Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аралды апаттан қорғау шаралары





1990-1991 жылдары еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке ие болып, Арал өңіріндегі экологиялық апатты жағдаймен жалғыз қалғанда, тығырықтан шығудың жолын тапқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осы тұста Елбасы бұл экологиялық апатты жағдайға әлемнің назарын аудартты. Президентіміздің қатысумен 1991 жылы Қызылорда қаласында Арал өңіріндегі экологиялық апатты ахуалға арналған Қазақстан Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілді. Оның сыртында АҚШ-тың Атланта қаласында 1991 жылы 17-20 қазанда Арал өңіріне көмек көрсетуге арналған 1-ші халықаралық Конгресс өтті. [9] Ал Мәскеуде 1992 жылы қаңтар айында Арал өңірінде халықаралық көмек жобасын іске асыратын “Арал” Үйлестіру кеңесі құрылды. Кейіннен, әлемдік деңгейде экологиялық апат аймағы болып танылған Арал өңірін сауықтырумен байланысты “Арал дағдарысының келеңсіздіктерін жою негіздері туралы” халықаралық бағдарлама қабылданды.

Бұдан кейін БҰҰ, Бүкіл Дүниежүзілік Банк, өзге де әлемдік қорлардың талабы негізінде Арал өңіріне өркениетті елдердің көмегін жұмылдыру үшін екі үлкен мәселені шешуге тура келді. Біріншісі, Сырдария мен Амудария өзендері қамтитын Орта Азиядағы бес мемлекеттің басын қосып, мемлекетаралық Кеңес ашылып, оның Аралды құтқару қоры, Арал проблемасын атқару комитеті түріндегі жұмыс органдары құрылды. Екнішісі, Арал өңірідегі экологиялық дағдарыстан зардап шеккен адамдарды қорғау туралы, бес елдің өз алдына заң қабылдау қажеттілігі еді. 1993 жылы Қызылорда қаласына бес елдің Президенттері бас қосқан тек қана Арал проблемасына арналған саммит өткізілді. Бес елдің Президенттерінің басын қосуда Елбасымыз парасаттылық негіздегі ынта-жігерін жұмсады. Бұл саммитке қатысқан мемлекет басшыларының қолдануымен халықаралық Аралды құтқару қорының бірінші президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Жақында Душанбе қаласында өткен Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттер басшылырының басқосуы осының заңды жалғасы. Арал теңізіне ғарыш арқылы жүргізген зерттеулер мен бақылауға қарасақ, тартылып жатқан теңіз табанынан жылына 100 миллион тонна улы тұз ауаға көтеріліп, жер шарын ластайды екен. Бұл көрсеткіш жыл сайын көбейіп, көңілге күдік ұялатып, өмірге зақым келтіретін ауру-сырқаудың бірнеше түрін тудырады. Жердің тұздануы салдарынан табиғи жайылымдардың көлемі мен олардың өнімділігі төрт есеге азайған. Бұрын теңізде болған 178 балықтың түрінен тек 38 ғана қалған. Кейбір мамандардың болжамына қарағанда, 2010 жылы Солтүстік Арал бүтіндей жоғалып кетуі мүмкін. Ал, теңіздің оңтүстік бөлігіндегі су 1,5-2 метрге дейін тағы да төмендемек. Ал, қалған су қорларының ластануы мен тұздануы жыл өткен сайын қасіретке айналуда, ол 40 есеге дейін тұзданады екен. Аралды құтқару бағдарламасы негізінде АҚШ теңіз аймағындағы елді-мекендер мен оның тұрғындарына 70 медициналық жедел-жәрдем машинасын, 45 су тасығыш машина, 5000 су тазалайтын білтелер, 3,5 мың балық аулау құралдарын, балалар мекемелерін жарақтандыратын құрал-жабдықтар берді. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Қазақстан тұрғындарына 475 мың доллар көлемінде материалдық жәрдем көрсетті. Соңғы жылдары жүргізілген геологиялық барлау нәтижесінде ауқымы 200 миллиард тонна мұнай қоры анықталды. Одан басқа түрлі металдың, 2 миллиард тонна темір кені қорының бар екені анықталды. Арал жағалауының солтүстік батысынан көмір, бор, минералды бояулар, пигменттер, теңіз табанынан жақұт, ал, Жақсықылыш тауының ойпатынан сульфатты көл, ұлу тасы кеніші табылды. Әрине, мұндай болашағы байлыққа толы, келешегі кемел жердің ертеңіне үлкен үмітпен қарап, іс-қимыл жасау керек-ақ. Арал мәселесі күн сайын күрделене түсуде. Бірінде – үміт, екіншісінде – арман, елді сақтап, ертеңіне көз жіберу, нақтылы іске кірісу қазіргі ұрпақтың ардақты борышы болмақ.

Date: 2015-11-13; view: 709; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию