Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн белгiлеу





1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:

1) кодекстер үшін - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;

2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;

2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен;

5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;

6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен;

7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;

8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлаужәне референдум туралы заң актiлерiмен;
8-1) (алып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен);

9) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады.

3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.







Date: 2015-10-19; view: 414; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию