Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аккумулятивті пішіндер
Шөлдер. Эол шөгінділері әсіресе шөлдерде көп және қалың. Шөлдер жер бетінде 10°—45° ендіктер арасында орналасқан солтүстік және оңтүстік екі белдеу құрайды. Жалпы ауданы 15—20 млн. км2. Шөлде атмосферадан түсетін ылғал мелшері тым аз — жылына 200 мм-ден кем. Ыссы және құрғақ ауаға байланысты ондағы булану мөлшері түсетін ылғалдан 10—15 рет артық. Содан келіп грунт сулары қашанда болсын тік кетеріліп, буланып тұрады. Жол-жөнекей ылғал жыныс арасынан темір-марганец тотықтарын ерітіп әкеледі де ылғал буланған шақта әлгі тотықтар тас, жар, құз бетінде қоңыр, қара өңді жарқыраған жұқа қабықша түзеді. Оны шөлдің қ а қ т а л у қ а б ы ғ ы (корка пустынного загара) деп атайды. Тотықтар неше түрлі нәзік, әдемі, шөп бұтақтарының, жапырақтарының кейпіне ұқсайды. Оларды темір-марганец сулы тотықтарының дендриттері (грекше «дендрон» — ағаш) дейді. Желдің геологиялық әрекетіне байланысты шөлдер дефляциялық және аккумуляциялық типтерге бөлінеді. Дефляциялық шөлдерді Орта Азия мен Қазақстанда қырат, Африкада г а м м а д а деп атайды. Олар сүйір, неше түрлі пішінді жар, қойтастардан тұрады. Олардың түбінде қара түсті қақталу қабығымен жабылған ірі-ұсақ кесек тастардың үйіндісі жиналады. Бетпақдала осындай шөлге жатады. Құм үйілген аккумулятивтік шөлді Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары ш а ғ ы л, қ ұ м (Қарақұм, Мойынқұм, Қызылқұм т. б.) дейді де олардың саз-балшықты ойыс бөлімдерін т а қ ы р, лесс жыныстыларын а д ы р, ұлпа тұз араласын с о р деп бөледі. Ең аумақты шөлдер — құмдар. Тек қана бұрынғы ҚСРО аумағында олардың ауданы 800 000 км2. Құмдар негізінен өзен аңғарының шөгіндісін жел айдап қууынан пайда болған. Мысалы, Қарақұм ерте замандағы Әмударияның, Мойынқұм Талас пен Шу өзендерінің шөгінділерінің електеніп ұшуынан жаралды. Құмдардын, қалыңдығы ондаған метрге жетеді. Құмдардың өзіне ғана лайықты жер бедерлері болады. Олар мыналар: Б а р х а н д а р д ы ң беті жарты ай пішінді, оның екі қияғы жел ескен бағытты көрсетеді. Жел жақ бетінің ылдиы 10—15°, қарсы жақ беті 30—35° еңкіш (5.2-сурет). Қырқасы сүйір, биіктігі 15 метрге дейін жетеді. Қейде, мысалы, Іле өзенінің жағалауындағы Қалқан төбе 70 метр 29 биік келеді. Екі қияғының арасында жел ұйытқығандықтан қораланған ойма шұңқыр пайда болады. Бархандар жалғыз немесе тізбектеліп орналасады. Қейінгілерінің жалдары жел бағытына көлденең тұрады. Тізбек қыратының ұзындығы 3—5 километрге созылады, дегенмен ұзындығы 20 км, көлденеңі 1 км. қырлар да байқалады. Биіктігі 100 метрге жететін жоталардың арасы 1,5—2 км. Т і з б е к ж а л д а р — ұзын, беттері жазық, желдің ең тұрақты бағытын бойлай жаралады. Ұзындығы бірнеше километр, биіктігі 15-тен 30 метрге дейін жетеді. Сахара құмында 260 м. биік қырқалар да көрінген. Қырқа араларының бір-бірінен қашықтығы 150—300 метрге шейін, ол арадағы ойдан құм үрленіп әседі де шұраттары мезгіл еткен сайын тереңдей түседі. Қ ұ м ү й і н д і л е р і бұта, дәңбек тас секілді тос- қауылдардың жел жағында пайда болады. Олар ретсіз орналасқан кішігірім, жел бағытымен аздап созылған дөңгелек шоқалақтар құрайды. Баурайлары симметриялық біркелкі, биіктігі құм жолындағы тосқауылдың бойына сәйкес 1—10 м шамалы. Құм үйінділері жалғыз шөлде ғана емес, ірі өзен сағаларында, теңіз-көл жағалауларында кездеседі. Жел қуған жағалау құмынан қырқа беті дөңгеленген д ө ңд е р (д ю н ы) түзіледі. Олардың баурайлары асимметриялық пішінді: жел жақ беті 5—12°, ық жағы 30— 35° еңкіш, биіктігі 5—30 м. Көбінесе дөңдер қатар тізбектеліп, тұрақты жел бағытына көлденең үймеленеді. Маңында бұта, шөптер жетік болатындықтан олар құмды бекітеді де дөңдер көбінесе айнымай, өз пішінін сақтап қалады. Сипатталған құм жалдар, шоқалақтар шөлді құрайтын өзгеше эолдық ландшафт түзеді. Э о л и і р і м д е р і құм арасында ең жиі және үнемі тараған микрорельеф формасы. Олай деп құм үгіндісінің ирелеңдеген ұсақ тізбектерін атайды. Олар бархан, дөңдердің жел жақ бетінде түзіледі. Солардың жел куып сусуынан келіп, қиғаш шалыс қат-қабаттар түзіледі. Жел құм түйіршіктерін үрлеп сусытып, ық жағына айдайды. Сейтіп, құм жел бойымен жыл сайын бірнеше сантиметрден ондаған метрге көшеді де жолында тұрған үйлерді, ағаш-бұталарды, қала берсе ірі мекенжайды көміп тастайды. Осылайша көне Мысырдың Луксор, Карнак қалалары түгелдей құм астында қалған. Т а қ ы р л а р құмды өлкені жағалайды және құм арасындағы ойпаң жерлерде жайылады. Олар — кебінесе суалған көлшіктердің, қақтардың, өзендердің түбі. Жазық бетіндегі саз-балшық құрғай келе көп бұрышты жарықтармен бәлшектенеді. Сонда беті қабыршақтанып, ұнтақталып шаңға айналады. Оны жел ұшырып кетеді де тақыр тереңдей түседі. А д ы р л а р тастақ шөлден жел айдағаи лесс шөгіндіден олардың шет жиектерінде түзіледі. Адырлар беті айқыш-ұйқыш, әр түрлі жыра, жылғалармен жырылып, жықпылданады. С о р л а р. Грунт суларының деңгейі жоғары болған шақта ол буланады да еріген тұздары топыраққа аралас үлпе борпылдақ ретінде шөгеді. Ақшыл сұр, бетінде түк өспеген көз шағылған сордың келбеті жолаушыға жабыр- қаңқы-ақ. Сорлар қазақ даласында, Орта Азия шөлдерінде жалпақ тараған. Сор бетінен де аспанға тұз ұшады. №23 Сабақ Date: 2015-11-13; view: 909; Нарушение авторских прав |