Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары





1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

16,Су

Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, балдырлардың денесінің 96-98%-ын, шөптесін өсімдіктердің жапырағының 83-86%-ын, мүктер мен қыналардың-5-7%-ын, былқылдақденелілердің 82-90%-ын, бунақденелілердің 46-92%-ын, қосмекенділердің-93%-ын, сүтқоректілердің 68-83%-ын су құрайды.

Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.

16,Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төменлегідей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydor, hydatos - су) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т.б)

2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor - су) - құрлық су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ)

3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor - ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда-батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos-орташа, аралық)-қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros-құрғақ)-құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus-шырынды)-ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинау қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава).

ә) склерофиттер (латын тілінен аударғанда skleros-құрғақ, қатты)-құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысы төмендегідей топтарға бөледі:

1. Гидорофилдер-ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың, былқылдақденелілердің мен амфибиялар).

2. Мезофилдер-орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

3. Ксерофилдер-жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболиттік суды пайдалануға бейімделген. Метоболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

Date: 2015-11-13; view: 2181; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию