Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологияның ғылым ретінде дамуының кезеңдері





Экологияның ғылым ретінде дамуының кезеңдерін негізінен 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18ғасырдың аяқшегін қамтиды. Мәселен, К.Линней (1707-1788), Ж.Ламарк(1744-1825), А.Декандоль, П.С.Паллас, Л.Гумбольд, К.Ф.Рулье, Л.Северцов, Н.А.Бекетов, Ч.Дарвин, К.Мегшус, Е.Варминг, Н.В.Докучаев, Шоқан Уалиханов т.б табиғат зерттеушісі, биологтар, систсматиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ламарктың «жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы», Декандольдың «ботаникалық география», Рульенің «жануарлар экологиясы» Бекетовтың «өсімдіктер географиясы» Дарвиннің «ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі» тб еңбектер экология ғылымының негізін қалады. Ал, неміс зерттеушісі-дарвинист Э.Геккель 1886жылы «экология» терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, тб шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты. 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Северцов, Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Қашқаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов тб жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский. Гордягин. Панфилев, П.Н.Крылов тб өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті. Экология ғылымы жетіле бастады. Оны ббіз су организмінің экологиясы. (Зенкеевич, Винберг, Никольский), топырақтағы организмдер экологиясы(М.С.Гиляров) паразитологиялық экология негізінсалушылар (В.В.Догель, Е.Н.Павловский), сүтқоректі, құс, бауырмен жорғалаушылар экологиясы(Н.НИ.Калабуков, Наумов, А.Н.Формозов, С.С.Шварц), өсімдіктер экологиясы(В.Н.Сукачев, Б.А.Келлер, П.Д.Ярошенко) еңбектерінен танимыз. Осы тұста жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А.П.Шенниковтың «Өсімдіктер экологиясы»(1950), Н.П.Наумовтың «Жануарлар экологиясы»(1963), Иогансеннің «Экология негіздері»(1959) тб еңбектер қазіргі кезге дейін маңыздылығын жойған жоқ. Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми- зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А.Пирсаның «Жануарлар экологиясы» (1926), Ч.Элтонның «Жануарлар экологиясы»(1934), Шелфорд пен Клементтің «Биология»(1939), Ю.Одумның «Экология жне экология негіздері»(1975,1986). Р.Рефлекстің «Жалпы экологи негіздері»(1979), Ф.Рамаданның «Қолданбалы экологи негіздері»(1981). Н.Чернова мен А.Былованың «Экология»(1988), В.А.Радкевичтің «Экология» (1977), Н.Ф.Реймерстің «Экология»(1944) тб еңбектер соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.

3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология-бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және практикалық зерттеулер жүргізілуде.

Date: 2015-11-13; view: 1769; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию