Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім негіздері. Дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық салалары бойынша Қр заң шығару
Дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық салалары бойынша ҚР заң шығару негіздері. Дене жаттығуларының ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін анықтайтын факторлар: жаттығудың сипаты (циклді және күрделі қимыл-қозғалыс жаттығулары); дене жүктемесінің көлемі мен қарқыны. Отбасына арналған дене тәрбиесі.
Жеңіл атлетика Жарыс жаттығуларының дербес техникаларын жетілдіру (төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарының негізінде). 10 м жылдам жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. 3000 м (ұлдар) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру. «Аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа және «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. Салмағы 700 гр (жігіттер) және 500 гр (қыз балалар) гранатаны лақтыру. Спорт ойындары Баскетбол. Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуыл мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны. Волейбол. Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуыл мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны. Футбол. Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Қорғаушының қарсылығымен және қарсылығынсыз допты баспен және аяқпен соғу. Допты кеудемен тоқтату. Алдау айла-әрекеттері. Қарсыластан допты аяқпен сырғи құлап тартып алу. Аумақтық және дербес қорғаныс. Қақпашының ойын әрекеттері. Оқу-үйрену ойыны. Гандбол. Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Ойын тактикасының элементтері. Қарымта шабуыл. Позициялық шабуыл. Шабуыл мен қорғаныстағы ойыншылардың өзара әрекеттері. Ойыншылардың дербес ойын әрекеттері: доп үшін күрес, «қақпаға бұза-жарып өту» тактикасы, допты лақтыру әрекеттері. Шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі ойыншылардың топтық әрекеттері (жарыс ережесін сақтай отырып екі жақты ойын өткізу кезінде). Оқу-үйрену ойыны.
Гимнастика Саптық жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау және жетілдіру. Жалпы дамыту жаттығулары. Негізгі бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған жаттығулар (ауырлықтармен және ауырлықсыз). Таянып секіру (жігіттер). Жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ағаш аттың алыс бөлігінен қолмен итеріліп секіру (ағаш аттың биіктігі 130 см). Қыздар. Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіру (кіші ағаш аттың биіктігі 120 см). Кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер). Күшпен көтерілу, аяқпен «бұрыш» ұстап асылу қалпына түсу және асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріле аунап түсіп таяну. Аяқты сермеп орындайтын жаттығулар. Асылып тұрып тербелу – шалқая көтеріліп таяну. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сілтеп, сырғауылға жанаса аунау. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп секіріп түсу. Қос сырықта орындалатын жаттығулар (жігіттер). Сырықта таянып тұрып алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп-жазу. Аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру; қолдың қарымен таяну; алға аунап, аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу. Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар). Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай сермеп және толығымен сермеп бұрылу. Шалқая итеріліп секіріп түсу. Түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар). Асылып тұрып тербелу; төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну; жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу; төменгі сырықта асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап оң жамбаспен төменгі сырықта отыру; сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды сырықтан босатып, бұрылып (сол қолдың бойымен) секіріп түсу. Акробатика.. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар. Қазіргі заманғы би және ұлттық би түрлерінен құрылған жаттығулар. Өрмелеу. Биіктігі 4 м арқанға өрмелеу (жігіттер).
Шаңғы Шаңғымен жүру тәсілдерін өзгерте отырып шаңғы ізімен қозғалу. Шаңғымен 5000 м қашықтықты тиімді екпінмен жүріп өту. Дала жарысы Жылдамдықты өзгертіп жүгіру. 5000 м бірқалыпты жылдамдықпен жүгіру. Табиғи кедергілерден өтіп жүгіру. 1000 м дала жарысы.
Жүзу Толық үйлесімде жүзу. Төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдермен 3×50 м кешенді жүзу. 100 м қашықтықты жылдам жүзіп өту. Суға батқан адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Суда өткізілетін ойындар мен эстафеталар.
11-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
Ескерту: Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін өзгертуге құқықтары бар.
Date: 2015-11-14; view: 3109; Нарушение авторских прав |