайдан, Абайдың «Қара сөздерінен» таба алады. Талдауға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс осы әлеуметтік тапсырысқа жауап ретінде жазылған құнды еңбек. Абай мұрасы бүгінгі, ертеңгі қазақтар үшін ғұмыр бойы оқып үйренетін сабақ болатын оқулық іспеттес. Әр кезде әр қазақ Абайдан керегін іздеп таба алады. Өйткені біз қазақпыз, қазақ болып қаламыз. Ал Абай – қазақ ақыны, қазақ данасы, қазақ ғұламасы.



Абайдың «Қара сөздері» философиялық тұрғыдан алғанда да – терең мазмұнды, әртүрлі тақырыпты қамтитын күрделі туынды. Біз оның философияға тікелей қатысты бір қырын ғана қарастырған болдық: Адамның, дүниеге тұтас әлемге қатынасы және бұдан туындайтын әр түрлі экзистенциалдық мәселелері болашақта «Қара сөздердегі» басқа тақырыптар да, атап айтқанда: Абайдың аманаты, гуманистік пайымдары, қазақ халқының басқа халықтарымен салыстырғандағы ерекшелігі, ел басқару ережелері, «адамның кейбір кездері» - қуанышы, реніші, уайым-қайғысы, үміті, ниеті, жалғыздығын, сенімі, мұраты, Құдайға құлшылық, өмір және өлім, тән мен жан т.т. зерттеушілер назарына ілігері анық. Бұлар да экзистенциалдық тақырыптар тобына жатады, демек, белгілі бір тұрғыдан бұл жұмыста да лайықты орын алады.

Жоғарыда тұжырымдарды ескере келіп, Абайдың әлемді философиялық сипатта өрнектеуінде, төмендегідей нақты қорытындылар жасауға болады:

1. Философияның іргелі мәселелерінің қатарына «Адам-Әлем» қатынасы жататыны белгілі. Бұл күрделі қатынасқа философиялық ағымдардың барлығы өзінің позициясын білдірген. Сонау ежелгі Антик заманынан қазіргі жаһандану кезеңіне дейін жалпы адамның әлемге қатынасы зерделенеді. Жалпы салыстырмалы түрде философиялық ағымдардың жіктелуі де, сан алуан векторда таралуы да осы мәселеге қатынастан басталады. Яғни танымдық, онтологиялық және аксиологиялық басымдылықтардың айқындалуы философиялық бағыттың мазмұнын білдіртеді.



2. Қарастырылып отырған жұмыстың құнды жағы, жаңалығы – тәуелсіздік алып ХХІ-ғасырға аяқ басқан, жаһандану дәуіріне тап болған қазақ халқы жаңа жағдайда өмір сүріп, алға басу үшін Абайдың «Қара сөздерінен» қандай тағылым-тәлім ала алады, басқаларға алаңдамай, еліктемей өз жолымен жүруді қайтіп үйрене алады, қазақ енді қандай салт-дәстүрлерін жандандыруы керек, кеңес кезіңінде діннен безген адамға Абай қандай исламияттық рухани үлгілерді ұсына алады, Абайдың қазақты тұтас халық етіп топтастырар идеясы қандай деген сияқты сұрақтарға жауап ретінде таба алатынын Абайдың әрбір сөзін, талдай отырып тауып бергені.

3. Абай өзінің «Қара сөздері» арқылы бір жағынан, адамға, оның сөзіне, ісіне, өміріне, сонымен бірге дүниеге сипаттама беретін қазақтың қара өлеңіндегі дәстүрлі жалғастырса, екінші жағынан, әлемдік әдебиеттегі ойшылдардың басынан кешкендерін, тәжірибесін талдап басқаларға сабақ болар деп жазған өсиетнамаларына тән дәстүрді жалғастырды. Бұдан біз Абайдың ойшылдығы кенеттен пайда болған құбылыс емес, көп ізденуінің, оқуының терең түсінігінің жемісі екендігін көреміз.

4. Жұмыста Абай даналығының түркілік дүниетаныммен (Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи) және билер-шешендер тағылымымен, ағартушылықпен астасып жатқаны көрсетіледі. Сөйтіп Абайдың философиялық ойларының тарихи сабақтастығы салыстыру арқылы ашылады және Қазақстан қоғамының орнықты дамуына игілікті әсер ететіндігі дәйектелді.

5. Абайдың «Қара сөздері» кейінгі ұрпақ гуманитарлық ғылым үшін, адамтанудың, өзін-өзі танудың үлгісі болып табылады.

Адам баласын заман өсіреді, заманына қарай адамын таны деп түсінген Абай өлеңдері мен қара сөздерін де өз уақыты алға тартқан мәселелер төңірегінде толғанды, қам жеді. Солай бола тұрса да Абайдың халқы жөніндегі, адам жөніндегі, адамның адам болып, өмір сүруі, адам атын ақтап шығуы, адамның бетке ұстайтын мақсат-мұраттары туралы ойлары бүгінде мәнді, өзекті, бүгінгі күннің сұрақтарына жауап бере алады. Абай өз ортасында жалғыз болды, өз уақытын басып озды, Абай келешек ұрпаққа да замандас, ақылшы болып қалады.

6. «Мен бір жұмбақ адаммын» деген Абай адамның кеңдігін, шексіздігін, күрделілігін, адамға біржақты қарауға болмайтынын көре білді, толық адам жөнінде ілім қалдырды. Абайдың өзі де, сөзі де адамның шексіз мүмкіндіктерін паш етеді, сөздерінде терең астар барын ескертеді. Абайдың қара сөздеріндегі ойлар жан-жақты, бәрін шолып шығу мүмкін емес.

7. Соңғы кезде елде жақсы бастама бас көтеріп, «Бір ел – бір кітап» деген акция қолға алынып, ол Абайдай, Мағжандай арыстарымыздың мұрасына арналып жатыр. Өте дұрыс. Бірақ бұл уақытша бастама болып қалмауы керек. Абайдың «Қара сөздері» әрбір қазақтың, әрбір Қазақстан азаматының жастанып жатып оқитын, қасиетті кітабы болуы керек. Абай бәріміздің өтуге тиісті университетіміз. Абай біздің қиналғанда, ойланғанда, шөлдегенде сусындап алар рухани бұл асымыз. Абай - әрқашанда бізбен бірге, қазақпен бірге, гуманизмді бетке ұстайтын адамзатпен бірге.

Абай өз заманында керек болды. Ол қазір бәрінен де керегірек. Ол болашақта да керек болады. Ол - біздің арқа сүйер рухани азығымыз. Абай туындыларының құдіретін Сұлтанмахмұт Торайғыров былай сипаттайды:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!

Өмірден тым ерте кеткен талантты зерттеуші Сағат Әшімбаев өзінің «Ақын жанын жабырқатқан жайлар» деген мақаласында: «Асыл сөз іздемейтін, адамдықты көздемейтін адам аз шығар. Ал, екеуін де Абайдан табасың, сондықтан да «Абайды оқы, ерінбе» деген сөздің растығын уақыт көрсетіп келе жатыр» - деп жазады [117, 94 б.]. Абайды ермек үшін, болмаса біреу үшін оқуға болмайды, өзің үшін, онымен оңаша қалып, өзің жөнінде, басқа адамдар жөнінде, өмір жөнінде, жақсылық пен жамандық жөнінде ақылдасып, сабақ алу үшін оқу керек. Сонда ғана сен Абайды, Абай арқылы өзіңді түсінесің.

 

 








Date: 2015-11-14; view: 443; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию