Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда – оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсуге жiберiледi. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі. 2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобаларын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалған заңнамалық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі. 4. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, – оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс. 5. Алынған ескертпелер бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын, қажет болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер туралы, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға нормативтiк құқықтық актінің жобасымен бiрге берiледi. 6. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган нормативтік құқықтық актінің жобасына жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiсті өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмыс тобына пысықтауға қайтаруы мүмкiн. Date: 2015-10-19; view: 400; Нарушение авторских прав |