Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ара сөздердегі» адам болмысындағы рухани жетілу мәселесі





Рухани мәдениетіміз сыңаржақ идеология догмаларының қатаң құрсауынан құтылғалы бері абайтану ілімінде де көптеген игілікті жаңалықтар көрініс берді. Ең бастысы, Абайдың діни-философиялық бағытта жазылған еңбектерінің жұлдызы жаңаша туды. Оның «Қара сөздер» деп аталып жүрген дүниесі қайта оқылып, тереңіне бойлай ашылып, жаңа сырлары мен қырлары қылаң беріп, бүкіл Абай шығармашылығына шынайы сипат беріле бастады.

«Қара сөздерді» қалай атауға байланысты бірнеше пікірлер бар. 1956 жылы басылып шыққан Х. Ж. Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері» атты монографиясында бұл сөз жеке қарастырылмайды. Автор «өсиет ретінде кеңес үлгісіне (поучение, беседа) жатқызуды жөн санадық» дейді де өтеді [106, 121 б.]. А. Көбесов «Абай сыры оңай емес» деген мақаласында басқаша пікір білдіреді. Ол былай дейді: «...Бұл еңбекті қара сөз, кеңес сөз немесе қарапайым кәдуілгі «ғақлия» қатарына жатқызудың реті, қисыны келіңкіремейді. Бұған Абайдың өзі қойған «Китаб тасдиқ» атының өзі-ақ жақсы дәлел бола алады. «Тасдиқ» деген араб сөзін «сенім», «растау», «бекіту» деп аударуға болады, сонда бұл еңбек «Сенім кітабы», «Растау немесе бекіту кітабы» болып ғылыми атау алады» [107, 242 б.], яғни, автор қара сөздерді дербес ғылыми педагогикалық шығарма дегенге келтіреді. Мазмұнынан басқа көптеген этнопедагогикалық терминдердің (хакім, ғалым, хауас, хұлық, жәуанмәрт, инсаният, нақлия, ғақлия, ғибрат, ишарат және т.б.) жиі ұшырасуын да тілге тиек етеді. Соңында мынадай топшылау жасайды: «Абайдың бұл бірегей (біртума) еңбегінің түпнұсқасын данышпан әл-Фараби салып кеткен Шығыстың классикалық педагогикалық трактат (рисалат) деп айтуға негіз бар, өйткені сырттай шолып танысқанның өзінде мұндағы тұнып тұрған педагогиканы байқамау мүмкін емес, тіпті дәлдеп айтсақ «Педагогиканың діні (ислам) негіздері» деп атау әбден лайық» [107, 224 б.].

Профессор Қасымжанов А.Х. өзінің «Портреты» деп аталатын еңбегінде «Қара сөз» ұғымын Шығыс пен Батыс әлемдеріндегі үрдістермен тікелей байланыстыра отырып, басқаша қаратады. «Термин «қара» (черный) в сочетании с термином «сөз» (слово) чрезвычайно многозначен: это и обозначение прозы в отличие от рифмованной речи и текста, это и обозначение печали, и, наконец, обозначение, идущее первостепенного, главного. «Қара сөз» по жанру называлось «биликом» метким изречением, рассказом о жизненном примере, имеющем значение образца. По европейской традиции, это – жанр «Максим», «Афоризмов», «Бесед». А по сути «Қара сөз» - исповедь» [108, 12 б.].

Сонымен Абай шығармашылығымен нақты айналысатын белгілі үш ғалымда үш түрлі анықтаманы кездестіріп отырмыз.

Біреуі «өсиет ретіндегі кеңес сөз» десе, екіншісі, педагогикалық трактат (рисалат) дейді де, үшіншісі ойшылдық жүрекжарды сөз, сыр дегенге саяды.

Бұл үш пікірдің үшеуін де әрине тілге тиек етердей терең мағына бар. Біздің тақырыбымызға байланысты, бұл анықтамаларда сабақтастық мәселесіне сілтемелер бар. Сүйіншәлиевтің өсиет ретінде айтылған сөз деуі, Абай шығармасы қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен әдебиетінде кездесетін Күлтегін, Білге жазба ескерткіштерінен басталатын кейінірек Майқи би, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би қалдырған ұлағатты, өнегелі өсиет сөздермен жалғасқан өнердің ең биік шоқтығы, жазба формасы дегенмен бір деп ойлаймыз. А. Көбесов болса, ойын ашық айтып, үндестікті ұлы ғұлама әл-Фарабиден, жалпы Шығыс философиясынан тауып отыр.

Қасымжанов А.Х. Абайдың әйгілі «Күншығысым – күнбатыс, күнбатысым - күншығыс болып кетті» деген тезисіне сүйеніп, сөздердің үйлестігін көне түрік дәстүрінен де, манғұл дәуірінің ықпалынан да, Еуропа мәдениетінің әсерінен де іздейді. Бұл пікірлерде жаңсақтық жоқ. Дегенмен, Абайды тек қазақ халқының немесе тек Шығыс ғұламасы ретінде көрсету қазіргі Абайтану ілімінің ашқан жаңалықтарына сай келмейтін тәрізді. Абай- дүниежүзілік алып. Ол жалпыадамзаттық құндылықтармен сусындап, әлемдік философияны терең меңгеріп, исламияттық түсінік деңгейіне көтерілген кісі. Оның қара сөздерінің дені адами қасиеттерді уағыздап, адамшылық кәмелет табудың жолдарын ашу. Құран кәрім мен пайғамбар хадистеріндегі бас тақырыптар - шын имандылық, Алланы тану, оны мейлінше сүю, оған барынша ұқсау, еліктеу өзіне де Алла идеясы тұрғысынан қарау: “мен шынайы діндармын ба, таза мұсылманмын ба?” –деп. Толық адам түсінігі тек шынайы қазақтық қасиеттер ғана емес жалпы адами қасиеттермен байланыстырылады. Сондықтан, Абай ізденістерін біз Сократ, Мұхаммед, Иса ізденістерімен, өсиеттерімен салыстырар едік.

Ал, термин мәселесіне келсек, Сәтімжан Санбаев айтпақшы, ол Абайды әлі де болса тереңірек зерттей келе болашақта тура шешілетін нәрсе. Қазіргі басты мақсат, Абай дүниесін, абайтануды науқаншылыққа айналдырмай үнемі зерттеп, оқып, түсініп ұлт тәрбиесінің қажетіне жарату.

«Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, эстетикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған «қара сөздер» маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері шеттей қабысқан. Мұнда философия адамдардың рухани танысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әр алуан топтағы жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың дертін айқындайды да, бейнелі түрде жеткізеді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне, барлығын да тарихи жадында сақтап қалған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді» [78, 5-6 бб.].

Бірінші сөз мазмұны жағынан өзге «сөздерге» алғы сөз, кіріспе ретінде жазылған. Абай жазуға қалай кіріскені туралы айтады. Абай ойына келген нәрселерден еркін айту үшін арнайы жанр ойлап тапқан. Ол – сөз жанры. Ақынның қара сөздері - нағыз еркін ойдың жанры. Онда ешқандай бір дәстүрге, тәсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан. Абай ашқан «сөз», өкінішке орай, қазақ мәдениетінде өріс алмады. Абай өз заманының адамының атқарған негізгі қаракеттеріне: ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, дін бағу және бала бағу талдау жасай келіп, ол істерді өзінің неліктен қолға алып, атқармағанын нақты дәлелдермен көрсетеді. Бұл ақынның өмірден түңілуі емес, адамның характеріне, өміріне кеңістік бола алмай тар қапасқа айналған қоғамдық болмысқа наразылығы. Осыдан барып: «ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен сөз тапса, жазып алсын, иә оқысын, керек жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ», - деген тоқтамға келеді [9, 146 б.].

Екінші сөзінде Абай қазақтың өзі туралы түсінігі өзге халықтарға берген мінездемесінен аңғарылатынын нақты дәлелдеп берген. Халықтарды салыстырады, қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстүрт өзімшілдігін мысқыл ете алады. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек сүйген ел атаулының бәрі қазақтай еңбексіздікке мол салынған және өнеркәсіпте, күнделікті тұрмыста көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік артық елдер болып бағаланады. «Абай осы шағын сөзінде ұлттық дамудың басты-басты бағыттарын таратқан. Ақынның осы идеялары күні бүгінге дейін іске танып отырғанын мойындамасқа шама жоқ. Егер дер кезінде Абай насихатына құлақ қойған қауым болғанда, отызыншы жылғы аштықтан қырылар ма едік. Сарт, татарлар дін аман қалғанда біздің халықтың тең жартысы қырғынға ұшырады. Абайдың «шаруа қылып мал тап, өнер тауып зор бол» дегені бүгінгі күннің өміршең талабы» [109, 130-131 бб.].

Үшінші сөз, тақырып жағынан алғанда, өзінше бөлек бір алуан. Бұнда қазақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Ол кезде ел басқаратын хан, ақыл айтушы би, жыраулардың қоғамдағы қызметі жойылды. Олардың орнын діні, тілі, түсінігі жат орыс шенеунігі басты, қазаққа қалғаны болыстық, оның өзін үш жылға ғана сайлайды. Бірінші жылы «сені біз сайладық...» - деп бұлданумен өтеді, екінші жылы кандидатпен аңдысумен, ал соңғы жылы жаңа сайлау жақындап, тағы болыс болсам деген тіршілікпен өтеді. Абай орыс патшасының осы бір «кесімді билігі» туралы ашына пікір айтқан. Жағдай осындай болғанда, болыстыққа орысша білімі бар адамды уезный начальникпен бірге военный губернатордың өзі тағайындағаны жөн дейді. Себебі, итке тастаған сүйектей «болыстың» өзі тозып отырған халықтың арасындағы іріткі.

Аралық (третейский суд) билікті ұсынып, «би екеу болса, дау төртеу болмақ» деген сөзін келтіреді. Абайдың бұл нақыл сөзінің мазмұны қазіргі көсем сөзге (публицистика) жатады. Ақын болыстық қызметтің саяси-әлеуметтік негіздері хақында өз ойларын айтып, нақтылы ұсыныстар жасайды.

Төртінші сөзде күлкі туралы ойлаған ойы, сыны айтылады. Адам әманда тылсым табиғаты мәңгі жұмбақ болып қала берерлік құбылыс. Абай осы тылсым құдірет иесінің екі күйіне талдау берген. Олар күлкі және қайғы. Бұл алма-кезек болатын көңіл күйлері емес пе? Абайдың айтып отырғаны өзгеше мәселе. Өмірде күлкіге салынып, қайғы ойламайтын «қаңбақ жандар» болады, күлкіні біле білмейтін мұңды жандар болады. Ақын надан адамның қылығына күлсең рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, оның өзі қайғы, жанның қылығына күлсең рахаттанып, жақсыдан ғибрат алдым деп күл. Расында дүниеге жылап келіп, кейіп өтетін жанның өмірі қаракетсіз, тек күлкімен өтеді дегенге кім сенбек. Болмыстың мәнін түсінбеген адамда уайым-қайғы бола да қоймайды, олай болса ондай жанда сана да жоқ. Кейбіреулер ойласа керек, малым бар, не болса соны сатып алам деп. Рас, дүние кірін сатып алуға, біреуге пара беріп ғаділет жолынан тайдыруға ондай жанның күші жетпек, бірақ адамның түптің түбінде басына түсер таусыншақ күн туғанда, ол бір күндік ғұмырға зар болмақ. Түсінген адамға өлім қайғы емес, өмір уайым. Осындай жайларды түйіндей келе Абай: «Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды», - дейді [9, 152 б.].

Ақын бесінші сөзінде халық санасына сіңісті болған мешеулік философиясына талдау жасайды. Қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық, кеще ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды сынайды. Қазақтардың «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр» деген тілегіне, жас баладай болу деген не ұғым, демек, салиқалы іс-әрекетке бармай, барға риза, жоқты ескермей, балалық түсінікпен өмір түсірушілік. Мұндай түсініктерді Абай қазақ мақал-мәтелдерінен де табады. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Алаған қолым береген», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса -қаралы үйге шап», «Түстік өмірің болса, күндік мал жина», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық» т.б. Бұл мақалдардан ақын қазақтардың қайғысы малда екен, бірақ мал үшін қам жемейді, малды қалай табуды білмейді деген қорытынды жасайды.

Жоғарыда аталған бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үміттің арнаулы тақырыптары бірталай сөздерде қайталанып отырады. Мысалы, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші сөз сияқты үлкен бір топ сөздерінде Абай қазақтың мінезін көп сөз етеді. Мұнда бірлік жөнінде, ақылды болыс – би сияқты ел әкімдерінің, пара алмайтыны жөнінде кекету әжуа айтылады (Алтыншы, Сегізінші сөздерінде). Алтыншы сөзде Абай қазақтың өнер алды –бірлік, ырыс алды- тірлік деген мақалы төңірегінде философиялық мәнде ой өрбіткен. Абай бірлік қандай елде болмақ деп ашық сауал қояды. Басы бодандыққа түскен, ел болып өзін билемеген халықта қандай бірлік болмақ, оны қазақтар біле бермейді, олардың ойынша: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса болғаны. Абай мұның бәрін жоққа шығарып, нағыз бірлік ақыл бірлігі дейді. Мысалы, ақылға салып ел қамын ойлау нағыз бірлікке апарады дейді. Мақалдың екінші жартысындағы тірлік деген ұғым да талданады. Абай әншейін күн көргеніне мәз болып, қорқып-үркіп өмір сүргенді тірлік деп есептемейді. Ит тірліктің өмірге еш қажеті жоқ. Сондықтан да, ырыс алды - тірлік дегенде тірлік алдымен мақсатқа лайықталған таза еңбекпен анықталса керек. Ал сегізінші сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Ол ақыл, насихат қазақта кімге керек дей келіп, болыс, билерге де байларға да, қойдан жуас кедейлерге де, ұры мен залым, сұрқияларға да ақылдың артық екендігін атап өтеді. Сонымен ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма деп толғанады.

Ел туралы толғанған ойдың ызалы ащы күйін уланған оймен көрсететін сөзі – тоғызыншы сөзі. Осы мен өзім – қазақпын деп бастап, олай болса қазақтың қай қылығын қостап, оны жақсы көрмекпін немесе нендей қылықтарынан жиреніп, оны жек көруім керек. Ақын оған жауап бермейді. Қазақтың жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске көшеріне ақынның сенімі жоқ. Халқына қапа болған Абай мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін –дейді. Ақынның айтқандарын дәлме-дәл түсінуге болмайды, оның күйзелісі Асан Қайғы іспеттес болашаққа үмітпен қарау, өз дертіңді өзің анықтау, өзіңді-өзің аяусыз сынау, сөйтіп кеселді дерттен құтылу жолында әрекет ету.

Оныншы сөзде әңгіме арқылы өмірдің мәні, яғни бала мен әкенің арасындағы қарым-қатынас, болашақ туралы ой айтылады. Ақын көпшіліктің құдайдан бала тілеп, оның жауапкершілігіне жете мән бермейтініне назар аударады. Біреулер өлсем бала орнымды бассын дейді. Бұл тілекке уәжі: Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Баланың жақсысы –қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге неге мұнша құмар болдың? [9, 158 б.]. Ақын бұл жолдарында ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы сөз қозғайды. Біреулер баланы құран оқысын деп тілейді.Абай: Артымнан балам құран оқысын десең, тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Жаманшылықты көп қылсаң, балаңның құраны неге жеткізеді? Тіршілікте өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? – деп терең әрі өткір ойлар айтқан. Үшінші біреулер балам қартайғанда асырасын дейді. Абай мұндай тілектің мәнсіздігін: әуелі -өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па – деп дәлелдеген. Абай бала тілегенде не болатынын осылайша талдай келіп, бар мал-мүлік, байлықты баланың ғылым іздеуіне жұмсау керек деген тұжырым айтады.

Он бірінші сөзде өз заманындағы халық тірлігінен туған шарасыздық көрінісі Қазақ даласында отаршылдық орнаған кезде қоғамның дертіне айналған ұрлық пен бұзақылықты Абай жұрттың бәріне ортақ дейді. Бұдан сау адам қалмаса, сонда елді кім түземек. Ел ішінде ант, серт, адалдық, ұят сынды парасатты мінез-құлық әлсіреп барады. Осыны дұрыс жолға салатын қолында малы, аузында сөзі бар қазақ байлары десек, олардың өзі бұзақылардың сөзін сөйлеп бұрыс жолға бастауда. Өз бас билігі өз қолынан кеткен жұрттың хәлі осы болмақ. Абайды жегідей жеп отырған ел басына түскен дерт, содан құтқарудың жолын таппағаннан туған шарасыздық.

Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу он төртінші сөзде көрінеді.

Ел мінезін сынайтын сыншыл-реалист философ кейде бірыңғай өлеңінде қолданатын қатты сатираны да өзіне үлгі етеді. Қуаныш пен жұбаныш жайын аса ащы сатирамен жиырма үшінші сөзде, жиырма алтыншы сөзде айқын көрсетеді.

Жиырма үшінші сөзде көнбіс қазақ халқының қуанбайтынға қуанып, көңілге жұбаныш тұтуға тұрмайтын іске жұбанатындығы, жайбарақаттығы кесел ретінде көрсетілген. ХХ ғасыр жеке адамның әрекетін талап етті. Жекешілдік дәуірі басталғанын Абайдың сезінуінің бір көрінісі ретінде қазақты оңдырмай жүрген бір қуанышы, бір жұбанышы туралы пікірін айтуға болады. Ал жиырма алтыншы сөзде ұялмас нәрсеге ұялады, ұяларлық нәрсеге ұялмайды. Мұның бәрі –надандық, ақымақтықтың әсері дей келіп қазақ қандасының тұрмысының жұпынылығына, санасының жұтаңдығына, түсінігінің тарлығына, сезімінің шектеулілігіне налыс білдіреді. Абайдың тіптен қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ – деген пікірге келуінің өзі томаға- тұйық тынысынан шыққан ой.

Жиырма төртінші сөзінде халқының тұрмысын ойлап, оның болашағына көз жіберіп қапа болады. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтанышы, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды, дейді ол. Сонда қазақтар несімен ерекше. Бірін-бірі аңдып, ұрлыққа әуестеніп ұсақ тіршіліктің құлдарына айналуымен ерекшеленеді. Осылай бола берсе қазақтар бір-бірін құртып тынбақ. Қазақ өркениетті болсын деген ойдың патша әкімдеріне жат екені анық, ал ел ішінен бел шешіп сыбанып ұлт болуға шақырған азамат және де жоқ деп қапаланады ақын.

Абай жиырма тоғызыншы сөзінде жеті мақалды сынайды. Олар: «Жарлы болсаң, арлы бол», «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ», «Атың шықпаса, жер өрте», «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол», «Алтын көрсе періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті». Қазақ мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар, дейді. Әрине, Абай сынымен келісуге де болады, келіспеуге де болады. Ақын осындай білместікпен айтылған сөздерге бек сақ болу керек деп ескерту жасайды.

Кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, аздыратын салтты отыз үшінші сөзде баяндайды. Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері болады, - деп, оларды талапсыздық, еріншектік, салғырттық, тым мақтанып кетушілік, тамыршылдық деп талдап көрсетеді. Қазақтың баласы өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай, - деп налиды.

Осыдан соңғы бір топ толғаулар қазақтың бұрынғы өткен адамдарының мінезін сөз етеді. Халықтың даналық мақалдарын елдің қасиеті есебінде ақынның қадірлейтінін көреміз (отыз тоғызыншы сөз). Бұрынғы қазақтағы екі мінезді: ел басы, топ басыларының көші -қонды болса, дау жанжалды болса билік айтқаны мен намысқорлығын ерекше айтып, бұлардан айрылдық, ендігілердің достығы – бейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық деп түйеді.

Қырқыншы сөзінде Абай сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар деп, қатарынан жиырма бір сұрақ қойған. Бірақ, жауап бермеген. Қазақтың бойында бар зор кемшіліктерді ашып айтқан. Абай сұрақты адамдар қылығына орай қойған. Адам болмысы мен санасындағы қайшылықтарды, қарама-қарсылықтарды ашып берген. Бұл сұрақтардың мәні берілетін жауап- дәлелдермен құнды.

Ел мінезіне арналған қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жайттар қайта қозғалады. Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ деген арманды ой туады. Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпашылық күйдің бәрін теріп көрсететін осыған тән сөздердің бір алуаны жұмыссыздыққа арналған. Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу және адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады. Осы бір топ сөздердің ең соңғысы қырық үшінші сөздің алғашқы жолдарында Абай санасындағы дуализмді көрсеткенмен, педагогикалық, психологиялық үлкен жүйрік ойды танытады. Қара сөздердің ішіндегі көлемі үлкен, кенеуі мол сөздің бірі осы деуге болады. Екі нәрсе жан мен тән, осы екеуінің ортасында болатын жибили мен кәсібиге тоқталып, екеуін тең ұстауды құп көрген.

Бөлек бір тақырып болып жетінші сөз оқшаулау көрінеді. Ол –жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді. Құмарлық деген өте мәнді ұғым. Ол табиғаттың бізге берген ерекше қасиеті. Құмарлық – тән құмары және жан құмары болып бөлінеді. Адам баласы дүниеге келгенде осы екеуі бірдей көрінеді. Адам баласының ұзақ уақытқа дейін өз бетімен күнелтуге мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол көбіне тән құмарлығының құлына айналады. Оның себебі мынада болса керек: көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенде-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, білмеген кісінің несі кетіпті дейміз... Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық. Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек деген адамның баласы екенбіз.

Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Адамның хайуаннан жаман кезі бала кездегі екі мінездің қатар жүрмей, біреуінің үстем болып, екіншісінің көмескі тартуында. Ол бала кездегі жан құмарының ер жете келе тән құмарына тәуелді болуында. Сонда жан құмары деген не? Ол білсем, көрсем, үйренсем екен деген түсінік. Бұл адамның бала кезінде ерекше байқалатын мінезі. Бала көзі көріп, құлағы естіген заттың бәрін білгісі келіп, ол немене? Бұл немене? Бұл неге бүйтеді? - деп сұрап тыныштық таппайды. Осы бала күнгі жан құмарлығы ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз?

Адам баласы мен хайуан әуел бастан өзгеше. Абай адамды хайуанмен салыстырғаны шартты түсінік. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды, сондықтан оған біз надансың не ақылдысың деп ешнәрсе айта алмаймыз. Адам болса өзгеше, оның кеңістігі шексіз, мүмкіншілігін біліп болмайсың. Себебі, онда сана бар. Оның көрінісі жан құмары. Солай бола тұра адамдар жан азығын ойламай, құр білемізге салынып, надандықты білімдік деп өңештейміз. Міне бұл көкіректегі сәуленің жоқтығы деп Абай налыс білдіреді. Абайдың бұл сөзде айтпағы жан құмарлығының тән құмарлығынан артықшылығы туралы ой.

Жоғарыда көрсетілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін мен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар он екінші, он үшінші, он алтыншы, жиырма жетінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, қырық бесінші сөздер.

Он бесінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, қырық төртінші сөздерде әр алуан түрде қайталанып келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар.

Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады.

Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілерімен байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады.

Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, ағартушы ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол – толық сапалы адам болудың шарты жайындағы ойлар. Адам жан-жақты асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.

Он сегізінші сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын адам, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді. Кербез ұғымына өзіндік баға берген.

Он тоғызыншы сөзінде есті болу үшін естілердің сөзін ескеріп жүру керек дейді ақын. Қазақта бір мақал бар: «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың». Естілік дегеніміз, мақалда айтылғандай, адамның туа біткен қасиеті емес, дүниені тану нәтижесінде болатын нәрсе. Абай естілердің сөзін ескеретін адамдардың тапшылығына қынжылады. Сөз танымайтын жұртқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқа баққан жақсы деген екен бір хәкім дейді Абай.

Жиырмасыншы сөзде татулық жайында айтқан. Өмірдің мың сан көрінісінен, қисапсыз әрекеттерден жалығу тақуалаққа бастайтын соқпақтың бірі. Мұны Абай дөп басқан. Ол «Жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын-бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады», - дейді. Абайдың айтып отырғаны тек өмір қызығы емес, басқаша тереңірек мәселе. Ол «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бір қалыпта тұрмайды», - дейді. Әрине, қуаттың азаюы, ғұмыр қысқаруы, адам мінезі, ісіне өзгерістер әкеледі. Бірақ, білмекке құмарлыққа ойлы адам жалықпаса керек.

Жиырма бесінші сөзде үш ұғымды талдаған. Олар мақтан, үленшілік және мақтаншақтық. Осы үшеуінің адамдар арасындағы қызметтері де үш түрлі. Абайдың айтуынша: «аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы қиын іс». Қазақ айтпаушы ма еді: «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп. Абай үлкендік дегенді осы мәнде қолданған. Жақсының жақсылығын айтудың өзі өнеге, ғибрат. Мақтаншақтың надан екенін айту- тәрбие. Осы тұрғыда айтқан ақынның мына бір тұжырымы жастар үшін үлкен өнеге-үлгі: «Жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма-жыл. Тез үйреніп, тез жойма, жас уақытта көңіл – гүл».

Жиырма екінші сөзде халық тұрмысындағы әркімнің орнын анықтап, соған сай кімді жақтап, кімді қадірлемекпін деген ойға қалады. Соңында «ырыс баққан, дау бақпас» деген мақалға тоқтап, қазақтың момын байларының тілеуін тілеуді жөн көру себебін түсіндірген.

Жиырма бесінші сөзде орысша оқудың маңызы, орысша баласын оқытқандар алдына дұрыс мақсат қоюы керек екендігін талдайды. Кеңес үкіметіне ең жағымды болған сөз. «Балаңа қатын әперме, бар малыңды салып оқыт. Әйтпесе, балаң бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, яғни жұртқа рахат көрсете ме?», - дейді.

Жиырма сегізінші сөзде «ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес» деп түйсе, отызыншы сөзде «құр мақтанға» ұрынғандардың нағыз ант ұрған желөкпе екенін айтады. Отыз бірінші сөзінде естіген нәрсені ұмытпау үшін төрт түрлі себепті: «көкірегі байлаулы берік», «сол нәрсені үлгі алып, ынтамен ұғу», «қайталап ойлау көңілге бекіту», «ойдың кеселді нәрселерден қашық болуын» жіктеп берген. Отыз екінші сөзде «талап» дегенді кәдімгі ғылыми, философиялық ұғым ретінде талдаған, талаптанып іс қылу үшін қажет алты шартты көрсеткен. Абай афоризмдері шығармаларының өн бойында өріліп жатқанымен, ең көп шоғырланғаны отыз жетінші сөз. Бұл сөзде өзгелердей бір ғана ой өрбімеген, жиырма үш жеке-жеке нақыл айтылған. Абай көңілінде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеген. Бұл арада Абайдың тағы бір асыл қасиеті – шешендігін атап өткен жөн: “Қазақта қара сөзге дес бермедім” – деп Абай тауып айтқан. Төмендегі нақылдар ел ішінде әлдеқашан мақал-мәтелге айналған: «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады», «Әкесінің баласы - адамның дұспаны, адамның баласы бауыры». Бұл – терең мәнді философиялық тұрғы да айтылған сөз. Абай қазақтың «Адам күні адаммен» деген даналығын ескертіп отыр. Өзімшілдік, басқаларға деген немқұрайдылық қазақ үшін қасіреттен басқа ештеме әкелмейді. Керісінше, қазақ ынтымақ, ауыз-бірлік, бауырмалдық арқылы өседі. «Ер артық сұраса да, азға риза болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас», «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған - хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», «Егер ісім өнсін десең, ретін тап», қазіргі кезде бетке ұстайтын қағида. «Биік мансап-биік жартас, ерінбей еңбектеніп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық, сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық», «Тоқ тіленші - адам сайтаны...», «Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың», «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл», «Бағың өскенше – тілеуіңді ел тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң өзің ғана тілейсің».

Әрқайсысына Абай қысқаша түсініктеме беріп өтуге әрекеттенген осы ой – адамдар төңірегінде талай ұрпақ танымдық, адамдық тұрғыда көтеріле түскені шындық.

Жалпы тәлім-тәрбие, мәдениеттілік, адамшылық деген түсініктер адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе, тәрбие жолында жаңалықтар көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы – жастарды адам болуға баулу, адамшылықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, діліне, дініне рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдары үлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер –білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де болады. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға, неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып жөн, көрсетуге моральдық құқығы болды.

Тәрбие ісіне уақыт өз талаптарың, өз өзгерістерін енгізді. Абай заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден бастауға тура келді. Себебі, адамдар жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы мен жаманның не екенін көрсетуге борышты болды. Абай солардың асқар шыңы. «Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, жаңыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесін түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Онсыз қоғам дамудың даңғыл жолына түсе алмай, үйреншікті үрдісті солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалаңында басы айналып дағдарыс хәл кешеді. Ондай дағдарыстан шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша пейілі түскен перзенттері ғана сілтеп бере алады» [10]. Абай өз парызын түсініп саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай тәрбие теориясының басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету басқаға да шарапатын тигізу. Осы себеппен Абай барлық діндерге ерекше көңіл қойып зерттеді. Өзіне дейінгі тарихтағы көл-көсір рухани дарияның ішінен өзіне қажеттісін іздеді. Ақселеу Тарақты, Қойшығара Салғариндердің пайымдаулары бойынша осы ізденіс жолында Абай Нью-Йорк университетінің профессоры Джон Уильям Дрэпердің еңбектеріне көп сүйенген болса керек. Оның «Еуропаның ақыл-ойының даму тарихы», «Католицизм мен ғылымның арасындағы қатынас тарихы» атты кітаптарының өзі бұрын соңды кездестірмеген тарихи деректерді оқып, өзінің таным аясын кеңейте түседі. Оқығандарын ой елегінен өткізе келе, Абай әр түрлі дінді ұстаған халықтарды әр түрлі атағанмен олардың бәрін жаратушы деп мойындаған бір құдіреттің барына шек келтірмейтіндеріне көзі жетеді. Осы сенім-нанымның адамның адами қасиеттерін қалыптастыруға үлкен септігі болғанын байқайды.

Дегенмен барлық діндер имандылыққа баулитын бірден-бір дүниетаным ретінде исламды қабылдайды. Шын имандылық Алланы тану, оны мейлінше сүю, оған барынша ұқсау, еліктеу жолымен келеді. Имандылыққа тәрбиелеу, имандылыққа қол жеткізу Абай «Қара сөздерінің» басты желісі, солардың бәрін тізбектей қызыл жібі десе болғандай. Қазақ мәдениетінің тұғыры ретінде ата дәстүрін, ал тәлім-тәрбиенің қазығы ретінде діни тәрбиені қабылдап, уағыздайды. Абайдың бұл тұрғыдағы үлкен ерекшелігі – дін бұзар дүмше молдаларға үзілді-кесілді қарсы болып, таза дінді, сауаттылықты қолдау туралы қағидалары. Абай дәріптеген дін – ол гуманизм жолын ұстаған қасиетті дін, ол тәркі дүниелікке мүлде қарсы. Ол адамгершілік сезімі терең, жүрегі махаббатқа толы кісіні діні дұрыс адам деп есептейді. Дін адамның көңілі, адамгершілік қасиеті деп түсіндіреді. Сондықтан басына сәлде орап, бес уақыт намаз ұстап жүргендердің бәрін діні дұрыс адамдар қатарына қоспайды. Себебі ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды –дейді. Алланың ақиқаттығын ғылым жолымен тауып шын көңілмен, бар ықыласымен махаббат тұтуды керек етеді. «Ғылым- алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақылық, һәм адамдық дүр» [9, 195б.]. Абайдың дінге деген көзқарасы оның дүниетаным аясының керемет кеңдігін, түсінік, даналық өрісінің биіктігін көрсететін белгі.

Осы орайда қазақ халқының ертеңінің қамын жеген Абайдың шексіз даналығына қайран қаламыз.

Сананы жетілдіріп, халықты адамгершілікке, имандылыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеуде діннің ерекше орнын, соған орай ол туралы түсініктің дұрыс болуын көздеген Абай бұл тақырыпты барлық сөздерінде кеңінен қамтыды. Жоғарыда жеке-жеке мазмұн мағынасы келтірілген ғақлиялар соның куәсі.

Кеңес дәуірінде Абай тағылымын ұмытып, ғұламаны дінге қарсы күрескер ретінде көрсетіп, тұтас екі ұрпақ өкілдерін атеистік дүниетаным шырмауында ұстадық. Сондықтан өзге халықтармен бірге біздің халқымыздың арасынан да не алладан тайсалмайтын, не өкімет заңын мойындап сыйламайтын, не обал-сауаптың жөнін білмейтін, адалдық пен ар-намысқа тырыспайтын имандылыққа өгей ұрпақ қалыптасты.

Осы келеңсіздікті жоюдың факторы ретінде халқымыздың қанына сіңіп, көптеген ізгілікті қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасаған ислам тағылымдарын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың ешқандай да артықтығы болмаса керек.

Осы мақсатта Абай діні, Абай түсінігі, Абай даналығы, Абай өнегесі бізге үлгі болуға тиіс.

Мұхтар Әуезовтің терең ізденістерінен кейін Абай діні нендей дін деген сауалға жауап іздеген кісі академик-ойшылдың үш тезисіне тоқталмай өте алмайды. Бірінші, «Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні», екінші, «Абай діні –адамгершілік діні», үшінші «Абай діні - сыншыл дін” жоғарыдағы сауалдарға тура жауап таба алады.

Әрбір діннің ең басты мәселесі – құдай түсінігіне анықтама. Мұхаммед пайғамбар христиан дінімен таныстығын осы түсініктен бастайды. Және де осы діндегі бір құдайдың үшке бөлініп, үш көріністе сипатталғандығына көңілі толмайды. Қалайша үш бірге тең болады, бұл көрер көзге дін мағынасын қиындатып, шатастырады, сондықтан құдай жалғыз болу керек. Ислам шахадасының –Алла бір, ал Мұхаммед оның пайғамбары –деген қағидасы сыншыл ақылдың ұйғарымы. Яғни, исламның өзі пайғамбардың сын көзқарасынан шыққан шартты дін.

Абайдың үзеңгілес шәкірті Көкбай естеліктерінде мынадай мағлұмат бар. «Абай христиан дінінің нанымы бойынша, «Үш жүзді құдай» деген ұғымға дау айтыпты. Бірлігіне үш жүзді болу сия ма? Сол үш сипат бір түрінде болса құдайлығына көп бола ма?» - десе керек [110].

Ендеше, Абай мен пайғамбар пікірлері бір жерден шығады. Бірақ Абай санасында Алла мен пайғамбардың хақтығы біржолата орын тепкенше, философ Алла болмысы мен қазақ болмысының арасындағы көптеген қайшылықтарға жауап іздеуге мәжбүр болды.

Абай тағылымындағы алла тағала адами бейнеден гөрі шексіздіктегі беймәлім күшпен ұшып жүретін, әлемдегі барлық өзгерістерді, қимылдарды, әрекеттерді көріп, сезіп жүретін құдіретті күш. Адамдар болмысын реттеуші, дін исламның иесі.

Жиырма сегізінші сөзде Абай осы көзқарасын әрі қарай тереңдете түседі. Абай сөзінің астарына көңіл бөлген дұрыс. «Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреуінің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – бұлар неліктен? – десе біреу, сіздер айтарсыздар, құдайтағаланың жаратқанынан, бұйрығынша болған іс деп. Жә, солай болса, біз құдайтағаланың ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік» [9, 180 б.]. Осындай пікірдің көп кездесетіндігіне қанық Абай, бәрі де Алла тағаланың ісі, жаратушы иенің пәрмені дегенге күдік келтіреді. Бұл пендешіліктен туған, өзін-өзі ақтау үшін табылған қулық. Адамдар өзі істеген іске ар, намыс, иман таразысының алдында жауап беруден тайсалып, ойдан шығарып алған пікір дегенге келеді. Бай болғанын көтере алмаған кесепат та, тамақ таппай сандалған жалқау да айналып келгенде «бәріне де сен кінәлісің» деп Алла тағаланы жықпақшы. Кінәнің бәрін өзінен емес, өзгеден іздеуге даяр тұратын мінез қазаққа кесір болып жабысқан мінез. Сол мінезге ашынған Абай «бәрі де аллатағаланың әмірімен болып жатыр деген сөз кімге пайда, кімге залал»,-дейді. Осы пікір ұлтымызды құтыртып, бас көтеруге мұрша бермей жүрген қасиет емес пе екен деген тұжырым жасайды.

Абай исламияттың көптеген діни сөздерін өзі өмір сүрген ортаға барынша бейімдеп түсінікті етіп баяндайды. Бұл туралы зерттеуші Мекемтас Мырзахметов «Абай діні сыншыл ақылдың шартты діні» деп, Мұхтар Әуезовке сілтеме жасайды да, бұл ойды былайша таратады.

«Бірақ үңіле зерттей қараса, Абай исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын көбінесе діни ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманистік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин сөздердің мол болуы, әрине, оны қоршаған орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты. Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады» [111, 108-109 бб.]. Бұл пікірмен келісетін жері де, келіспейтін жері де бар. Абай діні –сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні деген пікір қазір көп қайталанғаннан жан-жақты дәлелденген аксиомаға айналып отыр. Абайтану ілімінің қазіргі деңгейінде талас туғызбайды.

Абайды исламиятқа жүгінгенде тек ортасына, айналасына, тыңдаушысына сөзім ұғымды, түсінікті болсын деген ой болды деу біздің ойымызша қисынсыз пікір.

Абай нанымның, сенімнің, философиясының көптеген ой тұжырымдары оны дінді іштей, жан сезімімен, бүкіл табиғатымен қабылдаған адам ретінде көрсетеді.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй алланы жаннан тәтті», «Алла деген сөз жеңіл, аллаға ауыз жол емес», «Ынталы жүрек, шын көңіл өзгесі хаққа қол емес» деген ой маржандары соған айшықты дәлел.

Абай шығармашылығында толық адам деген ұғым жиі кездеседі. Сондағы толық адамның көп сипатының бірі – ол алланы жан-тәнімен сүйген шын мұсылман. «Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз шексіз» дейді хакім Абай. «Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген нысап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – құдайдың жолы» [9, 211б.]. Сонымен Абай пайымында, жаратушы иенің жолының шеті, шегі жоқ, бастауы беймәлім, аяқталуы да белгісіз өзгеше әлем. Сол ғажайып өзгеше құбылыстың есігін ашып дәм-тұзын татып, тіршілік ләззатына бату, жар сүю, бала өсіру, шабытты көңіл күйге кемелдену жердегі пендеге ғана бұйырған. Жақсылыққа тасымай, жаманшылыққа саспай сол жаратқан ие жолымен өзгеру, даму, ілгері басу адамдарға ғана тән нәрсе.

Осының өзі бақыт, көңілдің тоқтығы, жүректің имангүлі, осыған шүкіршілік жасап, өзін ғана ойламай басқаға да жақсылық келтіріп көмек бере жүрсе адам толық адам дәрежесіне көтеріледі.

Яғни, толық адам дегеніміз шетсіз, шексіз дүниенің рахымын, алланың махаббатын жүрегімен сезіне жүреді. Ұят пен құдай сөзін ұстау иманның екі түрі екенін біледі. Жаратқан ие жаны сұлу адамды, сұлулықты ұнатады. Алланың өзі кешірімшіл, кешірім жасауға дайын кісілерді өзіне тартады. Кез келген пенденің сауап таразысына салатын жақсы мінезінен артық ісі жоқ. Сауап таразысында дәулет те, атақ та, абырой да салмақ бола алмайды. Таразы алдында жақсы адамдар бұл фәниде қайырлы істерді көп жасай алмағанына өкінсе, жаман адамдар жаманшылығынан дер кезінде қайтып тәуба қылмағанына өкінеді. Әрбір адам баласы өз істерін, өз тағдырын күнінде, аптасында таразыға салып, өз-өзіне есеп беріп отыруы қажет.

Абай аңсаған бар қазақ осындай болса екен деп армандаған толық адам сипаттары осындай.

Ғұлама шексіздік пен шектілікті, Алла болмысы мен адам болмысын диалектикалық байланыста тұрған түсініктер екендігіне мән бере отырып, олардың арасына дүние, мал араласқанда қайшылық пайда болатынына да көңіл бөледі. «Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек еш адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы, ахирет қайғысынан, ахирет қуанышынан артық болса - мұсылман емес» [9, 118 б.]. Бұл дүниенің бір күндік қуанышына, бес күндік атағына, лауазымына, дәулетіне, дүние мүлікке ахиреттің кеңшілігін, мәңгілігін, ақтығын, пәктігін айырбастап жүре беретін адам - имансыз адам.

Алла хақты сүюге шүкіршілік тәуба қылуға, басқаның ала жібін аттамауға, мейірімді, иманды болуға, жетімді жылатпауға, тазалыққа ұмтылуға құран сөзі арқылы үгіттейді.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен әдебиетінде Абайға дейін де, кейін де бұл дүниенің жалғандығын, бірақ осы өткінші өмірде адами мұраттар мен абыройлы істерге ұмтылып қалу қажеттігі туралы біршама айтылған.

«Мынау жалған сұм дүние, өшпей қалмас демеңіз» (Бұқар жырау), «Мынау жалған сұм дүние кімдерден кейін қалмаған» (Махамбет), «Тіршілік адамзатқа аз ғана күн. Ұқсайды дүние, шіркін, жанған шамға» (Ақан сері), «Біздерден де бір күн қаларсың, піл сауырлы қара жер. Қойныңды ашып қол жайып, құшағыңа аларсың» (Шәңгерей).

Бірақ бұл ойларда пессимистік сарыннан, оптимистік ынта басым. Оған Шәңгерейдің мына сөздері дәлел. «Дүние қызыл түлкі, алдауратар, тайсалмай, тіршіліктен қыран боп шал» дегені қайрат-жігерді, ар-намысты қайрап, есеңді жіберме, есебіңнен, ақыл-есіңнен жаңылма, осы дүниедегі тіршілік маңызды дегенге саяды.

Диалектикалық пайымы зор Абай «Өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен» деп Гераклит философиясының темірқазығын еске салады. Дала ғұламасы дүниенің жанды қозғалыста, шексіз құбылыста екендігін, адамзат мінезінің мәңгі өшпестігін, адам баласының ұлы мұраттарға, саналы істерге ұмтылысын жария етеді.

«Ол әдемі тұрғызылған, сұлу қаланған затты дүниеге – кірпіш дүниеге балап, сен оның кетігін толтыр, мінін түзе деп бағыт сілтеді» [112, 59 б.].

Абайдың діни дүниетанымында Алла ұғымынан кейін ең көп орын алғаны иман ұғымы. Оның себебі де түсінікті. «Иманшарт» кітабының түсіндіруінше ислам дініндегі мұсылмандықтың басты белгісі иманның жеті шартын мүлтіксіз орындау. Иманның жеті шартына түгел нанбай, үзіп-жұлып сену-мұсылманшылық тұрғысынан қарағанда барып тұрған дін бұзарлық қылық. «Абайдың айтуынша, алдыңғы қатарлы мұсылман хакимдері осы жеті шарттың біріншісіне - әйтеуір бір жаратушы күштің барлығына сенгенде, қалған алтауына күмән тудырып, ешбір ақыл-ой сынына қондыра алмай, оларға қарсы пікірде болғандар. Бірақ Абайдың танымында мұндай хакимдер дін жағынан ұстаз бола қоймағанның өзінде де, бүкіл адамзат баласының қамын ойлап, бұл дүниенің пайдасы үшін қызмет етуі себепті біз оларға борыштармыз деген ой түйінін ашық білдіреді» [113, 92 б.].

Яғни, Абай иман ұғымының таза діни мағынасын ғана емес, оның адамгершілік, гуманистік сипатын ашуға тырысады. Иман ұғымы Абайдың философиясыныv

Date: 2015-11-14; view: 1767; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию