Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұнайгаздылығы





Қазiргi уақытта кенорында юра және төменгi бор шөгiндiлерiнде өндiрiстiк мұнайгаздылық анықталған. Юрада жетi өнiмдi горизонт (Ю1-Ю7) бекiтiлген. Ю-1 және Ю-2 горизонттарына газ мұнай қоры қатысты, ал қалғандарына мұнай қоры Ю-1 горизонтының газ мұнай қабаттары ең үлкен өнiмдi алаңды иемденедi. Ю-III және Ю-IV горизонтарына қатысты қабаттар ең елеулi мұнай қоры болып табылады. Төменгi бор қимасында алты газды қабат анықталып, боррем-готерив ярус шөгiндiсiне және алты шөгiндiсiндегi екi газды қабат ұштастырылған Юра өнiмдi қалыңы саз және құмтас- алевролиттi жыныстардың әркелкi кезектесуiнен құралған. Қабаттар-әлсiз шегенделген құмтастарға, алевролиттерге және қалыңдығы 10-25 метр құмды қабаттарына ұштасқан. Тиiмдi мұнайға қанығу қалыңдығы 2,6 метрден 20,8 метрге дейiн.

Жекелеген бөлiктерде бiрлiк горизонт құрайтын қабат коллекторлардың 2-3 құмды қабатшамен көрсетiлуi ереже сияқты. Литологиялық қатынаста горизонттар саздармен немесе әлсiз өткiзетiн жыныстармен араласуы мүмкiн.

Өнiмдi горизонттар 5-8 метр қалыңдықтағы саз қосуларымен анықталған. Бiрақ сол бөлiктерi болмайтын бөлiктер кездеседi және онда өнiмдi горизонттар (Ю-III Ю-IV Ю-V) қосылады. Өнiмдi горизонттың құрылысын сипаттау ерекшелiктерi мұнайлы қабатпен техтоникалық және стратаграфиялық экрандауға қатысады. Барлық залеждер үшiн готерив сазының қуатты қалыңдығы қабық болып қызмет етедi.

Қаламқас кен орнының мұнайы барлық солтүстiк Бозашы бiрiгуi сияқты әр түрлi ауыр күкiрттi және қату температурасы (-200С) төмен. Тығыздық, тұтқырлық және асфальтты заттар құрауы бiрiгуден контурға дейiн өседi.

Микроэлементтер құрамының көбеюi және олардың қабаттық жағдайда газға қанықтауы мұнайды сипаттау ерекшелiгi болып табылады. Қабат қысымы мен қанығу қысымы арасындағы ең кiшi айырмашылық 0,7мПа шамасында болады.

Газдық фактор 5 тен 25 м33 ілеспе газдың негiзгi компонентiне метан (97,1 %), ал көмiрсутектер мөлшерi 6-7% тен аспайды. Құрғақ газға жататындар негiзiнен ауыр шайырлы мұнай қасиеттi. Баррем-готерив шөгiндiлерiнде газ қабаттарымен байланысқан. А,Б, В,Г,Д және Е индекстелген алты өнiмдi қабат бөлiнедi. Интологиялық қатынаста тұрақтылау А және Б қабаттарының жайылуы бойынша ұсталған. А қабаты баррем шөгiндiсiнiң жоғарғы бөлiгiне ұштасқан бiрлi-екiлi қабат коллекторларымен байланысты. Қабат қалыңдықтары төрт метрден он метрге дейiн өзгередi. Алаң бойынша ең ұсталғаны жоғарғы қабат-коллекторларымен, алевролиттерiмен, жеткiлiктi жоғары сыйымдылығымен сүзетiн құрамда көрсетiлген. Б қабаты екi қабат коллекторға жалғасып, оның жоғарғысы батысын, ал төменгiсi шығыс бөлiктен сыңған. Олар алаңда өткiзбейтiн жыныстардың коллекторларымен араласып бөлiктерге бөлiнедi. Қалыңдықтары 1,8 ден 7 метрге дейiн өзгередi. Қабат бiрiккен қабаттық, литологиялық шектелген В,Г,Д,Е залеждерi құмды қабаттарға ұштасқан күрделi зоналық құрылымды және елеулi рациалды өзгерткiштiкте болады. Биiктiгi және өлшемi үлкен еместiгiмен сипатталып, литологиялық экрандалған. Баррем-готорив шөгiндiсiндегi газдық фактордың қабығы болып альб жасының төменгi газды бөлiгi қызмет етедi. Альб қимасында өзара 10-20 метр қалыңдықтағы саз бөлiкпен бөлiнген коллекторлардың екi пачкасы алынған. Альб қабаттың түрi бойынша бiрiккен қабаттың гидродинамикалық қатынаста Қаламқас кен орны қабат сулары тоғандалған немесе су ауысуы қиындық тудыратын сипаттағы олизион режимi артықшылықты байқалатын облысқа жалғасқан. Гидродинамикалық жобада кен орын тегiстей жоғары минералданған су тараған хлорлы, кальцийлi түрде қатынастағы тізбекке жалғасқан. Солтүтiк-Бозашы бiрiгуi шегiнде артезиан бассейндердiң негiзгi су араластырушы қалыңдық болып төрттiк, сеномондық, альбтық, барремдiк, готеривтiк және аралық шөгiндiлері табылады. Төрттiк шөгiндi сулары тұздың құрамында хлорлы натрилiге жатады. Қалыңдығы аз құмтасты-саз қабатшасы сенiмдi су тiректi бола алмайды. Сондықтан альб сулы горизонттары өзара қатынастары сияқты сеномондық сулармен де қатынасып және бiрлiк альб сеноман сулы горизонты болып қаралады. Химялық құрамы бойынша альб-сеномон сулары хлор-кальций түрiне жатады және 60-80г/а минералданған. Мұнайгазды Қаламқас кен орны игеруге 1979 жылы қыркүйекте ендi.

Қаламқас кен орны гидрохимиялық қатынаста жоғары минералды су күштi жайылған аймаққа ұштасады.

Қабат сулары әлсiз сульфатты метоноффизделген тұзды, хлор-кальцийлi түрде көрсетiлген.

Кен орын қимасында гидрохимиялық Юра суарынды кешенiнде және үш төменгi борда жетi қабат ашылған және сыналған. Қабат суларының жату тереңдiгi 625 метрден 980 метрге дейiн.

Юра қабатынан су ұғңыларынаң есептеу потенциалды шығыны 1 м3/тәулiк 538 м3/тәулiкке дейiн шектерде өзгередi. Төменгi бор қабаттарында 35- тен 155м3/тәулiкке дейiн.

Қаламқас кен орнында Ю-1, Ю-IV, Ю-V және төменгi бор қабаттары көп жоғары сулы болып табылады.

Мұнай өндiрiсiн техникалық сумен жабдықтау көзi болып жер асты сулары болып табылады. Қаламқас кен орны шегiнде беттiк су ұстау жоқ. Ерекше ашық су ұстау болып Каспий теңiзi табылады. Бiрақ оның суын өңдеуге, пайдалануға кедергiсi гидрохимиялық бiрiкпейтiн жоғары сульфатты теңiз суы қатаң хлор-кальцийлi қабаттық болып табылады. Осыған байланысты ерекше және сенiмдi мұнай өндiрiсiн сумен жабдықтау көзi жер асты сулары болып табылады.

Кен орын шегiнде техникалық жетiстiктi және экономикалық негiзделген тереңдiк жерасты сулары юра, неоком және альб төменгi туран, төрттiк шөгiндiлерде орналасқан. Қарастырылған жағдайда альб-төменгi туран шөгiндiлерiндегi жер асты суларын пайдалану едәуiр қолайлы болып табылады. Қабат қысымын ұстау жүйесі үшiн Қаламқас кен орнын игерудiң қабылданған нұсқасына сәйкес максималды су айдау 28,3 млн м3/жыл құрайды, олардың 20,7 млн м3/жыл өндiрiстiк сулардан алынған су есебiнен.

 

Date: 2015-11-13; view: 832; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию