Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып: Метаморфизм ұғымы, оның түрлері
Тау жыныстары жер қойнауында эндогендік әрекеттерге байланысты әр түрлі термодинамикалық жағдайда өзгерістерге ұшырап қайта кристалданады, басқаша айтқанда алғашқы түр сипатын жоғалтады. Метаморфизм әрекеттерінің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар- 1. Жоғарғы температура (Т) 2. Жоғарғы қысым 3. Жаңа химиялық заттар флюттер Флюидтер деп, құрамы Na, K, Ca, Br, S лондарынан ж/ е көмір қышқылынан тұратын ыстық сулы ерітінді. Температураның жоғарылауы 2 жағдайға байланысты: 1. Тау жыныстарының терең қабаттарға қарай шөгіп, орындарынан ауысып орналасуы градиент (33 м сайын 1 С- қа б/ ша жоғарылайды) 2. Жоғары қабаттарға көтерілген ыстық магманың қызу әсеріне байланысты. Қысым күштері- петростатикалық (жан- жақты) бүйірлік (белгілі бір бағытта) н/ е стрестік қысым болып ажыратылады. Бүйірлік қысым (стресс)- белгілі бір бағытта байқалатын дисколациялық қозғалыстардың қарқынды түрде дамуы нәтижесінде пайда болады. Химиялық активті заттар құрамы күрделі ыстық су ерітінділері түрінде жаңа минералдардкристалдар арасындағы реакциялардың түзілуінде катализатордың рөлін атқарып, кристалдардың арасындағы реакцияларды тездетеді, кейде ескі минералдарды жаңа минералдармен алмастырады. Метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған тау жыныстарының өзгерістері әртүрлі болып кездеседі: Тау жыныстарының алғашқы құрамы бұрынғыша сақталып, тек құрылымдық текстуралық өзгерістерге ғана ұшырайды. Мұндай метаморфизм- изохимиялық деп аталады, ал егер олар химиялық алмасу реакцияларымен сипатталатын болса, метаморфизм деп аталады. Метаморфизм түрлері Метам. Түр. Локалдық (жергілікті) ж/ е регионалдық (аймақтық) болып 2- ге бөлінеді. Локалдық түрі контактілік (шекаралас н/е жапсарлық) ж/ е дислокациялық метатүрлерге бөлінеді. Контактілік метаморфизм- ыстық магманың суына келе шөгінді жыныстар арасында интрузиялық денелер түрінде қалыптасу барысында, шекаралық түрінде н/ е жапсарлас әртүрлі өзгерістер (ореолдар) түрінде байқалады. Контактілік метаморфизмнің дамуына әсерін тигізуші негізгі факторлар магмалық дененің ыстық температурасы ж /е магманың дифференциялық жіктелуі кезінде бөлініп шығатын ұшпалы компоненттер мен ыстық су ерітінділері. Термоконтактілік метаморфизм - ыстық магманың өз жолында кездескен ж/ е оны айнала қоршаған тау жыныстарына тигізетін температуралық әсерімен сипатталады. Термоконтактілік метаморфизмнің ерекше түрі – пирометаморфизм деп аталады. Контактілік – метасоматикалық метаморфизм кезінде суына бастаған магмалық дененің қоршаған ортаға тигізетін температуралық әсеріне минералданған ыстық су ерітінділері мен газдардың әсері қосылады. Автометаморфизм ә рекеттері магмалық тау жыныстарының қалыптасу барысында, алғашқы магманың өз құрамынан бөлініп шығатын химиялық активті заттардың магмалық жыныстарға тигізетін метасоматикалық әсерімен сипатталады. Динамометаморфизм - жер қыртысының жоғарғы қабаттарында, тектоникалық қозғалыстарға байланысты дислокациялық зоналарда жиі байқалады. Олар катаклазиттер деп аталады. Регионалдық метаморфизм - белгілі бір аймақты түгелдей қамтып, кең алқапты алып жатады. Соған сәйкес аймақтық метаморфизм үш зонаға бөлінеді. Эпизона (жоғарғы) температураның және петростатикалық қысым күшінің төмендігінен, ал белгілі бір бағытта байланысты қысымның жоғарылығымен сипатталады. Мезозона (ортаңғы) тереңірек қабатта орналасқандақтан температура мөлшері мен қысым күштерінің жоғарылығымен сипатталады. Катазона (төменгі) температуралық ж/е пертостатикалық қысым күшінің өте жоғарылығымен ажыратылады. Тау жыныстарының жартылай балқуы анатексис, ал түгелдей н/ е толығымен балқу палингенез деп аталады. Метаморфтық фация құрамы әртүрлі, бірақ термодинамикалық ұқсас дағдайда түзілген тау жыныстарының белгілі бір тобын айтады. Метаморфизм (грекше «метаморфоз» - өзгеріске ұшырау) геологиялық термин ретінде ағылшын ғалымы Ч. Аайелдің ұсынысы б / ша қолданылып келді.
№16 Сабақ Date: 2015-11-13; view: 896; Нарушение авторских прав |