Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХХ ғасырдағы зерттеулер





ХХ ғасырдың басында Россияда капитализмнің күшті дамуына байланысты шикізат қорының аудандары қажет болды. Осыған байланысты Арал теңізін зерттеу қайта жандандырылды. Бұл кезеңдегі зерттеулер 1897 жылы басталады. Бұл жылы Ташкентте Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі құрылды. [2] Л.С.Бергтің алғашқы ғылыми зерттеулері осы қоғамның қызметімен тығыз байланысты болды. Жас ғалым Арал теңізін зерттеу жоспарын ұсынды. Л.С.Бергтің Арал экспедициясы (1900-1903) бассейнінің географиялық-гидрологиялық жағдайын зерттеледі. Теңіздің өзі, сонымен қатар оның айналасы зерттелді, метерологиялық байқаулар жүргізілді. Осы мақсатта Л.С.Берг Сырдарияның төменгі ағысында метестанциялар ұйымдастырды. Бұған қоса Аралдың жағаларында геологиялық және геоморфологиялық байқаулар, ихтологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы жинаған мәліметтерінің негізінде ғалымның “Арал теңізі” (1908) атты ірі, аса құнды монографиясы жарық көрді.Ғалым табиғатта өте сирек кездесетін осы айдын су көзінің толық физикалық-географиялық сипаттамасын берді. Ол өз монографиясында теңіздің көлемі, тереңдігі, ағындары мен деңгейі, суының температурасы, түсі мен мөлдірлігі, тұздылығы мен метерологиялық жағдайлары туралы мол деректер келтірді. Л.С.Берг Арал теңізі суының тұзы аз екенін – теңіз бетінде оның мөлшері 1,03 проценттен аспайтынын айқындады. Ол гидрологиялық бақылаулар негізінде судың температурасы мейлінше құбылмалы екенін дәлелдеп, небәрі жарты метр аралықтағы температура айырмашылығы 12 градусқа дейін жететінін мәлімдеді. Ғалым алғаш рет Арал теңізінде сейш құбылысы болатынын анықтады. Ол сейш атмосфералық қысым мен жел күшінің жедел өзгеруінен пайда болатын құбылыс деп есептеді. Зерттеуші Аралда сейштің тым ұзақ уақыт бойы (23 сағат 45 минутқа дейін) сақталып тұратынын атап көрсетті. Л.С.Берг теңіз жағалауларының бітімін зерттей келіп, Арал теңізінің жағалауын үш түрге: тегіс (батыс), қалақша тәрізді (солтүстігі) және қойнаулы (шығысы) жағаларға бөлді. Теңіздің қойнаулы жиектері тек Аралға ғана тән.

Л.С.Берг атап көрсеткендей, арал төңірегінде қырда және теңізде өсетін өсімдіктердің түрлері ұшырасады. Теңізде жануарлар дүниесі өте тапшы. Одан ғалым молюскілердің 7 түрін, балықтардың 18 түрін тапқан.

Арал теңізінің гирологиясы мен деңгейінің ауытқуларын зерттей келе, ғалым 1740 жылдан бергі тарихи мәліметтерді салыстырды. Сонымен Арал деңгейінің көтерілу және төмен түсу кезеңдері алмасып отыратынын анықтады.

“Арал теңізі” монографиясы жеке бір аймақты физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттау жөнінде тұңғыш тәжірибелердің бірі болды.

Жоғарыда келтірілген ұзақ уақытты қамтитын тарихи-географиялық зерттеулерде Арал теңізінің қалыптасуы жайлы, табиғаты жайлы нақтылы материалдар келтірілген. Осы материалдар Орта Азия табиғатының тұтастығын дәлелдейді. Сондықтан шөл зонасында орналасқан, сол территорияның ерекшеліктерін анықтайтын Арал теңізінің бүкіл Орта Азия табиғатын қалыптастырудағы маңызы ерекше.

Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 млн. гектарға созылған, тереңдігі 69 м теңіздің жоғалып кетуі адам сенбестей жағдай. Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, 2010 жылы теңіз толық құриды деген ғылыми болжам бар.

Арал теңізі жағалаудан 70-80 км шегініп кетті, деңгейі 13 метрге төмендеді, 1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың шаршы шақырым болса, қазіргі кезде 40 мың шаршы шақырым ғана. Жағалауды құм көшкіндерінен қорғап тұрған 800 мың гектардан астам тоғай жойылып кетті. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай жағалаудың 2 млн. гектар жері бұл күнде тіршіліксіз құмды сортаңды шөлге айналды. Сөйтіп адамзат өз қолынан сулы өңірді құмды өңірге айналдырды.

Арал маңындағы Қарақұмның тұсынан Аққұм деп аталатын тұзды сортаңды қауіпті аймақ пайда болды. Оның көлемі күн сайын ұлғаюда Аққұмнан ұшқан қиыршық құм мен тұз берісі шай плантациясында зиянын тигізуде. Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткен Арал тұзы Сибирьдің жасыл ормандарына әсер етуде. Көршілес территориялардағы мақта плантацияларын тұз бен құм басуда. Арал апаты қоршаған орта мен шаруашылыққа зиянын тигізумен қатар, адам денсаулығына қауіп төндіруде. Баспасөз хабарына қарағанда, Қарақалпақстанның Аралмен көршілес Мойнақ ауданында балалар өлімі көбеюде. Өйткені ана сүтінің құрамында тұз мөлшері нормадан бірнеше есе жоғары.

Арал апатына не себеп болды деген заңды сұрақтар туады. Бұл, біріншіден, Аралға құятын Амудария мен Сырдария суларының теңізге жетпей ысырап болуынан. Бұл өзендердің сулары Орта Азия мен Қазақстанның суармалы егін плантацияларына қарай бұрылған. Екіншіден, теңізге құяр су азайғандықтан, онда булану күшті қарқынмен жүруде. Үшіншіден, теңіздің тарихи дамуы барысында судың деңгейі біресе төмендеп, біресе жоғарылап отырған.

Арал теңіздің деңгейі Амудария мен Сырдария гидротехникалық құрылыстарының салынуына байланысты төмендеуі мүмкін екенін зерттеуші В.И.Лымарев болжаған болатын. Мұның өзі көршілес аудандардың мал шаруашылығының даму қарқынын бәсеңдетті. Қазіргі кезде Арал тағдыры – адам тағдыры деген қанатты сөз кең тарауда. Бұл сөзде үлкен экономикалық, әлеуметтік мән жатыр. Мұның өзі Аралды құтқару үшін зерттеу жұмыстарын өрістету нәтижесінде тығырықтан шығар жолдар іздеу мәселесін алға қойып отыр. Теңіздің көлемі шамамен 980 текше километр, ал орташа тереңдігі 15 метр жуық.

Ғылым академиясының География институты мұнда 30 жылдан астам уақыттан бері зерттеу жүргізіп келеді, бұл зерттеулер өлкенің жағдайы жөнінде жан-жақты терең тұжырымдар жасамағанымен анағұрлым толық мағлұматтар беріп отыр деп батыл айта аламын. Бұл жерде сайып келгенде, теңізді құтқару жолдарын біржақты шешу негізсіз екенін айтуға тиімсіз. Жағдай тым күрделі сипат алып отырған. Шын мәнінде, 60-жылдарға дейін Амудария мен Сырдарияның Аралға құятын суының мөлшері шамамен жылына 50 текше километрге жеткен болса, 1961-1980 жылдары ол орта есеппен 20 текше километрге дейін төмен түсті, ал 80-жылдардың басында Сырдария Аралға құюын мүлде тоқтатқан болса, Амударияның суы жылымшылап қана ақты. Соның салдарынан қазіргі кезде теңіздің деңгейі 12,5 метр төмен түсті, су айдыны 25.000 текше километрге қысқарды, судың минералдануы 11-ден 23 промиллге дейін өсті. Аралдың орнына 4000-5000 квадрат километр тұз толған шағын су қоймасы қалмақ. Арал өңірінде алғаш рет космостан құрғап теңіз табанынан көтерілген шаңды дауыл тіркелді. Жел өсімдік тамыр жайып, беки қоймаған топырақты бүлдіре отырып, шаң-тозаңды ғана емес, сонымен бірге тұзды, ең алдымен сульфидтерді және өсімдіктердің көбісі үшін улы болып табылатын хлоридтерді де атмосфераға көтеруде. Қазіргі кезде Арал өңірін тура мағынасында экологиялық апат ауданы деп атауға болады. Проблемалардың мәні басқада. “Булану судың канал бойларымен құрдымға кетуі, “артық” суды ағызып жіберу тәжірибесі, суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің жобадағы 80 проценті орнына небәрі 60 процентке ғана қанағат етіп қлғанымыз енді құпия емес. Арал теңізін негізінен Амудария мен Сырдария толтырып тұрды. 60-жылдардың басында-ақ оның аумағы 66 мың шаршы километрден асқан болатын. Қазір осы аумақтың үштен бірі қысқарған. Жағалау бойының кейбір жерлері теңізден 70-120 километрге дейін қашықтап кетті. [3] Арал аясында судың көлемі 640 текше километрге, яғни 60 процентке кеміді. Нәтижесінде теңіз суының орташа тұздылығы артты. Бұрын да ол бір литрінде 9 граммнан аспаған болса, қазір 3 есе көп. [4] Аралдың экологиялық жүйесі күрт бұзылды және ол толық күйреп, апат болуға бағыт алды. Бұл апатты жағдай осы аймақтың тіршілігіне қазірдің өзінде-ақ зардабын тигізе бастады. Шыжыған күн сәулесі, міне, бұрыңғы теңіз түбі де жетті. Құрғаған теңіз түбі арада-ақ құм мен тұз басқан жансыз шөл далаға айналуда. Аралды оңтүстігі мен шығыстан қарап жатқан Қарақұм мен Қызылқұм даласына, теңіздің батыс жағындағы кенезесі кепкен үстірт жазығына, солтүстіктен түйісіп жатқан Кіші және Үлкен Борсық құмдарына тағы да бір шөл дала келіп қосылды. Шаңды борандар жылына 10-нан астам болатын кездері болады. Бұл аса қауіпті атмосфералық шаң тасқыны Амудария мен Сырдарияның төменгі сағасындағы көгалды далаға дейін жетті. Жыл сайын шамамен 15-75 миллион тонна тұз бен шаң ауаға көтеріледі. Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш өсе түспек, өйткені теңіз ұлтанының құрғау процесі одан әрі жалғасуда. Алдағы ғасырдың басында 40 мың шаршы километрден астам теңіз ұлтаны суы тартылып, шөлге айналу қаупі бар. Теңіздің бұрыңғы ұлтанының оңтүстік бөлігінде қазірдің өзінде-ақ құмды далалар пайда болған. Олар жылына 1 километрге дейін жылдамдықпен оңтүстікке қарай жылжып барады. Арал теңізі осы аймақтың климат жағдайына ұдайы әсер етіп келді, оның табиғи термо реттегіші болды. Теңіз 300-400 километрге дейінгі аймаққа қолайлы климат жағдайын қалыптастырып тұрды. Суармалы жерлер сорланып кетпеуі үшін суару нормасын арттыруға тура келеді, яғни ауыл шаруашылығы жерлерін үстемелеп шайып, оларды артық тұздан тазарту керек. Бұл үшін жыл сайын 270 мың гектар жерге 2,5 текше километр су пайдаланылады. Жерді осылайша шаюдан кейінгі әбден тұзданған судың көпшілігі Амудария мен Сырдарияға ағызылады. Олар жолдарының төменгі сағаларын ғана емес, олардың орталық бөлігін де ластайды. Бұрын да қазір қысқы және жаз айларында оның мөлшері 3 грамға дейін өсіп отыр, яғни ауыз су мен жер суаруға пайдаланатын судағы тұздың тиісті мөлшері едәуір артып отыр.Егістікке баратын судың құрамында тұз тым көп, ол егістікте барған сайын күшейе түседі. Демек топырақты қайта-қайта шаю керек. Процесс қайталана береді де судың тұздылығы өсе түседі. Су сапасының төмендігімен ғана ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімнің үштен бірінен айырылып отыр. Егіс даласынан өзендерге үлкен мөлшерде фосфор,азот және басқа да қосылыстар, соның ішінде құрамында минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар бар әр түрлі зиянды қосылыстар түседі. Калий және магний тұздары өзен суларының кермектігін барынша арттыруда. Су сапасының нашарлануы және оның мөлшерінің азаюы ең алдымен Амудария мен Сырдария атырауының топырақ құрамы мен өсімдіктер дүниесіне мейлінше әсер етуде. Тоғайлы ормандар мен қамысты өңірлер – анағұрлым өнімді жайылымдар мен шабындықтар жойылып барады. Олардың орны шөп шықпас сортаңды далаға айналуды. Амудария атырауында соңғы 25 жылдың өзінде ғана қамыс өсетін жерлердің көлемі жеті есеге қысқарған. Осы уақытың ішінде 50 көлдің суы тартылып қалды. Сырдария атырауында болып жатқан қолайсыз өзгерістер де бұдан кем түсіп жатқан жоқ. Мұнда ыза суының деңгейінің төмендеуі жерге үлкен зиян келтіруде. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы жерлерінің бірнеше есе көлемі азаяды. Мамандар Арал теңізінің тартылуы бұл аймақтың табиғаты мен шаруашылығына зиян келтіретінін әуелден-ақ болжаған болатын. 70-жылдардың басында көзделінген шығының мөлшері жылына 30-60 миллион сом, одан артық болған жоқ еді. Бұдан бірнеше жыл бұрын бұл шығын мөлшері 90 миллионға жетті. Арал теңізінің балық кәсіпшілігі толықтай тоқтады. Ал бұрын да бұл теңізден жылына жарты миллион центнерге жуық сапалы балық түрлері: арал қаязы, шипа, ақбалық т.б. ауланған. Орта Азия теңізіне енді үлкен флоттың керегі жоқ. Көптеген кемелер қайтқан теңіздің ұлтанында, бір кезде жағалау болған жерге қойылған белгідей құмға шөгіп қалған. Мұнда қазірдің өзінде портқа арнап салынған құрылыстар құлап, бұзылған немесе бұзылу үстінде, консерві заводтары жабылған. Біз Аралдан қарыз алдық. Біздің табиғаттан алған қарызымыз, егер ондаған жылдар бойы, қазір ақыр түбінде жазасын алған көптеген басшылар мен шаруашылық иелері шаруашылықты мерзімінен бұрын орындалған жеңісті рапорттар үшін, жалған ақпарлар мен жеке бастың пайдасы үшін тағылық әдіспен жүргізбеген болса, бәлкім дәл осындай апатты мөлшерде өспеген болар еді. Астықтан жоғары өнім алу үшін топыраққа ұшан-теңіз мөлшерде – бір гектар егістікке 600 киллограмға дейін тыңайтқыш сіңіріліп, қолданылатын улы химикаттар тиісті мөлшерден 15-20 есе асып түсті. Іс жүргізудің мұндай әдістерінен келген зиян жаңадан игерілетін жердің бүкіл пайдасына пара-пар болды. Тың жер алғашқы жылы ғана жақсы өнім берді, ал қалған жылдрда шығымдылық күрт төмендеді – әбден сорланған топырақ ылғалы егістікті түгелдей күйдіре бастады. Арал өңірінен анық осыдан ондаған жылдар бұрыңғы дәулеті тасып, бағы жанған мерекелі де берекелі өмірін қалпына келтіре алатын шаралардың бүкіл комлексін жүзеге асыру Орта Азияның басқа да халықтарының – түркмендердің, өзбектердің, қазақтардың тарихы мен тұрмыс-тіршілігі тығыз байланысып жатыр. Бірақ біздің бәріміз үшін бұл теңіз орыстарға – Волганың, ал украиндарға – Днепрдің қасиеті саналатыны сияқты, тек табиғаттың ғана інжу маржаны емес. Бұл әлемнің ешбір жерінде кездеспейтін жайбір табиғаттың сирек сыйы ғана емес. Біз үшін бұл теңіздің мәні де әлдеқайда теңірек – біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Аралдың тартылуы ұлтанында құмды-сортаңды тақыр дала қалыптасуда. Оның аумағы қазірдің өзінде екі миллион 600 мың гектарға жетті, ал теңіз толық тартылып қалған жағдайда бұл жердің көлемі алты миллион гектардан асып түспек. Бұл жаңа шөл даласының Қызылқұм мен Қарақұмнан айырмашылығы мұнда жер мейлінше тұзды келеді және онда шөп өспейді. Кейбір ғалымдардың құрғап қалған теңіздің табаны ұланғайыр жайылымдық жерге айналады деген жорамалы да негізсіз нәрсе. Мамандардың зерттеулері, сондай-ақ космонавтардың ғарыштан жүргізген бақылаулары Аралдың кепкен ұлтанының Қазақстан территориясында ең ірі тұзды тозаң орталығында айналып отырғанын дәлелдеп берді. Миллиондаған тонна тұзды тозаң алып ұшатын шаңды дауыл жүздеген километрге дейін таралады. Бұл дауыл шамамен 15 жылда бір рет қайталанып отырады. Тек Аралдың шығыс жақтағы бұрыңғы ұлтанының бір миллиард тоннадан астам тұзды тозаң желмен аспанға көтеріледі екен. Бір тонна мал азығы өлшеміне жалпы мал шаруашылығы өнімінің мөлшері, Өзбекстан бойынша алғанда, 1985 жылы автономиялы республика колхоздары мен совхоздарында екі есе дерлік төмен болды. Бұл жерде экологиялық өзгерістердің зардабы да аз роль атқарған жоқ. Өзен суларында әр түрлі химикаттар мен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен ластнған коллекторлы-дренаж суларының үлесі қазіргі қарқынмен ұлғая беретін болса, онда топырақ пен жер асты және жер бетіндегі сулар толық тұзданып ластану қаупі туып отыр. Иұның өзі өсімдіктер дүниесінің құруына, ақыр соңында жер мен малдан алынатын өнімдердің саны мен сапасының төмендеуіне соқтыруда. Тұздарының құрамы мен концентрациясы, химикаттармен, тыңайтқыштар ластануы және басқа да көрсеткіштері жағынан Амудария өзені халықты ауыз сумен қамтамыз етуге мүлдем жарамайды. Әсіресе судағы кальций мен магний тұздары аса қауіпті мөлшерге жетті. Ал сексенінші жылдардың басында жылдың көп бөлігінде ғана олардың концентрациясы шекті нормадан сәл ғана асатын. өзенде ауыз суларды мүлдем жарамсыз ететін биогендер – фосфор, нитраттар, аммиактар көп. Бір миллиметр судағы бактериялардың жалпы саны шекті мөлшерден бес-он есе көп. Суда өзеннің жоғары жағында суармалы егістіктерден шайылып келген әр түрлі дефорлианттар, пестицидтер, гербицидтер мен басқа да химикаттардың мөлшері көбейіп келеді. Демек, тек топырақ пен ыза сулары ғана емес, сонымен қатар суармалы аймақтың өсімдіктері ластанады. Сөз реті келгенде айта кетейік, тек өзен суы ғана бұзылған жоқ. Арл жағалауы гидрология экспедициясының мәліметі бойынша, тұщы ыза суларының бірсыпыра көздері, соның ішінде ірі Ходжелі еспе суы істен шыққан. Қарақалпақстанның солтүстік аудандарындағы Тақтакөпір, Қараөзек, Кеңес тұщы ыза суларының көзі тартылып қалу қаупі бар. Бұл жерде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тіпті қиындап еткен. Мойнақ қаласының, Үшсай, Борлытау, Үрге, Ақбеткей, Аққала, Зайыр поселкелерінің және т.б. жерлердің көптеген тұрғындары автономиялы республиканың басқа аудандарына көшуге мәжбүр болды.

Date: 2015-11-13; view: 1411; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию