Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. 3. Мелиорацияның экологиялық





Жоспар

Кіріспе...........................................................................................................

1. Арал теңізінің тарихы.....................................................................

2. ХХ ғасырдағы зерттеулер.................................................................

3. Мелиорацияның экологиялық

және экономикалық проблемалары............................................................

4. Теңіздің экологиялық апаттары.......................................................

5. Аралды апаттан қорғау шаралары....................................................

Қорытынды....................................................................................................

Пайланған әдебиеттер...................................................................................

Кіріспе

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүние жүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Арал теңізінің экологиялық ландшафталық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың км, ең ұзын бөлігі 424 км, ал ең енді бөлігі 292 километр орташа тереңдігі 16,1 м. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 км ұзағанда барып, оның тереңдігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 процент. Теңіздің су балансының кірісінде өзен суларының үлесі 52 км, атмосфералық жауын-шашын 5,3 км, ал шығынның басым бөлігі булануға кетеді (57,7 км). Маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 см деп есептелген, ал оның көп жылдығы (ғасырлық) 3 метрдей. 1960 жылы Арал теңізінің абсолют биіктігі 53,4 м болса, ол 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеді. Өзен суының 90 процентін суландыруға пайдаланғанда, теңіз деңгейі 12 метрге төмендегені байқалды. Бұдан теңіздің деңгейі оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің келетін су мөлшеріне байланысты екені көрінеді. Елімізде шөлді аудандарды суландыру нәтижесінде күріш, мақта өсіру, олардың егіс көлемдерін ұлғайту шаралары Арал теңізінің негізгі су қоры боп саналатын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын пайдалануды қажет етті. Бұл екі өзен сол өлкедегі суармалы жерлердің 50 процентін сумен қамтамасыз етеді. Бүкіл еліміздегі мақтаның 90 проценті, күріштің үштен бірі осы алқапта өсіріледі. Сондықтан да соңғы 30 жыл ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауыл шаруашылық мақсатында жұмсалды. Суғару жүйесінің дұрыс пайдаланылмағандығынан судың құмға сіңіп, ысырап болуы да кездеседі. Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін аз тигізген жоқ. Осыған сәйкес Арал теңізі жайлы қазіргі уақытта газет-журнал беттерінде мәселелер көтеріліп, оны қалпына келтіру ісіне бүкіл ел болып үн қосудың үлкен бір сыры осында.

Арал теңізі қайталанбас географиялық обьект болып табылады және айналасындағы территорияны қоса алғанда бір тұтас күрделі экологиялық жүйені құрайды. Бұл жүйедегі өзгерістерді болжау географиялық комплексті зерттеулерді қажет етеді. Арал маңы мен құрғаған теңіз табанының табиғи комплекстерінің қалыптасуы мен дамуына қазіргі кезде экзогенді процестер күшті әсер етуде. Олардың ішінен эолдық тасымалдануы, диффляция, галогеохимиялық процестер ерекше атауға болады. Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі Арал маңынын экосистемаларындағы өнімділіктің төмендеуі, топырақ түзілуінің бәсеңдеуі сияқты құрылымдық өзгерістерге әкеп соқты. Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне және Шығыс Арал маңының шөлденуіне суармалы жерлердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар Амудария мен Сырдарияның жоғары және орта ағыстарында суды тиімсіз пайдалану да кері әсерін тигізді. Бұрын жиі болып тұратын су тасқындары қазір жоқ, ұсақ көлдер кеуіп қалды, өзен суының минералдануы (2,5 г/л) күшейді. Аралға құятын Жаңадария өзенінің құрғап қалған арнасының бойында - километрге созылған тақырлы жазықта көлемі мың га болатын қара сексеуілді орман болатын. Мұнда су Сырдария толысқан кезде келетін. Қазіргі кезде Жаңадарияның арнасында су келмегендіктен, бұл орман жойылып барады. Теңіз суының азаюына байланысты оның тұздылығы артуда. Теңіздің құрғаған табанынан ұшқан тұз теңізден километрге дейінгі аймаққа түгел таралып,теңіз тұзды боранның орталығына айналуда.Тұз ауыл шаруашылығына зиян келтірумен қатар, бұл өлкенің онсыз да кедей табиғи өсімдік жамылғысын құртуда. Осындай шешімі қиын күрделі экологиялық дағдарыстың мәнін түсіну үшін Арал теңізі табиғатының бұрыңғы жайына, оны зерттеудің тарихына көз салу да артық емес.

Арал теңізінің тарихы.

Ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Ежелгі гректер мен римдіктер Арал теңізі жайлы білген, оны Каспийдің “Скифтік шығанағы” деп атаған. С.П. Толстов: “Каспий теңізінің скифтік шығанағы антик авторларының түсінігінше, қазіргі Арал теңізі орналасқан террриторияны қамтып, шығысқа қарай созылып жатады. Антик дәуіріндегі әдебиеттерде “Окс көлі”, “Окс батпағы” деген түсініктер кездеседі. Бұлар да Арал теңізі болуы мүмкін”,– дейді.

Ал Плиний: “Окс пен Яксарат Согди жерінен скиф шөлін баса ағып барып, скиф шығанағына құяды”,–деп жазған. Ерте дүниенің үлкен ғалымы Клавдий Птолемей де Арал теңізі жайлы деректер қалдырған. Ол Сагди тауларынан ағып Каспий теңізіне құятын (Птолемей солай түсінген) Окс пен Яксарат өзендерінің аралығында жатқан Оксиан көлін атайды. Көл оның картасында да көрсетілген.

Византия елшісі Земарх Килиский түрік қағанына барған сапарында “Көлдің құмды жағалауларымен 12 күн бойы өткенін” жазған. Совет академигі В.Бартольд бұл көл Арал теңізі болар деп жорамалдайды. Арал теңізі туралы IХ және Х ғасырлардағы араб ғалымдары– Ибн-Хордадбек, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри, Ибн-Хаукльдің келтірген мәліметтер аса құнды. Бұл еңбектерде сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұматтар алуға болады. Ибн-Хордадбек “Китаби-ал-масалик-вал-мамлик” (Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы”) атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Курдер көлі деп аталады. Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтер бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (6 км), теңіздің батыс жағалауындағы жоталары сиякух (қара таулар) деп аталады. Өйткені оның батыс жағалауы биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді. Ибн-Хаукальдің Жанкент қаласы Хорезм көліне құятын өзеннен бір фарсахтай қашықтықта орналасқан деген дерегі өте маңызды. Осыдан Л.С. Берг мынадай қорытынды жасайды: “Бұл мәліметтер Х ғасырда Арал теңізінің көлемі мен жағалау пішіні қазіргідей болғанын дәлелдейді, өйткені Жанакент қаласының үйінділері қазіргі кезде теңіз жағалауынан 50 шықырымдай қашықтықта жатыр”. Л.С.Берг айтуынша, ХIII ғасырда өмір сүрген араб авторы Бекран Х-ХII ғасырларда Сырдария мен Амударияның сағалары қазіргі ұқсас болғанын, ал теңіздің жағалау пішінінің қазіргі бедермен сәйкес келетінін жазған.

Тарихи деректерге сүйенсек,Арал теңізінің деңгейі өткен мың жылдықта әлдеқайда жоғары болатын.Бұл жөнінде мәліметтер В.В.Бартольд пен Л.С.Берг еңбектерінде көп келтірілген. Оларда авторлардың Аралды ірі су айдыны ретінде сипаттағаны айтылды. Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған “Худут ал “Алам”(“Шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары”) атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауының құмды екені жазылған. ХI ғасырда өмір сүрген Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі. Әл-Бируни сол заманғы араб географтарының жинаған мәліметтерін қорытындылай отырып, Арал теңізі мен оның маңындағы территорияның неғұрлым толық сипаттамасын берген. Оның жасаған картасында Арал теңізі Хорезм деген атпен көрсетіледі. ХIV ғасырдан бастап Батыс Европада жаңа географиялық карталар пайда болады. Соның бірі – белгісіз автордың “Каталониялық картасы” (1375). Мұнда Каспий және Арал теңіздері көрсетілген. Орта ғасырларда Амудария бағытын біресе Сарықамысқа, біресе Арал теңізіне бұрып отырған. Мұның себебі әлі де ашылмай отыр.

Арал теңізі жайлы деректі мәліметтердің жиналуы негізінен, орыс ғылымының тарихымен тікелей байланысты. Теңіз бен оның төңірегінде алғаш рет “Үлкен сызу кітабы” мен Москва мемлекетінің картасынан (1627) толық орын алды. Онда Арал “Көктеңіз” деген атпен берілген. Хвалин теңізінен Көктеңізге дейін күн шығысқа қарай 250 шықырым. Көктеңіздің ені 60 шақырым.., суы ащы делінген онда.

1696 жылы Россия үкіметі қазақ жерінің географиялық картасын жасау міндетін қойды. Бұл жұмыс Тобылдық қызметкер С.У.Ремезовқа тапсырылды. Ремезов екі түрлі карта жасаған. “Бүкіл Сібір қалалары мен жерінің сызуы”, “Барлық сусыз және өткелі аз тастақ даланың сызуы”. Арал теңізі мұның екеуінен де орын алған.

ХVIII ғасырдан бастап Қазақстан жеріне арнаулы орыс экспедициялары келе бастайды. Осы кезден бастап Арал жайлы деректерде нақтылық пайда болады. Солардың бірі – 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге жіберілген арнаулы экспедиция. Экспедицияға қатысқандардың бірі – И. Муравин Арал маңындағы рельеф формаларына сипаттама берген. Иван Муравин тұңғыш рет Арал теңізінің Шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы сьемка жасау нәтижесінде картаға түсірген.

Осы кезеңде өмір сүрген ғалым П.И.Рычков (1712-1777) Арал – Каспий ауданының гидрогеографиялық жағдайына толық сипаттама берген және осы теңізде тіршілік ететін балықтар түрін анықтаған. Бұл салада оның 1762 жылы жарық көрген “Орынбор топографиясы” атты кітабының маңызы зор. Ғалым сол кездегі мәліметтерді жинақтауда көп жұмыс атқарған.

Аралдың ғылыми зерттеу тарихы XIX ғасырдан басталды. Бұл кезеңде Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияның территориялары Россия қарамағына қосыла бастаған еді. Осыған байланысты Арал теңізі мен Арал маңын зерттеу жұмыстарына ерекше мән берілді. Бұл кезеңде натуралист Э.А. Эверсман бірсыпыра маңызды мәліметтерді берді. Ол 1825-1826 жылдары Ф.Бергтің экспедициясына қатынасты. Э.А. Эверсман Арал-Каспий ойпатының геологиясы мен ботаникалық-зоологиялық ерекшеліктерін көрсетті. Ол жағалаулардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасады. Теңіздің жағалаулары туралы,Сырдарияның төменгі ағысындағы өзендер мен көлдер жайындағы мәліметтерді салыстыра келіп, ғалым Арал теңізінің тартылып бара жатқаны туралы болжам айтты. Кейіннен бұл теорияны Л.С.Берг жоққа шығарды. 1874 жылы А.А.Тилло бастаған Орынбор отряды Арал мен Каспий теңіздерінің аралығын нивелирледі. Нәтижесінде Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізінен 73 м жоғары екені туралы дәл мәлімет берілді. 1874 жылғы Амудария экспедиция қатысушылар Арал бассейінің физикалық географиялық, геоботаникалық байқаулар жүргізді. Аралдың шығыс жағалауының пішіні теңіз деңгейіннің төмен түсуіне байланысты өзгеріп бара жатқаны туралы фактілер келтірілді. Каспий және Арал теңіздерінің фауналарын салыстырып, зерттеу нәтижесінде Арал бір кездерде Каспийден бөлінгені анықталды. Сонымен бұл кезеңде Арал теңізі мен оған ұласатын аудандар интенсивті түрді зерттелді. Геодезиялық сьемканың нәтижесінде жаңа географиялық карталар жасалды. Теңіз бен Сырдария өзеннің гидрогеологиясы біршама жақсы зерттелді. Арал бассейні территориясын физикалық–географиялық және геоботаникалық ауданға бөлудің алғашқы схемалары жасалды. [1]

Date: 2015-11-13; view: 1126; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию