Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мелирацияның экологиялық және экономикалық проблемалары





Табиғи экономикалық жағдайы алуан түрде қалыптасқан кең байтақ елімізде, соның ішінде республикамызда да ауыл шаруашылығын интенсивті түрде дамыту үшін ғылыми-техникалық жаңалықтар негізінде жерді мелиорациялау (суармалы егістік) кезек күттірмейтін келелі мәселе болып табылады. Азық-түлік программасы бойынша елімізге қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оны өңдеу мәселесін жеделдетуге шешу керек болса, оның басым көпшілігін суармалы жерлерді игеруге негізделуге тиіс. Мелиорацияны ғылыми-практикалық тұрғыдан түсіндірер болсақ, ол топырақ құнарлығығын жақсарту және соның нәтижесінде дәнді дақылдар өнімін арттыру мақсатымен жүргізілетін кең ауқымды шаралар комплексті болып табылады. Жерді эрозия мен сортаңданудан сақтау, егіс далаларын қоршай отырғызылатын орман белдеуі, мәдени-техникалық шаралар және де басқа топырақ өңдеудің прогрессивті әдістері, міне, осының бәрі – мелиорацияға тікелей қатысты жайттар. Бұлардың ішінде жерді суландыру мен құрғату жұмыстары басты орын алады. [5] Бұл түсінікті де, себебі су мелиорациясы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің небәрі 5-ақ процентін қамтиды, яғни ол еліміздегі жыртылған жер көлемінің оннан бір бөлігіне жуық деген сөз. Біріншіден су қорын пайдалану жаппай тәртіпке келтіруі керек. Мұның өзі суға деген аса зәрулікті дәл қазіргідей туғызбас еді, бірақ мәселе тек осымен ғана бітпейді. Су ресурстарын ғылыми негізде басқару ісінде ең озық әдістерді меңгерген абзал, сонымен бірге, табиғи суды сақтау жағын да ескере отырып, өндірісі жоғары, техникалық және технологиялық мәдениетіне қол жеткізу қажет. Халық шаруашылығының мүдделерін ескерумен бірге, болашақ ұрпақ үшін де төл табиғатты аман сақтап қалу тәрізді осынау аса ірі проблеманың ұтымды шешімін табу оңайға түспесе керек. Біздіңше бұл жер асты және жер бетіндегі су көздерінің қорын интенсивті пайдалануға тікелей байланысты. Республиканың бос жатқан жерлерінде ірі комплексті мелиорациялық шаралары жүзеге асыру, мұнда өндірістік технологияға негізделген арнаулы совхоздар құру шаруашылықтың интенсивті дамуына жол ашады. [6] Бұл өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырумен және жаңа технологияны енгізумен ғана шектелмейді, сонымен қатар республика ауыл шаруашылығының өндірістік күштерін сапалық жағынан қайта құрудың негізі болып табылатын мелиорацияланған жерлерді игеру үшін аса көп күрделі қаржы бөлуді де талап етеді. Болашақта жер бетіндегі ірі-ірі су бассейіндерінің су қорын тиімді пайдалану үлкен ізденісті, ғылыми тұрғыдан дәлелдемелі шешулер табуды қалайды. Табиғатта қорғау тұрғысынан сөз еткенде, алдымен ол туралы анық бағдар ұстану керек. Табиғат біздің елімізде ғана емес, дүние жүзінде түгелдей қауіпті жағдайға көшіп барады. Жер суландыру жүйесін кең пайдаланғанда туатын және туып отырған түрлі экологиялық және экономикалық қолайсыз көріністер осы тұрғыдан дәлелдеуді қажет етеді. Қоғам дамуы барысында экологиялық қалыпты жағдайдың сақталмауын мемлкеттік немесе халық шаруашылығын қажеті тұрғысынан дәлелдеу экономикада уақытша табысқа қол жеткізгенімен табиғатты тоздыруға әкеп соқтырады. Осындай үйлесімсіздіктер экономикалық тоқырауды туғазады. Соңғы 15-20 жылдарда табиғатты қорғауға деген қамқорлық тек сөз жүзінде болып, ал іс жүзінде әкікмшілік-бюрократтық жұмыс стилі уақыт озған сайын табиғатты қорғау жұмысын ең төменгі дәрежеге жеткізді. Сөйтіп мемлекет пен халықтың мүддесі жекелегн ведомство мүдделеріне бағындырылды, экономикалық даму процесі баяулай түсті,табиғи мүмкіндіктер біржола жойыла бастады. [7] Егістік үшін қар тоқтатамыз деп жүріп, жыл сайын қар суынан пайда болатын мөп-мөлдір көлшіктерімізден айырылдық. Бұл, әрине, кездейсоқ құбылыстар емес,адам әрекетінің нәтижесі. Осындай қынжыларлық көрініс тек осы өңірде ғана болса бір сәрі ғой... Бір ғажабы, Солтүстік Қазақстан облысының табиғатына тән көрініс республикамыздың басқа облыстарында да орын алған. Көптеген үлкенді-кішілі өзендер, батпақты жерлер жойылған, қамыс-қопалар дегеніңіз атымен жоқ, қарағай мен тобылғыдан мүлде қол көтерген, жұтаң тартқан құла түз көз алдыңа келеді. Мұның себебі колхоздар мен совховдар қалайда жемшөп қорын жасау желеуімен ұланғайыр жайылымдықтарды түгел қалдырмай ұрық шашпаған кезде тықырлап шауып алады. Бұдан кейін шөптің өздігінен өсуі тоқталады, топырақ эрозияға ұшырайды. Бізде аса күрделі мәселелерді шешуде оның ақыры неге әкеліп соқтыратынына байыппен қарамаушылықтың мысалы жеткілікті. Табиғат тұнығына ойсыз қол сұғудың нәтижесінде 2010-жылдары Арал теңізі жер бетінен жоғалады дегенді берік сеніммен айтушылар баршылық, түбінде осындай апатқа Балқаш көлі де ұшырауы мүмкін. Көлдің жағалауымен бірге бұл өңірдегі ғажайып табиғи байлық – өсімдіктер мен жануарлар әлемі де келмеске кетеді, республикамыздағы су және ауа режимі өзгеріске ұшырап, мұның әсері адамдардың тұрмыс-тіршілігіне, денсаулығына залалын тигізетін болады. Табиғаттың бермесін тартып аламыз, оны дегенімізге күштеп көндіреміз деген кешегі даңғаза ұран сол табиғаттың ажырамас бөлшегі жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін жекеленген түрлерінің, олардың өмір сүретін ортасының және табиғаттың небір әсем туындыларының көз алдымызда жойылуына әкеп соқтырды.

1960 жылдарға дейін Арал теңізіне Амудария мен Сырдариядан жыл сайын 60 текше километр су құйылып отырған болса, қазіргі кезде бар болғаны төрт текше километр ғана су келетін болыпты. Ал Арал теңізі бүтіндей құрып кетпеуі үшін оған жылына, кем дегенде 25 текше километр су құйылуы керек екен... Сырдария мен Амудария суларын мақталыққа, күріштікке және басқа шаруашылық қажеттеріне жұмсау мемлекеттік жоспарларға байланысты туғанын білеміз. Мақтаның,күріштің елімізге көп керек екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Бірақ бұл тұста да ғылымның анық шарттары өрескел бұзылғаны қазір екінің біріне аян. Г.В.Воропаев Орта Азияда бір ғана дақыл-мақтаға көңіл бөлушілік шаруашылықтың өзге салаларын ұмыттырып жібергенін, мұның өзі жердің құнарлығын төмендеткенін, тыңайтқыштардың орасан мол жұмсалғанын, мақталықта зиянды аурулардың ерекше көбейіп кеткенін осындай біржақты көзқарастың тікелей салдары деп қарайды. Оның айтуынша, Орта Азия көлемінде мақта дақылына барлық егістік жердің 40-60 проценті ғана жұмсалып, қалған жерлерге өзге дақылдар егілуге тиіс екен. Ал іс жүзінде соңғы жиырма-отыз жыл ішінде күллі өлкеде жыртуға жарайтын жердің бәрін дерлік мақталыққа айналдыру бағыты орын алғаны белгілі.

Сырдария суалып, Аралдың ақтақырға айналуы қазіргі қауым, алдағы ұрпақ тағдыры үшін орны толмас, ешқашан айыбы кешірілмес қылмыс. Теңізді қалайда сақтап қалу қажеттігі туралы жұртшылық талабы бұлтартпас шындық. Амудария мен Сырдария суларының егістіктерге жұмсалуымен қатар ысырабы да орасан екенін мамандар дәлелдеп отыр. Ол қалай, қайтіп жүзеге асырылады, оның жөнін, арнаулы коммисия, жетік есепші мамандар шығара жатар. Ең бастысы:экономикалық, экологиялық зардаптардан да жауаптырақ нәрсені естен шығаруға болмайды. Ол–Сырдария бойын, Арал теңізінің айналасын жайлаған бұл жерді атамзаманнан бері мекен еткен елдердің тағдыры. Менің ойымша ең жауапты мәселе осы. Сырдың бойы, Аралдың айналасы кейбір жандардың үстірт ойлайтынындай, жалпақ құм – нәрсіз жазық қана емес. Бұл өлке бүгінгі гүлденген еліміздің экономикалық қуатын арттыруға өлшеусіз үлес қосып отырған – қасиетті мекен. Адам баласы егін еккенде, мал өсіргенде бүгінім бақытты, болашағым сенімді болсын, үрім-бұтағым жалғассын деп үміт артады. Арал бәрімізге ортақ теңіз. Түстігі мен терістігі бірдей жайлап, айдын шалқарында ерікн жүзген бізді Аралдың бүгінгі таңдағы апатты жағдайы қатты алаңдатуда. Қазақ, өзбек, қарақалпақ елдері өкілдерінің дауыстары бұл орайда қатты да шығып отыр. Бұл ретте Аралдың жалғыз еместігін ерекше атап өткім келеді. Еліміздің көрнекті ғалымдары мен қаламгерлері де оған қызу үн қосып, Аралды құтқару бүкіл халықтық іс деп атап көрсетуде. Ананың мейірімі мен сенімін дұрыс, үнемі пайдалана алмай келгенімізді жасыра алмаймыз. Мейірімге мейіріммен жауап бергенде ғана тірі игілікті өз қалпында сақтап қалуға болатынын бір сәтте ойланып көрмеген екенбіз. Міне, оның ауыр зардабын шегудеміз. Біріншісі – ішкі резервтеріміз, екінші – сырттан әкелінуі мүмкін су мөлшері. Ішкі резервтер дегенде, сөз Амудария мен Сырдария суларының жалпы пайдалы коэфицентін анықтау, сондай-ақ ысырапқа ұшырап жатқан суларды тежеу туралы болмақ. Анық бақылау орнатқан жағдайда 6 текше километр суды Аралға қарай ағытуға мүмкіндік туады екен.

Date: 2015-11-13; view: 590; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию