Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, сондай-ақ, қазақ тілінде – «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және орыс тілінде – «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдар болып табылады. 2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында және осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасындакөрсетілген мемлекеттік қорғандардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инитернет-ресурста жүзеге асырылады. 3. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. 4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкес келуіне сараптамадан өткізілген жағдайда жүзеге асырады. Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттігі туралы шешімді дербес қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды. 5. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс. 6. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі. Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Date: 2015-10-19; view: 485; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|