Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Магниттік квант саны





Электрондық бұлттың кеңістіктегі ориентациясы кездейсоқ бола алмайды, ол үшінші квант саны ml магнит квант санымен анықталады. Магнит квант санының мәніне сәйкес, ориентациялар саны да әртүрлі болады:

ml =- l, …, -2, -1, 0, +1, +2, …, + l.

Нақты орбитальдық квант санына сәйкес мұндай мәндер 2 l+1. Ендеше электрондық бұлттардың ориентация саны да 2 l+1. Мысалы, s-электрон үшін (l=0) ml мәні біреу (ml=0); p-электрондары үшін (l=1) ml мәні үшеу (-1, 0, +1); d-электрондарында (l=2) ml мәні бесеу (-2, -1, 0, +1, +2); f-электрондарында ml мәні жетеу (-3,-2,-1, 0, +1, +2, +3). Электрон қозғалысы кезінде пайда болған магниттік өрісі сыртқы магниттік өріспен әрекеттесуі магниттік квант саны m l мәніне әсер етеді. Сыртқы магниттік өріс жоқ болса, онда атомдағы электрон энергиясы m l мәнінен тәуелді емес. n және l мәндері бірдей бірақ m l мәні әртүрлі электрондардың энергиялары бұл жағдайда бірдей болады. Алайда электронға сыртқы магниттік өріс әсер еткен жағдайда атомдағы электрон энергиясы өзгереді де, me мәндері әртүрлі күйлердің энергиялары да әртүрлі мәнге ие болады Осыдан келіп, магниттік өрісте кейбір атомдардың спектрлік сызықтары ыдырап кетеді: атом спектріндегі бір сызықтың орнына бірнеше сызық пайда болады (Зееман эффектісі).

Атомдық орбитальдар симметриясы.

s-күйіне (l=0) магнит квант санының бір ғана мәні (ml =0) сәйкес келетіндіктен, s-электрондардың электрондық бұлттарының кеңістікте орналасуы біркелкі болады (сурет 3.6).

P-орбитальдардағы ml мәні үшеу, осыған сәйкес олар кеңістікте үш түрлі орналасады. Үш p-электрондық бұлттар бір-біріне перпендикуляр бағыттар бойымен, яғни (x,y,z) координаталар осьтерімен бағытталады. Егер атомдық орбиталь x осімен бағытталса, онда рx орбиталь; осыған сәйкес py-, pz-орбитальдар анықталады.

d-Орбитальдарда (l=2) магнит квант санының мәндері бесеу, ендеше d-электрондық бұлтының кеңістікте орналасуы бес түрлі болады (сурет 3.8).

D-атомдық орбитальдардың атаулары мен симметриялы өзара сәйкес. Мысалы индексі ху орбиталь x және y остері аралығындағы диагональ бойымен бағытталады; ал dx2-y2 орбиталі х және у бойымен бағытталған.

Date: 2015-11-13; view: 1994; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию