Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гимнастика. Барлығы – 99 сағат (аптасына 3 сағ.)Стр 1 из 8Следующая ⇒
Сынып Барлығы – 99 сағат (аптасына 3 сағ.) Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу
Ескерту: * Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады. ** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ Оқушылардың спорт залдары мен спорт алаңдарында қимыл-қозғалыс ережелерін сақтау тәртібі. Күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасы. Дене жаттығуларының адам денсаулығы үшін маңызы. Оқу бағдарламасында берілген жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Шынығудың ағзаны сауықтырудағы маңызы. Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары Гимнастика Саптық жаттығулар. Бастапқы қалып. Сапқа, қатарға және колоннаға тұру. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» пәрмендері. Бір орында, оңға, солға, адымдап бұрылулар. Шеңберде, қатарда, колоннада тұрып ажырау және қосылу. «Оңға!», «Солға!», «Бір орында адымда!», «Адымда!», «Жүгіре бас!», «Сынып, тоқта!» пәрмендері. Колоннада жүру: еденге сызылған белгілер бойынша аяқ ұшымен, өкшемен, жүрелей, толығымен отырып жүру; дұрыс мүсінді (дене бітімін) сақтап жүру; қолды түрлі қалыпта ұстап жүру. Спорттық құралдармен (доп, шығыршық, секіргіш) және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Қол және аяқтың негізгі қалыптары; қол, аяқ және кеудемен орындалатын негізгі қимыл-қозғалыстар. Дұрыс мүсінді қалыптастыратын жаттығулар. Тыныс алу жаттығулары. Өрмелеу. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу және түсу; гимнастикалық орындыққа өрмелеу және астынан өту; көлденең және еңіс орнатылған гимнастикалық орындықта тізерлеп өрмелеу; ішпен жатып оң және сол аяқты кезегімен асырып гимнастикалық орындықтан асып түсу. Тепе-теңдік жаттығулары. Бір орында, гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, бұрылу және жүрелей отыру, еңіс орнатылған гимнастикалық орындықтың және аласа бөрененің үстімен жүру. Акробатикалық жаттығулар. Таянулар (жүрелей отырып, жатып, бүгіліп, отырып арттан таяну, арқамен жатып білекпен таяну), отыру түрлері (өкшемен, «бұрыш» қалпын ұстап), жинақталып отыру және жинақталып жатып (арқада) алға-артқа тербелу, төсенішке арқамен жатып (қол жоғарыда) оң және сол жаққа аунау. Би жаттығулары. Ырғи адымдау, аяқты аяққа қосып қапталмен және жорғалай (аяқты жиі басып) адымдау. Ойын түрлері және ойын түріндегі тапсырмалар: гимнастика және акробатика элементтерінен құрылған эстафеталар, өрмелеу арқылы түрлі кедергілерден өту. Жеңіл атлетика Жүгіру. Жүрумен кезектестіре отырып 2 минут жүгіру немесе 1 шақырым қашықтықты өту. Бағытты өзгертіп жүгіру (жыланша, шеңбермен, арқамен). Түрлі бастапқы қалыпта тұрып жүгіру. Жоғары сөрелік (старттан) қалыптан үдей жүгіру. 3×10 м қайталап жүгіру. 30 м жүгіру. Секірулер. Бір орында тұрып бір және екі аяқпен секіру; алға ұмтыла және артқа секіру; бір орында тұрып оң және солға бұрыла секіру; 1-2 адым жасап ұзындыққа және биікке секіру; 30 см биіктіктен секіріп түсу. Лақтырулар. Шағын допты нысанаға лақтыру. Үлкен және шағын доптарды лақтыру және қағып алу. Жүгіру, секіру, лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Қозғалмалы ойындар Қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуға арналған ойындар: «Бақшадағы қояндар», «Қуыспақ», «Мергендер», «Қарлығаштар мен қаршығалар», «Балапандар», «Өз жалаушаларыңа!», «Жылжыма өз орныңа тұр!» және т.б. Доппен өткізілетін ойындар: «Аңшылар мен үйректер», «Доп сайысы», «Доп шеңбермен», «Лақтыр да, қағып ал!» және т.б. Шаңғы Шаңғыны тасымалдау, шаңғының иыққа қойып саппен жүру. Таяқтың көмегінсіз адымдап және сырғи қозғалу. Бір орында және қозғалыста адымдап бұрылу. Аласа дөңге адамдап көтерілу және негізгі тұру қалпында еңіске түсу. «Қақпадан өту», «Кім ұзағырақ сырғиды», «Тіркеме қозғалыс» және т.б. қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Жүзу Суға бой үйрету жаттығулары: суға баспен сүңгу, су түбінен түрлі заттарды алып шығу, суға дем шығару; «Жұлдызша», «Қалытқы» жаттығуларын тыныс алуды тоқтатып орындау. Суда өткізілетін ойын түрлері: «Кім көп көбік шығарады», «Саусақ санамақ», «Кім биігірек секіреді», «Толқиды теңіз», «Суға кім жылдам тығылады» және т.б.
Сынып Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.) Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу
Ескерту: * Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады. ** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады. Білім негіздері Оқушының қимыл-қозғалыс тәртібі. Таңертеңгілік гимнастика және дене жаттығуларымен таза ауда шұғылданудың маңызы. Дене жаттығуларын орындау кезіндегі гигиеналық ережелер. Жүгіру және шаңғы тебу кезіндегі тыныс алу түрлері. Суға шомылу, ауа және күн ванналарын пайдалану ережелері. Оқушылардың суға түсу кезінде қаіпсіздік ережелері сақтаулары. Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары Date: 2015-11-14; view: 2441; Нарушение авторских прав |