Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi





1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.

3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.

Бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасындакөрсетілген нормативтiк құқықтық актiлері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Әділет органдарына ұсынылған актiлердiң мемлекеттік тіркелуі құқық нормасының болуы, актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі нысанасына заң сараптамасын жүргізу және мемлекеттік тіркеу нөмірі беріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оларды шығарған орган, егер әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалмаса, олардың күшін жоюға тиіс.
2. Егер нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнің шегiнен тыс болса;
5) мүдделі органдармен келiсiлмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;
7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібі бұзыла отырып қабылданса, әділет органдары мұндай актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Date: 2015-10-19; view: 636; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию