Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері





1. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
2. Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
Қолданушылар назарына!
2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
Қолданушылар назарына!
3) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
3. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті ғылыми экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
4. Сараптама:
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясындабекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
5. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негізгі міндеттері:
1) құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлігінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың салдарларын бағалау;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады.
6. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.10.14 N 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.10.20 жарияланды) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.







Date: 2015-10-19; view: 468; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию