Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім негіздері
Дене жаттығуларымен шұғылданудың жұмыс істеу қабілетіне тигізетін әсері. Дене шынықтырудың заманауи сауықтыру жүйелері және олардың түрлері.
Жеңіл атлетика Жоғары және төмен қалыпта орындалатын сөре (старт). Төменгі сөре қалыптан үдей жүгіру. 30-40 м қашықтықты жүгіріп өту. Мәрелік қимыл. 100 м жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. Кедергілер арқылы жүгіру. 800 м жүгіру. 20-25 мин (жігіттер) және 15-50 мин (қыз балалар) бірқалыпты және ауыспалы екпінмен жүгіру. 3000 м (жігіттер) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру. 13-15 адымнан жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. 11-13 адымнан жүгіріп келіп биіктікке секіру (жүгірудің дербес тәсілін таңдау). 18-20 м (жігіттер) және 12-14 м (қыз балалар) қашықтықтан нысанаға түрлі снарядтарды лақтыру. Жүгіріп келіп 700 г (жігіттер) және 500 г (қыз балалар) гранатаны алысқа лақтыру. Спорт ойындары Баскетбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Допты қағып алу мен беруді қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде орындау нұсқалары. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып кету, жабу). Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны. Волейбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Допты беру және қабылдау техникаларының нұсқалары. Допты жоғарыдан тік қолмен ойынға қосу. Ойынға қосылған допты қабылдау. Тігінен шабуылдау соққысын тордан асыра орындау. Шабуыл соққысына тосқауыл қою нұсқалары (жалғыз және жұптасып). Сақтандыру. Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны. Футбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Баспен соққы жасау және пас беру нұсқалары. Допты аяқпен, кеудемен тоқтатудың түрлері. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу.? Допты игеру техникасының қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет. Допты қағып жіберу және қақшып кету. Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны. Гандбол. Ойын техникасының тәсілдерін жетілдіру. Ойыншының алаңда қозғалуы, доппен қозғалуы және допты беруі секілді тұрақты дағдыларды шыңдауға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде пас беру нұсқалары. Допты қақпаға лақтыру нұсқалары. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып кету). Аумақтық қорғаныс. Оқу-үйрену ойыны.
Гимнастика Саптық жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығуларды қайталау: қозғалыстағы бұрылу тәсілдері. Бір колоннадан екі, төрт және сегіз колоннаға қайта сап құру. Жалпы дамыту жаттығулары. Дененің негізгі бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар. Тепе-теңдік жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинация. Таянып секіру (жігіттер). Жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ұзынынан қойылған гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру (шеткі бұрышынан қолмен итеріліп). Ағаш аттың биіктігі 130 см. Қыз балалар. Гимнастикалық кіші аттан аяқты ашып секіру (кіші аттың биіктігі 120 см). Кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер). Асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріліп таяну. Аяқты сермеп орындалатын жаттығулар. Асылып тұрып аяқты сермеп шалқая көтеріліп таяну. Таянып тұрып артқа құлау – кермеге жанаса айналу. Таянып тұрған қалыптан аяқты доға бойынша сермеп, аяқты артқа сермеген сәтте секіріп түсу. Арыста орындалатын жаттығулар (жігіттер). Қолмен таянып тұрып тербелу; қолмен таянып тұрып тербеліп, қолды бүге көтерілу, аяқты ашып отыру; аяқты ашып отырған қалыптан алға аунап, аяқты ашып отыру; таянып тұрып тербеліп, артқа сермелген сәтте шалқая секіріп түсу. Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар). Жүрелей таянып отыру, сол аяқпен жүрелеп отыру – оң аяқ қапталда; бөрене бағытымен жүрелей таянып отыру; көлденең жүрелей таянып отыру – қол қапталда. Жүру түрлері: аяқ ұшымен, тізені биік көтеріп, алға ұмтыла. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу. Шалқая секіріп түсу. Түрлі биіктіктегі арыста орындалатын жаттығулар (қыз балалар). Асылып тұрып тербелу; төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну; жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу; төменгі сырықта асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап, оң жамбаспен төменгі сырықта отыру; сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды сырықтан босатып, бұрылу (сол қолдың бойымен) және секіріп түсу. Акробатика (жігіттер). Биіктігі 80-90 см кедергіден алға аунап секіріп өту. Мұғалімнің (оқушының) көмегімен қолды тіреп артқа аунау. Қазіргі заманғы би және ұлттық би элементтері. Өрмелеу. Биіктігі 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу (жігіттер).
Шаңғы Төменгі сыныптарда үйретілген шаңғы жүрістерін жергілікті жер бедері және қардың жағдайына қарай қолданып шаңғымен жүру. Шаңғы жолындағы табиғи кедергілерден аттап, секіріп және астынан еңкейіп өту. Шаңғымен 3 шқ жүгіру. Шаңғымен көтерілу түрлері: сырғи адымдап, «шырша» тәсілдерімен. Биік және төмен тұру қалпымен еңіске түсу. Шаңғымен бұрылу түрлері: адымдап, соқаша, тіреліп.
Жүзу Үйретілген тәсілдермен жүзу. Тек қол немесе аяқтың қимылдарымен жүзу. Таңдап алған тәсілмен 2×50 м жүзу. Суға батушыны құтқару тәсілдері. Суда өткізілетін ойындар мен эстафеталық жарыстар. 10-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
Ескерту: * Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығы сабақтарын кростық дайындық, жүзу немесе ұлттық спорт түрлерімен (бағдарламаның өзгермелі бөлігіне жататын) ауыстыру ұсынылады.
10 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі жігіттер
қыз балалар
11 сынып Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу
Ескерту: * Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады. ** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады. Date: 2015-11-14; view: 2788; Нарушение авторских прав |