Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқу бағдарламасы





ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

 

Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған

 

оқу бағдарламасы

 

 

Астана


 

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша дене шынықтыру пәнін оқытудың мақсаты: оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

- денсаулықты нығайту, ағзаның негізгі сапаларын дамыту және қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; негізгі спорт түрлері бойынша техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіру;

- өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;

- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру», «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды. Онда Қазақстандағы спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, бұл бөлімдерде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.

«Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі оқушылардың денелік және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері беріліп отыр.

Бұл бағдарлама дене шынықтырудың базалық компонентінен тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене тәрбиесі саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.


Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама оқушылардың дене шынықтыру бойынша дене дайындығы деңгейін анықтауға қоятын талаптармен аяқталады. Аталған талаптар мына негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгеру», «көрсете білу» және «меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы (айқындауы) тиіс».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың критерийі болса, екінші жағынан негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Осы бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.


Орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.

Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

10-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102сағат);

11-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102сағат).

 

Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:

 

«Қазақ тілі»: сөз қорын дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын терминдермен толықтыру.

 

«Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «біркелкі және біркелкі емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;

 

«Алгебра, геометрия»: ұзындық, биіктік, жылдамдық, арақашықтық, уақыт, ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу.

 

«Биология»: шылым шегу мен алкогольдік ішімдіктер ішудің ағзаға тигізетін теріс әсері; зат алмасу.

 

«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыс тарихы; қазақтың ұлттық ойындарының пайда болу тарихы.

 

«География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;

 

«Алғашқы әсери дайындық»: саптық жаттығуларды қолдану; кедергілерден өту; отансүйгіштікті және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбилеу.

 

«Технология»: өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және оларды түрлі қиын жағдайларда қолдана білуді үйрету.

 

 

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

10 сынып

Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

 

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын


тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
        Σ
Базалық 1. Жеңіл атлетика   - -    
2. Спорт ойындары          
3. Гимнастика -   - -  
4. Шаңғы* - -   -  
5. Жүзу** - - -    
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:          
Вариативті   1. Аймақтың климаттық деңгейіне байланысты         -  
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:         -  
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ):          

 

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

 







Date: 2015-11-14; view: 3039; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию